Су — тіршілік тамыры
Презентация қосу
Су — тіршілік тамыры
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Орындаған:Сатанов Н.
Тексерген:Мамбетова А.
• Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі
процестер мен құбылыстардың адам
тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде
судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды
қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын
су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар,
теңіз, өзен, көл, жер асты сулары,
мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су
адамдар мен жануарлардың организміне еніп,
онда болатын зат және энергия айналымына
тікелей қатысады. Көптеген процестер тек
сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда
пайда болған және осы ортада дами алады,
ал белок тірі клетканың негізі болып
табылады. Жер бетіндегі биологиялық
өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан
көбін мұхиттар мен теңіздер береді.
• Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда
тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы.
Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады,
тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан
тұрады.
• Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды.
Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан
басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық
қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және
жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының
шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде
мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы
қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы
ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің
барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық
жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты
өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген
минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне
себепкер бола алады. Табиғи суқұрамында сан алуан
тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды
заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
• Су организмнің маңызды құрамдас бөлігі.
Тірі организмдерде барлық химиялық
реакциялар су арқылы ғана өтеді.Тұз
алмасу су алмасумен тығыз байланысты.
• Су зат алмасу реакцияларының белсенді
қатысушысы. Ересек
адамда су мөлшері
оның дене салмағының 2/3(58-67%)
құрайды. Адам организмнінің
кейбір ұлпалары (бауыр, ми, тері) өз
салмағының 70% су құрайды, басқалары
(бұлшық ет, жүрек) — одан артығырақ —
76 – 80% құрайды. Қан 83% су ұстайды,
басқа биологиялық сұйықтар (зәр, сілекей,
тер) -95-99% жақын, лимфа — 90%, асқазан
шырыны – 99,5 % судан тұрады.
Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
Массалық құрамы: Н —11,19 %, О — 88,81 %.
Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш
түрде — бу, су және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.
Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны)
мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы
болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын
тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге, шанының сыйымдылығы
ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан жасалады. Шан ішіндегі судың
қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен жеңіл
материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады.
Су
Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек
атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім.
Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу
әдісі бойынша таныссыңдар:
2H2O→2H2↑+O2↑
Күрделі заттың құрамдас бөліктеріне айырылуы — анализ деп аталады.
Жай заттармен әрекеттесуі:
I. Судың металдармен әрекеттесу реакцияларын сутегін ал әдістерінде қарастырған
болатынбыз:
2Na + 2НОН = 2NaOH + Н2↑
Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑
Белсенділігі тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді түзіледі:
Mg + НОН = MgO + H2
Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді.
II. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе алады.
Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі — ол «су газы» деп аталады:
С + НОН=СО↑+Н2↑
Көмірді жағарда оған су қосып шылайтынын білесіңдер, сонда түзілген екі газ да жанғыш
екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.
Сl2 + НОН = НСlO + HCl
Су — еріткіш
• Су — біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне
бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың
еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде
немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі
заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды
екен.
• Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс,
еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі
таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын
еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті
кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген
табиғи су ерітінді болып теңіз суында — 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ,
яғни атына сай.
• Ерігіштік — берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери
алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л).
• Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар
еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға
байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны
арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда
ерігіштігі де артады.
• Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт
суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л ,
Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті
(гомогенді) жүйені айтады.
• Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын
болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса — қаныққан деп аталады.
• Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты
ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу
арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды
айдау арқылы тазартады.
• Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды
сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен
тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан
тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің
барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда
жүргізіледі.
• Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да
тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық
шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту
үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.
• Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша
жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу
жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің
аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.
• Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай
тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын
судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті
бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден
бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың
өзі дистилятор деп аталды.
“Су-ырыстың көзі, еңбек-кірістің көзі”, “Егер
жерді әке десек, онда суды ана дейміз”, “Суы
тасыған жердің көгі тасыр”. (қазақ мақалдары)
“Су-сұйық қозғалғыш және бәрін еріткіш зат
есебінде барлық дүниенің бастамасы болады”.
(Грек ойшылы Фалес).
“Біз табиғатта өз құрамында су сақтамайтын,
ешбір қатты затты көргеніміз жоқ”.
(Академик В.И.Вернадский).
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz