Митралдық қақпақшаның пролапсы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: Митралдық қақпақшаның
пролапсы

Орындаған: Жасланов Дастан

Тексерген:__________
Жүрек қақпақшалары дегеніміз не?
Жүрек қанды барлық ағзада
айналып жүруін қамтамасыз
ететін өзіндік насосты
болып табылады. Бұл жүрек
камераларындағы қысымды
бірқалыпты ұстап тұру
нәтижесінде жүзеге асады.
Адам жүрегі 4 камерадан
тұрады: 2 қарынша және 2
жүрекше. Қақпақша – бұл
жүрек камерасындағы
қысымды реттеп отыратын
және қанның қозғалысын
керек бағытта ұстап тұратын
ерекше заслонкалар.
Жүректе 4 қақпақша бар:
Митральды қақпақша сол жүрекше мен
сол қарынша аралығында орналасады.
Бұл қақпақша екі жармадан тұрады:
алдыңғы және артқы. Митральды
қақпақшаның алдыңғы жармасының
пролапсы жиірек кездеседі. Әрбір
жармаға хорда деп аталатын жұқа
жіпшелер бекінеді. Бұлар өз кезегінде
үлкен емес бұлшықеттерге (емізікше,
папиллярлы бұлшықеттер) бекиді.
Қақпақшаның дұрыс қызмет атқаруы
үшін жарманың, хорданың және
емізікше бұлшықеттердің бірігіп жұмыс
істеуі қажет. Жүректің жиырылуы
кезінде ондағы қысым көтеріледі. Осы
қысымның әсерінен хордамен және
папиллярлы бұлшықеттермен
ұсталынып тұратын жармалар ашылады.
Трикуспидальды (үшжармалы) қақпақша 3 жармадан
тұрады және оң жүрекше мен оң қарынша аралағында
орналасқан.
Аортальды қақпақша сол қарынша мен аортаның
аралығында және қанның керісінше қарыншаға қайта
оралуына мүмкіндік бермейді.
Өкпелік артерияның қақпақшасы өкпе артериясы мен
оң қарынша аралығында орналасады және қанның оң
қарынша қайта оралуына мүмкіндік бермейді.
Сол қарыншада 2 тесік бар: біреуі сол
жүрекше (мұнда митральды қақпақша
орналасқан), екіншісі аортамен байланысады
(аортальды қақпақша орналасқан). Қан
жүректе келесі бағытта қозғалады:
жүрекшеден ашық митральды қақпақша
арқылы қарыншаға және одан кейін
қарыншадан ашық аортальды қақпақша
арқылы аортаға өтеді. Жиырылу кезінде қан
сол қарынша дан қайтадан жүрекшеге өтпес
үшін, әрі қарай аортаға кету үшін митральды
қақпақша берік етіліп жабылады.
Қарыншаның босаңсуы кезінде аортальды
қақпақша жабылып, қан қайтадан жүрекке өте
алмайды.
Осындай принциппен трикуспидальды
(үшжармалы т) қақпақшы және өкпе
артериясы жұмыс істейді. Сонымен, жүрек
қақпақшаларының қалыпты жұмыс істеуінің
арқасында қанның жүрек бөліктерінде
қозғалысы және бүкіл организмдегі
қанайналым жүзеге асып отырады.
Пролапс кезінде жүрек қақпақшалары қалай жұмыс істейді?
Пролапс – бұл қақпақшалардың жабылуы кезінде
жармалардың ісінуі болып табылады. Бұл кезде жармалар
тығыз жабылмай қалады да , осының нәтижесінде аз
мөлшердегі қанның қайтадан қарыншадан жүрекшеге өтуі
немесе ірі тамырлардан қарыншаға өтуі болады.
Осылай митральды қақпақша пролапсында сол
қарыншаның жиырылуы кезінде қан аортаға ғана емес,
сондай ақ сол жүрекшеге де өтеді. Бұл қаннық қайтадан
артқа өтуін регургитация деп атайды. Қанның қандай
көлемі оралуына байланысты регургитацияның бірнеше
деңгейін ажыратады. Әдетте, митральды қақпақшаның
пролапсы аз мөлшердегі регургитацияға әкеледі. Ол жүрек
жұмысын айтарлықтай бұзылыстарға соқтырмайды.
Митральды қақпақшаның пролапсы неліктен пайда болады?
Митральды қақпақшаның пайда болуының 2 негізгі симптомы бар: туа
пайда болған және қауіпті емес пролапс және басқа аурулар фонында
және кеуде клеткасының травмасы нәтижесінде пайда болған пролапс .
Туа пайда болған және қауіпті емес пролапс
Көпшілік жағдайда митральды қақпақша пролапс дамуы құрылымының
туа пайда болған бұзылысы және жүрек қақпақшалары құралатын
дәнекер тіннің әлсізденуі.
Бұл бұзылыс тұқым қуалайды және бала туылу кезінде болады. Дәнекер
тіннің әлсіздігінен қақпақша жармалары оңай созылады, ал оларды
ұстап тұратын хордалары созылады. Осы себеппен қақпақшалардың
жабылуы кезінде қан қысымының әсерінен жармалар толық
жабылмайды.
Туа пайда болған митральды қақпақшаның пролапсы қолайлы өтеді,
қандайда бір симптомдардың көрінісі болмайды және арнайы емді
талап етпейді. Бұл жағдайда пролапс ауру емес, организмнің ерекшелігі
болып табылады.
Қақпақшаның қалыпты құрылымын бұзатын жүректің
әртүрлі аурулары
Митральды қақпақшаның пролапсы сирек жағдайда жармалардың,
хорданың немесе емізікше бұлшықеттердің құрылымы бұзылуымен
көрінетін жүректің әр түрлі бұзылыстары себебінен пайда болуы мүмкін:
Ревматизм фонында митральды қақпақшаның пролапсы көбінесе
балаларда кездеседі және қақпақша жармалары мен хорда түзілетін
дәнекер тіннің қабынуына негізделген. Митральды қақпақшаның
пролапсы пайда болуының алдында балада ангина немесе
скарлатинамен ауырады және 2 аптадан кейін ревматизм ұстамасы
болады(ірі буындардың қабынуы).
Жүректің ишемиялық ауруы немесе миокард инфаркті фонында
митральды қақпақша пролапсы қақпақшақ жұмысын реттеп отыратын
хорда жыртылуынан немесе емізікше бұлшықеттердің қанмен
қамтамасыз етілуінен нашар болуының нәтижесінде үлкен кісілерде
дамиды. Пролапс бұл жағдайда жүрек аймағындағы ауырсыну, ентікпе
және әлсіздікпен байқалады.
Туа пайда болған митральды қақпақшаның пролапсы
Туа пайда болған митральды қақпақшаның пролапсы балада туа
салысымен пайда болады. Бұл жағдайда митральды қақпақшаның
пролапсы жиі вегето – қан тамырлы дистония деп аталатын жүйке
жүйесі функциясының бұзылыстармен біріктіріледі. Бірнеше
симптомдардың себебі болып пролапс емес вегето – қан тамырлы
дистония болып табылады:
Төс артындағы және жүрек аймағындағы үнемі болып тұратын
ауырсыну. Митральды қақпақшаның пролапсы кезінде кеуде
клеткасындағы ауырсынуға функциональды (яғни жүрек жұмысының
бұзылысыынң көрінісі болмайды) характер тән және жүйке жүйесі
жұмысының бұзылысымен негізделген. Жүрек аймағындағы ауырсыну
жиі стресстен кейін, эмоциональды жағдайлардан кейін , ал кейде
тыныштықта да болады. Ауырсыну соққылайтын және ұзақтығы
бірнеше секундтан 10 минутқа, бірнеше сағатқа немесе күнге дейін
болады. Есте болатын жайт! Митральды қақпақша пролапсы кезіндегі
жүрек ауырсынуы физикалық күштүсумен күшеймейді, ентікпемен, бас
айналумен және естен танумен байланыспайды.
Жүрек соғуының жиілеу ұстамалары немесе жүрек қатып қалғандай
сезім болады. Бұл сезімдер сондай – ақ жүйке жүйесінің жоғары
белсенділігімен түсіндіріледі және жүрек жұмысының бұзылысын
көрсетпейді.
Митральды қақпақша пролапсының диагностикасы
Туа пайда болған митральды қақпақша пролапсы
кездейсоқ жүрек УЗИ і кезінде анықталады. Пролапс
кезінде ең тиімді диагностика әдісі жүрек УЗИі болып
табылады. Ол пролапс деңгейін және регургитация
көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Митральды
қақпақша пролапсының деңгейлері:
1 деңгей митральды қақпақша жармасының аз ғана
мөлшерде ісінуі (5 мм – ге дейін)
2 деңгей жарманың 9 мм- ге дейін ісінуі.
3 деңгей - қақпақша жармалары 10 және одан да көп
мм ісінуі.
Емі
Митральды қақпақша пролапсының симптомсыз
ағымында митральды қақпақшаның
жетіспеушілік көріністері болмаса ем жүргізудің
қажеті жоқ. Жылына 1 рет бақылау ЭХО-КГ жасап
тұру керек, кардиолог бақылауында болу,
шайдан, кофеден, ішімдік, темекіден бас тарту
керек.
Белсенді ем тек егер пролапс жүрек ритмінің
бұзылуымен және жүректегі ауырсынумен
болатын болса керек.
Митральды жеткіліксіздік болатын болса онда
қақпақшалардың пластикасы немесе протездеу
көрсетілген.
Асқынуы

Митральды қақпақшаның пролапсы
көпшілік жағдайда қолайлы өтеді, бірақ
қауіпті асқынуға әкелуі мүмкін:
- митральды жетіспеушілік;
- инфекционды эндокардит;
- аритмиялар.

Ұқсас жұмыстар
Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
Жүректің ревматикалық аурулары
Балаларда туа пайда болған жүрек ақаулары
Жүрек - тамыр жүйесінің синдромдары
Жүректі тыңдау
Электрокардиография және фонокардиография туралы
Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі
Пластикалық хирургия және трансплантология негіздері
Жүрек - іші қуысты бұлшықетті мүше
Жүрек беттері
Пәндер