Осындай мамандық бар
Презентация қосу
Осындай мамандық бар
Қайырлы күн! Мен Жасланов Дастан 1999 жылы
Қарағанды қаласында дүниеге келдім. 2006 жылы
Ә.Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта
мектебінің алғашқы мектеп табалдырығын аттадым.
Міне 11 жылдықты аяқтауға жақын қалдым. Менің
мектебім көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы
үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп. Биыл Әлихан
Бөкейхановтың туғанына 150 жылдығын атап өттік.
Мектепте көптеген мерейтойға арнап арнайы іс-шаралар
өткізілді, түгел мектеп болып, сыныбымызда да
мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мен мектебімді мақтан
етемін.
2016 жылы 11 - сыныпты бітіріп, Политехникалық
университтің бағдарламашы мамандығына түсуді
армандаймын. Бағдарламашы мамандығы күрделі
мамандықтардың бірі болып саналады. Маған осы
мамандық ұнайды және де мен болашақта осы
мамандықтың арқасында көптеген жетістіктерге жетуге
тырысамын!
Бағдарламашы дегеніміз кім?
Бағдарламашы дегеніміз-программистер.
• Компьютерге бағдарламалар жазатын адамдар.
• Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен
компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.
Жалпы, программист болу үшін адамға не қажет?
Программисттің жұмысы әр-түрлі болып келеді, сондықтан да қандай
программа тілін таңдау адамның өз еркісі болып табылады. Графиктер мен
ойындарды жасау пайдалы да, қызықты болса, ал бөтен программалардағы
кодтың қателіктерін жөндеу басты қатыратын тәрізді болып көрінеді.
Бағдарламашыларды салаларға
байланысты үшке бөліп қарауға болады.
Қолданбалы бағдарламашылар көбіне
ойындар, есептеу бағдарламалары,
редакторлар мен мессенджерлерді
қамтамасыз ететін бағдарламаларды
жабдықтаумен айналысады. Олардың
саласындағы жұмыстарға тағы да
жүйелі видео және аудио бақылаулар
орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал
беру жабдықтарын жатқызуға болады.
Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді,
желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр
түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын
ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл
саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола
алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар,
олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис),
есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор,
коммуникациялық және перефириялық
құрылғылар) да жасайды.
Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі
міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың
бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен
жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.
Мамандықтың ерекшеліктері
Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді
математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер
арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды
құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты
бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен
жұмыс істейді.
Маңызды қасиеттері
• Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан
технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себептен,
өзін-өзі оқыту ең басты касиеттерінің бірі болуы тиіс.
• Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде
ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі.
Тұңғыш есептеу құрылғысы болған
аналитикалық машинаны компьютер атасы
Чарлз Бэббидж жасап шығарған.
Ең алғашқы есептеу компьютеріне (1941
жылы) арналған Планкалкюль
бағдарламалау тілін неміс инженері
Конрад Цузе құрастырады.
Мамандық - өмір таңдауы.
Ж.Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ,
бірақ, мұның кез келгеніне
икемділік қажет, бұл жай күнелту,
тамақ асыраудың ғана жолы емес,
үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет
ететін нәрсе» десек, Абай атамыз
айтқандай «болмасаң да ұқсап
бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай
болмақ қайда деп, айтпа ғылым
сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып
арманыма жетіп, мамандық иесі
болуға тырысамын!
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz