Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы



Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы
Орындаған:Жасланов Д. М.
Тексерген:Мамбетова А. У.
Ә. Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебі

Палеозой эрасы. Жер дамуының фанерозой эонына қарасты, яғни протерозой эоны (кембрыйге дейінгі эон) аяқталғаннан кейінгі алғашқы эра; 540 - 250 млн жылдар аралығын қамтыған, жалпы ұзақтығы шамамен 290 млн жыл шамасында деп есептеледі; алты кезеңге жіктеледі, олар:
Палеозой эрасы
Палеозой кезеңдері
Кембрий
Силур
Девон
Таскөмір (карбон)
Пермь
Ордовик

Кембрий кезеңі
Кембрий (лат. Cambrіa) - Жердің геология тарихындағы палеозой эрасының бірінші кезеңі және сол кезеңде түзілген жыныстар қабатының жүйесі. Кембрий кезеңінің радиометриялық әдіспен анықталған ұзақтығы 65 млн. жыл. Ол бұдан 570 млн. жыл бұрын протерозойдан кейін басталып ордовик кезеңіне дейін созылған. Кембрий кезеңіне жататын тау жыныстары жүйесін алғаш рет 1835 ж. ағылшын ғалымы А. Седжвик ашып сипаттаған. Ол кембрий кезеңін үшке бөлген - төменгі кембрий, ортаңғы кембрий және жоғ. кембрий Ч. Лайелдің ұсынысымен кембрий 1888 ж. Халықараралық геологиялық конгресте геохронологиялық шкаланың бөлігі ретінде бекітілді. Кембрий тау жыныстары мен фаунасы Жер шарының барлық құрлықтарында ашылып сипатталған. 20 ғасырдың ортасында кембрий қимасын және фаунасын Х. Пандери, Балтық жағалауы елдері және Санкт-Петербург облысынданда Д. Б. Шмидт, Шығыс Сібірде Э. В. Толь зерттеп сипаттады. Орталық Қазақстанда кембрий кезеңінің стратиграфиясын жіктеуде Н. К. Кассин, Р. А. Борукаев, Н. К. Ившин, т. б. ғалымдар үлкен үлес қосты. В. Н. Вебер, П. Л. Безруков, И. И. Машкара, Н. М. Салов, С. Г. Анкинович, Ғ. Қ. Ерғалиев, т. б. ғалымдар кембрийдің стратиграфиясын, биостратиграфиясын және палеонтологиясын ярустарға, белдемдерге бөліп зерттеді.


Ордовик кезеңі
Ордовик кезеңі (лат. Ordovіces - Англиядағы Уэльс аралын мекендеген байырғы тайпалардың атынан шыққан) - палеозой эратемасының төменнен санағанда екінші жүйесі; стратиграфия (геохронология) шкаласында кембрий мен силур арасындағы жыныстар жүйесі және олардың жаралуына сәйкес тарихи кезең. Ұзақтығы 44, 6 млн. ж. . Терминді алғаш ағылшын геологі Ч. Лапуорс ұсынған (1879) . Жеке геологиялық жүйе ретінде Халықаралық геологиялық конгрестің 21-сессиясында бекітілді (1960) . Ордовик жүйесі төменгі, ортаңғы және жоғарғы үш бөлімнен тұрады. Оның әрқайсысы бірнеше жікқабат (ярус) пен белдемдерге бөлінеді. Қазақстанда Ордовиктің шөгінді түзілімдері жөнінде алғашқы нақты мағлұматтар 19 ғасырдың екінші жартысында Баянауыл ауданында (А. К. Мейстер) және Шу-Іле тауларында (Г. Д. Романов) органик. қалдықтардың (триболиттердің) табылуына байланысты алынды. Ордовик түзілімдері Н. Г. Кассин, Г. И Водорезов, Г. Ц. Медоев, Е. Д. Шлыгин, Н. Г. Марков, т. б. ғалымдардың зерттеулерінің арқасында Қазақстанның басқа да өңірлерінен табылып, жүйелі зерттеулер 2-дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Б. М. Келлердің басшылығымен Оңтүстік Қазақстанда Ордовиктің бірінші биостратиграфиялық сұлбасы жасалды.

Ордовик кезеңі

Силур кезеңі
Силур - палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің үшіншісі (443, 7-416 млн. жыл) . Силур кезеңінің аяғы өз шыңына жеткен каледон орогенезі мен палеозойдағы бірнеше шөгінді бассейннің толтырылуымен белгіленеді. Силур жүйесі, силур дәуірі (Ұлыбританияның Уэльс графтығын мекендеген байырғы кельттердің силур тайпасына байланысты қойылған) - палеозой эратемасының ордовиктен кейінгі, девонның алдындағы үшінші кезеңі. Ұзақтығы 27, 7 млн. жылды қамтып, осыдан 444 млн. жыл бұрын басталып, 416 млн. жыл бұрын аяқталған. Силур жүйесін ғылымға алғаш 1835 жылы ағылшын геологы Р. Мурчисон (1792 - 1871) енгізген.

Силур кезеніңдегі тіршілік

Девон кезеңі
Девон - палеозой заманын құрайтын алты кезеңнің төртіншісі және үстіңгі палеозой субзаманының алғашқысы. 416 млн жыл бұрын басталып, 359, 2 млн жыл бұрын аяқталған.
Еуропада теңіздік пен құрылықтық фацияларының екеуі де бар. Құрылықтық фациясы кәрі қызыл құмдақ деген атымен белгілі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz