Жеміс жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары




Презентация қосу
* 5-ші Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жеміс жидек дақылдарының
зиянкестері мен аурулары

Мақсаты: Жеміс ағаштарының
зиянкестерімен танысу

Нысандары: калифорниялық қалқаншалы
сымыры, американдық ақ-көбелек, алманың
қанды бітесі, жеміс ағашының бактериялы
күйігі, алхорының американдық салалы
өрнегі.
Тасырманы орындау жоспары

*1. Зиянкестерді қарап, олардың сыртқы
құрылысымен танысу.
*2. Оларға қарсы күресу шараларын
ұйымдастыру.
*3. Оқулықты пайдаланып зерттелген
зиянкестердің сипаттамасын төмендегі
кестеге толтыру.
Кесте. Жеміс ағаштары зиянкестері негізгі
түрлерінің қысқаша сипаттамасы

Түр Қысқаша Ұрпақ Тара Карантиндік
Аты және сипаттама саны луы және күресу
оның сы (зиянды, шаралары
жүйелі қыстаушы
к орны фазасы)
Жеміс ағаштары негізгі ауруларының
сипаттамасы

Карантинді
Залалданған
Ауру Қоздыр- Залалдау Ауру к және
дақыл және
аты ғышы уақыты көзі күресу
белгілері
шаралары
КАЛИФОРНИЯЛЫҚ ҚАЛҚАНШАЛЫ СЫМЫР
Зиянкес теңқанаттылар (Homoptera) отряды, сымырлар отряд тармағының
(Соссіпеа) қалқаншалылар (Diaspididae) тұқымдасына жатады.

Батыc Еуропа мен Азияның көптеген елдерінде, Африка және АҚШ-та
сонымен қатар Ресейде де кең таралған.

Сымырдың ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті, денесі
дөңгелек болады, аяғы, қанаты және көзі редуцияланған, бір орында
қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз мүшесі жақсы жетілген.

Калифорниялық қалқаншалы сымыр бір жастағы дернәсіл күйінде
қалқанша астында қыстайды.

Зиянкес қоректенген жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре
бастаған қабығында ұзын-салалы және көлденең сызықтар, ал
жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән
кызғылт дақтар пайда болады

Мекендеген жерлерінің ерекшелігіне байланысты калифорниялық
қалқаншалы сымыр жылына 2-4 ұрпақ береді.
АМЕРИКАНДЫҚ АҚ КӨБЕЛЕК
Зиянкес қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрады Arctiidae тұқымдасына
жатады. Көбелектің денесінің ұзындығы 9-15 мм. Қанаттары әппақ немесе
ақкүңгірт қоңыр дақтары болады.

Қуыршақ күйінде піллә ішінде ағаш қабығының астындағы сызаттарда,
құрғақ жапырақтарда, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарында,
ғимараттардың саңлауларында қыстайды.

Американдық ақ көбелектің жұлдызқұрттарының зақымдауы нәтижесінде
ағаш жапырақтарынан жалаңаштанады, оның әсерінен ағаш әлсірейді және
бірнеше peт қайтара зақымдаудың нәтижесінде кейбір өсімдіктер өледі.
Зиянкестің жұлдызқұрттары көп қоректі, 230 ағаш пен бұта, шөптесін
өсімдіктерді зақымдайды.

Американдық ақкөбелек ауа райына, жер ерекшеліктеріне байланысты
жылына 1-2 ұрпақ береді.

Америкаңдық ақ көбелек Еуропаның көптеген елдерінде, оның ішінде
Ресей мен Украинада, Азияда (Қытай, Өзбекстан) таралған.
АЛХОРЫНЫҢ АМЕРИКАНДЫҚ САЛАЛЫ
ӨРНЕГІ
Ауру қоздырғышы - American plum line pattern virus

Алхорының салалы өрнегі Канада, Мексика және АҚШ — та
таралған.

Сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Көктемде және жаздың бас кезінде шабдалының көптеген
сорттарында жапырақ беттерінің негізгі жүйке жағынан
жіңішке, пішінсіз, солғын-жасыл, толқынды жолақтар пайда
болады. Олар симметриялы, немесе төңкерілген әртүрлі пішінді
өрнектер түзеді. Кейбір жапырақтарда сақинаша біріккен
жолақты немесе алтындай тор жүйке жиегінде байқалады.

Вирус ауруға шалдыққан өсімдіктің шырынымен жеңіл
тасымалданады.
ЖЕМІС АҒАШТАРЫНЫҢ
БАКТЕРИЯЛЫ КҮЙІГІ
Зиянкестерге карантиндік шаралар және күресу жолдары
1.Зиянкес таралған елдерден тасымалданатын импорттық жүктер және
көліктер тексерілуі тиіс.
2.Зиянкес табылған жағдайда көліктер мен өндірістік жүктер
зарарсыздандырылады. Американдық ақ көбелек таралған елдерден
жеміс сыртқы карантиндік ереже бойынша атқарылады.
3.Шаруашылықта жемістер мен отырғызылатын материалдардың
тасымалдануы американдық ақ көбелектің таралуын тежейтін және
ошақтарын табу нұскауларына сәйкес атқарылады.
4.Американдық ақ көбелектің ошақтарын жою және оның сан
мөлшерін төмендету үшін агротехникалық және құрту шаралары
атқарылады. Бірінші жағдайда зинкестің ұялары кесіледі, оларды
ұстағыш белбеулер арқылы ұстайды.
5.Өсімдік қоқыстары жиналып өртеледі.
6.Ағаштар өлі қабықтарынан тазартылып, әкпен ақталады.
7.Өңдеуге химиялық препараттардан: амбуш, БИ-58, димилин, фозалон
және тағы басқа кеміргіш зиянкестерге арналған препараттар
қолданылады.
8.Зиянкес кеңтаралған аймақта, әсіресе ауыл маңайында, демалыс
орындарында т.б. жерлерде биопрепараттарды қолдану ұсынылады.
Ауруларға қарсы карантиндік шаралар және күресу
жолдары
1. Негізгі күресу жолы карантиндік ережені тыңғылықты сақтау.
Алхорының американдық салалы өрнегі таралған елдерден
тасымалданатын отырғызуға арналған материалдар (шыбықтар)
тыңғылықты тексерілуі тиіс.
2. Питомниктерде, бақтарда тексеру кезінде залалданған
ағаштарды жою.
3. Питомниктер мен тұқымдықтарды салу кезінде тек таза
материалддр пайдаланылуы тиіс.
4. Импорттық отырғызылатын материалдар мен телінуші ие-
өсімдік вегетация кезінде карантиндік ереже бойынша
бақылануы тиіс.
5.Ондай материалдар вирус кездесетін елдерден
тасымалданатын болса, оның залалданбағандығына сенімділік
болатын орындардан шыққан болуы керек

Ұқсас жұмыстар
Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен күресу
ЖИДЕК, ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ
Жеміс - жидек дақылдарының зиянкестеріне сипаттама
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Жұмыртқасының ұзындығы
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Өсімдік карантинінің даму тарихы
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Қызанақ өсіру технологиясы. Қызанақ өсіру
Теңқанаттылар отряды Homoptera
Пәндер