Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері




Презентация қосу
6-шы Зертханалық жұмыс
• Тақырыбы: Цитрус дақылдарының негізгі
зиянкестері мен ауруларының түрлері.

• Мақсаты: Цитрус дақылдарының
зиянкестерімен, ауруларымен танысу.

• Нысандары: Цитрус аққанаты, комсток
сымыры, жерорта теңіздік жеміс шыбыны,
слайдтар
Тапсырманы орындау жоспары

Зиянкестерді қарап, олардың сыртқы
құрылысымен танысу.

Олардың ерекше белгілерінің суретін
салу.

Оқулықты, альбомды пайдаланып
зерттелген зиянкестердің сипаттамасын
төмендегі кестеге толтыру.
Кесте. Цитрус дақылдарының негізгі зиянкес түрлерінің
сипаттамасы

Зиянкес Түр және Қысқаша Ұрпақ Таралған Карантиндік
аты оның сипаттамсы саны аймағы және күресу
жүйелік (зиянды, шаралары
орны қыстаушы
фазасы)
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен аурулары

Цитрус аққанаты

Комсток сымыры

Жерорта теңіздік жеміс шыбыны

АВСТРИЯЛЫҚ НАУАША СЫМЫР

ЦИТРУС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ
БАКТЕРИЯЛДЫ РАГІ

ТРИСТЕЦА АУРУЫ
ЖЕРОРТА ТЕҢІЗДІК ЖЕМІС ШЫБЫНЫ
-CERATITIS САРІТАТА W1ED
Қосқанаттылар (Diptera)
отрядының Tephritidae
тұқымдасына жатады.
Ортатеңіздік жеміс шыбыны
Еуропа мен Азияның
көптеген елдерінде, АҚШ,
Африка және Австралияда
таралған.
Гавай ормандарында
үзілместен көбейе береді де
жылына 15-16 ұрпақ береді.
Кипр, Бразилияда 8-9,
Израилда 6-7, Батыс
Германияда 2 ұрпақ береді.
ЖЕРОРТА ТЕҢІЗДІК ЖЕМІС ШЫБЫНЫНЫҢ
ДАМУ ЦИКЛЫ
ЦИТРУС АҚҚАНАТЫ - DIALEURODES CITRI
ASHM
Теңқанаттылар (Homoptera)
отрядының аққанаттылар
(Aleyrodidae) тұқымдасына жатады.

Цирус аққанатының отаны оңтүстік-
шығыс Азия (Қытай және Үндістан),
Еуропа, Америкада кең таралған.

Көшеттік өсімдіктермен барлық даму
фазасында таралады. Карантиндік
бақылауда жапырақтарда,
жемістерде, цитрус көшеттерінде
кездеседі.

Дернәсілдері мәңгі жасыл өсімдіктер
жапырақтарында қыстайды.

Ресейде 3, Қытайда 6 ұрпақ береді.
КОМСТОК СЫМЫРЫ - PSEUDOCOCCUS
COMSTOCKI KUW
Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының
ұнтақты сымырлар Pseudoccidae
тұқымдасына жатады.

Комсток сымырының отаны Жапон елі.
Қазіргі кезде Еуропа, Азия; Африка,
Америка және Австралияда таралған.

Зиянкес ауылшаруашылық өнімдерімен
әсіресе анар жемісімен, көшеттік
материалдар, құрал-саймандармен, суару
суымен таралады.

Комсток сымыры жұмыртқа күйінде
көбінесе өсімдіктің тамыр мойнында,
топырақта, ағаш бұтақтарында, діңінде
қыстайды.
Зиянкес Тәжікстанда жылына 4 ұрпақ
береді.
Зақымдалған жапырақ
Карантиндік шаралар және күресу
жолдары

1. Бұл зиянкес таралған елдерде тасымалданып
отырғызылатын материалдар, көшеттерді тасымалдауға тиым
салу.
2.Импорттық отырғызылатын материалдары,
интродукциялық карантиндік питомниктерге отырғызу.
3. Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдіктерді нұсқауға
сәйкес бромды метилмен фумигациялау.
4. Зиянкес таралған аудандардан және шаруашылықтарда
ауылшаруашылық өнімдері жергілікті карантиндік қызмет
орнының сертификаты болғанда ғана тасымалдауға ұлықсат
етіледі.
5. Ауыл шаруашылық дақылдарын вегетация кезінде
ұлықсат етілген препараттармен өндеу.
!!!Есіңізге сақтаңыз!!!
Ортатеңіздік жеміс шыбынының дернәсілдері
секіруге бейім, сондықтан оның жалған
пілләларын радиусы 2-3 метр жерге түскен
жемістерден табуға болады.
Жерорта теңіздік жеміс шыбынының
ұрғашыларының өсімталдығы 1000 жұмыртқаға
дейін жетеді.
Цитрус аққанатының дернәсілдері мәңгі жасыл
өсімдіктерге қыстайды.
Цитрус аққанатына биологиялық тәсілмен
күресу үшін ашерсония туысына жататын
саңырауқұлақтар қолданылады.
Комсток сымыры жұмыртқа күйіңде көбінесе
өсімдіктің тамыр мойнында қыстайды.

Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқасының ұзындығы
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері
Өсімдік ауруларына қарсы қорғау шараларының жүйесі
Каусар
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Көкөністер, жеміс – жидектер және бөлме өсімдіктерін көбейтіп, өсіру
ҚР облыстарының фитосанитария карантиндерінің жағдайы
Жеміс жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Пәндер