Гүлді дақылдардың аурулары
Презентация қосу
* 8-ші Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Гүлді дақылдардың аурулары
Мақсаты: Гүлді дақылдардың ауруларымен
танысу.
Нысандары: Бақытгүл аскохитозы,
сүмбілшаш сары шірігі, қалампырдың
бактериалды солуы.
Құралдары: Үлкейткіш шыны (7х,10х),
микроскоп, препараттық ине мен шынылар,
су.
Тапсырманы орындау жоспары
1. Ауру гүлдерді тексеріп, ауру белгілерімен
танысу,
2. Ауру белгілерін ажыратып, олардың суретін
салу.
3.Оқулықты, альбомды, слайдты пайдаланып,
анықталған аурулардың сипаттамасын
төмендегі кестеге толтыру.
Кесте. Гүлді дақылдар ауруларының
қысқаша сипаттамасы
Ауру аты, Ауру Ауру Карантиндік
жүйелік орны таралуы белгілері және күресу
шаралары
БАҚЫТГҮЛ АСКОХИТОЗЫ
Ауру қоздырғышы-Ascochyta
chrysanthemi Stev. саңырауқұлағы
Өсімдіктің жерүстілік және топырақ
астындағы бөліктері ауруға шалдығады.
Аурудың белгілері - жапырақтардағы
сұр, сұр-қоңыр немесе қара түсті дақтар.
Ауруға шалдыққан жапырақтар шіриді
немесе қурайды және олар өсімдіктерде ілініп
қала береді.
Ауру алғаш рет 1909ж АҚШ-тa
(Солтүстік Каролина штатында) байқалған.
Бақытгүл аскохитозы Еуропа, Африка,
Америка және Австралияда таралған.
Қазақстанда кездеспеген сыртқы
карантиндік нысанға жатады.
Бақытгүл аскохитозы жаңа елдермен
аудандарға шыбықшалармен, кесілген
гүлдермен, өсімдік қалдықтарымен,
тұқыммен таралады.
Залалданған өсімдіктің сыртқы белгісі
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
Бакытгүл ауруы таралған елдерден отырғызылатын және
ұластыру заттектерін Қазақстан Республикасына тасымалдауға
тиым салынады.
Ғылыми-зерттеу мақсатында тасымалданған ұластыру және
отырғызу материалдары карантиндік питомниктерде тексеруден
өткізілуі тиіс.
Бақытгүл аскохитозы таралған елдерден келген азаматтардың
жүктерін тыңғылықты тексеріп, өсімдік заттектері алынады.
Бақытгүл аскохитозымен күресу үшін агротехникалық және
химиялық шаралар кешеңді түрде атқарылуы ұсынылады: барлық
залалданған өсімдік қалдықтары жұқпаның таралу көзі ретінде
жойылады: ауыспалы дақылдар тәртібін сақтау: өсімдіктің
тамырына қарай суару және жылыжайларды желдету: жылыжай
мен топырақты зарасыздандыру: өсімдікті тиісті химиялық
препараттармен өңдеу. Өңдеу аурудың таралу дәрежесіне қарай 7-
10-14 күн сайын қайталанады
СҮМБІЛШАШ САРЫ ШІРІГІ
Ауру қоздырғышы
Xanthomonas hyacinthi (Wakker)
Dowson бактериясы
Сүмбілшаш жуашығы, гүл
сабақтары және жапырақтары
ауруға шалдығады.
Дамуына оңтайлы жылылық
28-30°С, максималды 35-37°С,
минималды 0°С; ал 47-49°С өледі.
Ауру Казақстанда кездеспеген
сыртқы карантиндік нысанға
жатады.
Патоген жақсы маманданған,
тек сүмбілшашты залалдайды.
Бактериялар - қозғалмалы бір полярлы жіпшелі
таяқша, дара немесе жұптана қосылған, кейде
тізбекті болады.
Залалданған жапырақ Залалданған жуашық
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
І.Шет елдерден тасымалданған сүмбілшаш
жуашығы отырғызылуға рұқсат етілмейді.
2.Ол карантиндік питомникте отырғызылып
бір жыл бойы 3 рет (өну, гүлдеу және қазылу
кездерінде) тексеріледі.
З.Ауру өсімдіктің байқалғандығы жайлы
мемлекеттік карантин инспекторына хабар
беріледі.
4.Ауру таралған жағдайда отырғызу үшін тек
таза cay сүмбілшаш жуашығы іріктеліп
алынады.
ҚАЛАМПЫРДЫҢ БАКТЕРИЯЛДЫ СОЛУЫ
(ВИЛТ)
Ауру қоздырғышы — Pseudomonas
caryophylli Starr and Burkholder бактериясы
Ауру залалдау ұзақтығына қарай екі түрде
байқалады. Аурудың бірінші түрінде - жас
жапырақтар ширатылады, кейін сұр жасыл
түсті болады және солады. Ауруға
шалдыққан өсімдіктің тамыры шіриді,
өсімдік топырақтан жеңіл жұлынады.
Сақтауға қолайлы температура 30°С,
максималды 46°С, минималды 5°С.
Қалампырдың бактериалды солуы
Қазақстанда кездеспеген сыртқы
карантиндік нысанға жатады.
Ауру қоздырғыш тек (голландық, түріктік)
қалампырды залалдайды.
Ауру ошағы таралған елдерде, ауру
қоздырғыш қалемшеден басқа, топырақта,
құмда, жылыжай құрғыларында және
құрал-саймаңдарында сақталады.
Қалампырдың вилт қоздырғышы - қозғалмалы
таяқша
Залалданған жапырақтың ширатылуы
Карантиндік шаралар және күресу
жолдары
1. Шет елдерден тасымалданған қалампырдың
шыбықтары карантиндік тексеруден
өткізіліп, оның жасырын залалданғандығын
анықтау үшін бір жыл карантиндік
питомникке отырғызылады.
2. Питомникте бақылау шанақтану фазасынан
бастайды.
3. Ауру өсімдіктер қазылады және жойылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz