Алманың қанды бітесіне қысқаша сипаттама



Практикалық сабақ Алманың қанды бітесі

Жоспары: Алманың қанды бітесіне қысқаша сипаттама. Карантиндік күрес шаралары.


Теңқанаттылар(Homoptera) отрядының бітелер отряд тармағының пемфигиде (Pemphigidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның тек Оңтүстік Қазақстан облысында кездесетін ішкі карантиндік нысанға жатады. Денесін мақта тәрізді ақ түк шоғы жауып тұрады. Сондықтан оның шоғыры қар жапалағы тәрізді болып көрінеді. Басып жаншыған кезде денесінен қызыл-қоңыр түсті сұйық зат бөліп шығарады. Осыған байланысты қанды біте деп атайды.


Партогенездік қанатсыз ұрғашы бітелердің түссі қоңыр үстін көгілдір ақ түсті түк шоғы басқан, мұртша- лары 6 бунақтан тұрады. құйрықшасы дөңгеленіп келген жалпақ болады, шырын түтікшелері болмайды. Денесінің ұзындығы 2, 5мм жетеді.

Зиянкес таралған аудандардан отырғызылған көшеттерді жергілікті карантиндік инспекциясының ұлықсатынсыз тасымалдауға жол бермеу. Карантиндік материалдарды зарарсызданып, карантиндік питомниктерге отырғызады. Ағаш діңі мен негізгі бұтақтарындағы бітелер шоғырланатын жерлерін минералды маймен өңдеу керек. Алманың қанды бітесі зақымдаған питомниктерден алынған көшеттерді фумигациялау керек.

Алмұрт қанкөбелегі - NYMONIA PYRIVORELLA MATS

Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрядының қанкөбелектер (Pyralidae) тұқымдасына жатады.
Алмұрт қанкөбелегі Азияда (Қытай, Жамон, Корей түбегі) таралған. Ресейдің шығыс аймақтарында кездеседі.
Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Көбелектің түсі сұрғылт ақшылдау күлгін реңлі. Ересек бунақдененің ұзындығы 12 мм дейін, қанаттарының өрісі 14, 5-21, 5 мм. Басы, көкірегі және арқасын күлгін күңгірт қара жолақ басқан; басы жылтыр қабыршақты. Алдыңғы қанаттары сұр, күйген қара түсті қара - қошқыл реңді, екі көлденең жолағы бар қанатының түбіндегі көлденең жолағы жойылған қара ішкі жиегіне қарай тік бағытталған. Бүйрек тәрізді дағы қара және түбіне қарай иілген.

Шашақтары сұр, жылтырауық, ортасында жіңішке күңгірт сызығы бар. Төменгі қанаттары сарғыш сұр, жиектері күңгірт. Шашақтары да аталғандай, суретсіз. Денесін жылтырауық қабыршақтар басқан. Құрсағының ұшында шоқ түктері болады.

Жұмыртқасы тегіс, элилипс пішінді сопақ, алғашында сары түсті, дами келе қызарады, қабығында ұсақ нүктелер байқалады, ұзындығы 1мм жуық.

Жұлдызқұртының ұзындығы 20мм дейін. Түсі қызыл-қоңырлау, сұр-жасылдау, құрсақ жағынан ақшылдау көрінеді. Жұлдызқұрттың кутикуласын сұр түйіршік басқан, осыдан сүр болып көрінеді. Бас алдыңғы көкірек және аналь қалқаншасы, көкірек аяқтары күңгірт-қоңыр болады.

Қуыршағы сарғыш қоңыр, ұзындығы 12-14 мм. Қуыршағының ұшында бір келкі 6 ілгек тәрізді қылшықтары бар. 2 жастағы жұлдызқұрттары гүл бүршіктерінде жеңіл, жібектей ақ пілләда қыстайды. Көктемде (сәуір-мамырдың бас кезінде) жұлдызқұрттар қыстау орындарынан шығады да гүл бүршіктерімен қоректене бастайды, кейін гүл шоғының түбіне, жас түйін және жеміске ауысады. Бір жұлдызқұрт 2-3 қатар тұрған түйінді зақымдай алады.

Жеміске енер кезде оны өрмек жібімен шырмайды, содан соң жеміске енеді. Зақымдалған жемістің өсуі азаяды, жеміс қараяды, кебеді, бірақ жерге түспей келесі жылға ағашта қалады.

Жұлдызқұрт жеміс ішін жеп, кіретін тесіктің алдыңғы бөлігін өрмек жібімен торлайды. Қуыршақтануы маусымның аяғынан шілденің аяғына дейін созылады. Қуыршақ басы шығатын тесікке бағытталады, дамуы 10-12 күнге созылады. Алғашқы көбелектер шілденің ортасында шығады, ұшу кезеңі тамыздың ортасына дейін созылады. Көбелектер жұмыртқаларын бүршіктің қасына салады. Олардың өсімталдығы 120 жұмыртқаға дейін жетеді. 8-10 күннен кейін шыққан жұлдызқұрттар гүл бүршіктеріне енеді де піллә тоқиды, онда олар қыстауға қалады.
Қытайдың оңтүстік аудандарында және Жапонияда 2-3 ұрпақ береді.

Карантиндік шаралар және күресу жолдары
1. Зиянкес таралған аудандардан отырғызылатын шыбықтар мен көшеттер жергілікті карантиндік инспекциялардың ұлықсатынсыз тасымалдауға жол берілмейді.
2. Карантиндік материалдар зарарсыздандырылып, карантиндік питомникке отырғызылады.
3. Көктемде жұлдызқұрттар гүлшанақтар мен жемістерге ауысқан кезде кеміргіш зиянкестерге қарсы қолданылатын препараттармен өнделеді.

Тұт қалқаншалы сымыры

Тұт қалқаншалы сымыры- Pseudaulacaspis Pentagona.
Тең қанаттылар отрядының қалқаншалылар тұқымдасына жатады.
Ұрғашы сымырдың қалқаншасының ұзындығы 1, 7-2, 8 мм, ақ, лас, балшық түсті. Ересек ұрғашысының ұзындығы1-1, 55 мм, қанатсыз, қозғалмайды, аяқтары мен көздері жоқ, денесі алмұрт пішінді, мұртшалары редукцияланған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz