Австриялық науша сымыр немесе ицерия


Slide 1

Австриялық науша сымыр немесе ицерия

Slide 2

Теңқанаттылар (Homoptera) отрядының алып сымырлар (Margarodidae) тұқымдасына жатады. Ұрғашы сымырдың ұзындығы 6, 5 мм дейін, ені 4, 5 мм. Сопақ денелі, жота жағы дөңес, құрсақ жағы тегіс. Денесі қызғылт - қоңыр, аяқтары мен мұртшалары қара немесе күңгірт - қоңыр түсті. Үстін қара түк басқан.

Австралиялық науша сымырдың отаны - Австралия. Қазіргі кезде Еуропа, Азия, Африка, Америкада таралған.

Slide 3

Қазақстанда тіркелмеген сыртқы карантиндік нысанға жатады. Ресей, Азербайджан, Грузия, Түркияда таралған.

Көбінесе 3 жастағы дернәсілдері ағаштарда қыстайды. Ұрғашы сымырлар 3-5 апта аралығында 2000 кейде одан да көп жұмыртқа салады.

Әр елде ицерия 2-3 ұрпақ береді

Slide 4

Австралиялық науша сымыр цитрус және австралиялық қараған ағаштарын зақымдайды. Жаппай көбейген жылдары басқа ағаштармен шөптесін өсімдіктерге, олардың ішінде алма, өрік, анар ағаштарына да ауады. Сымыр ағаш бұтақтарын, діңін, жапырақтарын және тамыр мойынды игереді.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Дернәсілдері мен ұрғашылары өсімдік шырынын сорып қатты зияндық келтіреді. Қатты игерілген ағаштар жапырақтарынан айырылады, өнім азаяды, сапасы төмендейді. Ицерия қатты зақымдағанда ағаштар қурап та қалады.

Slide 8 Slide 9

КАРАНТИНДІК ШАРАЛАР ЖӘНЕ КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ.

Австралиялық науша сымыр таралған елдерде тасмалданым отырғызылатын материалдар, көшеттерді тасмалдауға тиым салу.

Импорттық отырғызылатын материалдары, интродукциялық карантиндік питомниктерге отырғызу.

Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдіктерді нұсқауға сәйкес бромды метилмен фумигациялау.

Зиянкес таралған аудандардан және шаруашылықтарда ауылшаруашылық өнімдері жергілікті карантиндік қызмет орнының сертификаты болғанда ғана тасмалдауға рұқсат етіледі.

Ауылшаруашылық дақылын вегетация кезінде рұқсат етілген препараттармен өңдеу.

Slide 10

Тұт қалқаншалы сымыры

Slide 11

Тұт қалқаншалы сымыры- Pseudaulacaspis Pentagona.

Тең қанаттылар отрядының қалқаншалылар тұқымдасына жатады.

Ұрғашы сымырдың қалқаншасының ұзындығы 1, 7-2, 8 мм, ақ, лас, балшық түсті. Ересек ұрғашысының ұзындығы1-1, 55 мм, қанатсыз, қозғалмайды, аяқтары мен көздері жоқ, денесі алмұрт пішінді, мұртшалары редукцияланған.

Тұт сымырының отаны Оңтүстік- Шығыс Азия ( Корей аралы) . Еуропаның Орта теңіз жағалауындағы елдерде, Азияда және Абхазияда таралған.

Еркектерінің нимфасының қалқаншасы ұзыншақ, ақ киіз тәрізді. Ересектерінің ұзындығы 0, 5-1 мм, қанатты, ұзыншақ ашық сары түсті.

Жұмыртқасы сопақ, ақ сарғыш, сарғыш- қызыл түсті. «Кезбе» дернәсілдері жыныстық ерекшеліктеріне қарай ақ және қошқыл сары болады.

Slide 12

Тұт қалқаншалы сымыры

Slide 13

Ұрықтанған ұрғашы күйінде қыстайды. Ерте көктемде белсенді дами бастайды да сәуірдің орта кезінде ұрғашы сымыр жұмыртқасалуға кіріседі. Өсімталдығы 36-300 жұмыртқа. Сымырдың жұмыртқа салуында ерекшелік : ашық жұмыртқалардың еркек, ал ашық сары жұмыртқалардан ұрғашы дарақтары пайда болады.

Ұрғашылар мен дернәсілдер өркенді, бұтақты және ағаш діңін игереді. Көбінесе діңмен жуан бұтақтардың жоғарғы бөлігін ұрғбайқалғанашылар, төменгі жағын еркек сымырлар қаптайды. Жас өркендерді тек ұрғашы сымырлар, ал еркек дарақтар ағаш діңімен жуан бұтақтарды игереді.

Slide 14

Зиянкес көп қоректілігіне байланысты тұт ағашына қатты зиян келтіреді, мұнымен қатар шабдалы, алхоры және басқа сүйекті жеміс ағаштарын зақымдайды. Нәтижесінде ағаш құрғайды. Қазіргі кезде тұт сымыры аса қауіпті зиянкестер қатарына жатады.

Slide 15

Цитурустық ұнтақты сымыр

Slide 16 Slide 17

ЖОСПАР:

Цитрустық ұнтақты сымырға қысқаша сипаттама

Карантиндік күрес шаралары

Slide 18

Цитрустық ұнтақты сымыр-Pseudococcus ganani green

Теңқанаттылар(Homoptera) отрядының жалған (Pseudociccidae) сымырлар тұқымдасына жатады.

Ұрғашы сымырдың ұзындығы 4, 5мм дейін. Денесі сопақ, ашық таңқурай түсті қызыл, үстің ақ ұнтақ тәрізді балауыз қаптаған. Жотасында салалы 4 жұқалау балауызды жолдар байқалады. Онда осы түрге тән ақ төртбұрыш дақтар көрінеді.

Денесінің жиектерінде 17жұп жуан балауызды жіптері болады. Еркек сымырлар қанатты келеді.

Slide 19 Slide 20

Цитрустық ұнтақты сымырдың отаны Австралия деп болжанады. Қазіргі кезде Еуропа, Азия, Африка, Америка-да кең таралған. Гүрістанда кездеседі.

Қазақстанда кездеспегендіктен сыртқы карантиндік нысанға жатады.

Slide 21 Slide 22

Жұмыртқаларының ұзындығы 0, 38мм, ені 0, 25мм, сопақ, қоңырлау және күңгірт сары реңді.

Дернәсілдері ұрғашыларынан тек көлемі жағынан ғана ажыратылады.

1-2жастағы дернәсілдері және ұрғашы сымыр ағаш діңінің жапырақшаларында, топырақ астында қыстайды. Сәуірдің аяғында олар жас жапырақтар мен өркендерге ауады да, онда қоректене бастайды. Жұмыртқалар қапшық ішінде болады. Эмбриондық дамуы 1-3аптаға созылады. Кезбе дернәсілдер ағаш бойына таралып, жапырақтарға немесе жемістерге орнығады. ТМД аумағында сымыр 3ұрпақ береді.

Slide 23 Slide 24

Көп қоректі зиянкес. Цитрус сымыры сияқты ағаштар мен шөптесін өсімдіктерді де зақымдайды.

Дернәсілдері мен ұрғашы сымырлар жапырақтарды, жемістерді, бұтақтарды және өркендерді сорады, өсімдік әлсірейді, қабық жарылады да жемістер жерге түседі. Зақымдалған өсімдіктерді күйе саңырауқұлақтар қаптайды.

Slide 25 Slide 26

Карантиндік шаралар және күрес жолдары

1. Цитрустық ұнтақты сымыртаралған елдерде тасымалданып отырғызыладар материалдар, көшеттерді тасымалдауға тиым салу.

2. Импорттық отырғызылатын материалдары, интродукциялық карантиндік питомниктерге отырғызу.

3. Көшеттерді, қалемшелерді және өсімдіктерді нұсқауға сәйкес бромды метилмен фумигациялау.

4. Ауыл шаруашылық дақылдарын вегетация кезінде рұқсат етілген препараттармен өңдеу.

Slide 27
Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқасының ұзындығы
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері мен аурулары
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Қазақстан Республикасы аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестер
Жеміс ағаштарының карантинді зиянкестері
Колорад қоңызы. Шығыс жеміс жемірі Калифорниялық қалқаншалы сымыр. Капр қоңызы
Жеміс жидек дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Цитрус дақылдарының карантинді зиянкестері
Теңқанаттылар отряды Homoptera
ҚР аумағында шағын көлемде таралған карантиндік зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz