Туристік сұранысты зерттеу әдістері мен қалыптасу факторлары


Slide 1

Туристік сұранысты оқу әдістері. Туристік сұраныс факторлары.

Туристік сұраныс дегеніміз - белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта тұтынушылар туристік қызметтерді, тауарларды сатып алу және қолдану түрі.

Туристік сұраныс әлеуметтік категория болып табылады. Туристік сұраныстың өзіндік сипаты бар. Ол динамизмі, көп түрлілігі, кешенділігі, икемділігі, кеңістік пен уақыт жағынан бірдей еместігі.

Slide 2

1) Туристік сұраныстың динамизмі - сұраныс қоғамның дамуымен өзгереді. Кейбіреулері мүлдем жойылады, ескілері түрін өзгертіп, жаңалары пайда болады. Олардың шеңбері үнемі кеңейіп отырады, ал қажеттілік ұлғая түседі.

2) Туристік сұраныстың көп түрлілігі - кешенді түрде болады. Саяхат кезінде турист өзіне көрсетілетін әртұрлі қызметтерді пайдаланады. Ол жалпы, арнайы және қосалқы қызметтер

3) Туристік сұраныстың икемділігі бір нәрсенің өзгеруімен басқаны да өзгертетін сұраныс Сұраныстың икемдіоігі баға және табыс жағынан болады. Бағаның сұраныс икемділігі өзгергіш болады.

4) Туристік сұраныстың уақыт пен кеңістікте шоғырлануы - жылдың белгілі уақытында ең жоғары көрсеткішке дейін жететін, ал қалған айларда құлдырап кететін, туристік сұраныстың мезгілдік қасиеті бар сұраныс. Қоңыржай климатты елдерде негізгі туристік мезгілдер:жазғы (шілде-тамыз) н/е «мезгілдің шыңы», қысқы(қаңтар-наурыз), «мезгіларалық» (сәуір-маусым-қыркүйек) + «өлі мезгіл» (қазан-желтоқсан) мезгілдері болады.

Slide 3

Сұраныстың қалыптасуы көптеген факторларға байланысты. Оның ішінде мыналар басты орын алады: тұтынушының кірісі, оның бос уақыттың ұзақтығы, тауарлармен қызметтердің бағасы, қызметтердің сапасы. Сондықтанда туристік сұраныс осы факторлардың біреуінің өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Турситік сұраныстың өзгеріп тұру факторлары:

1) Климаттық және мотивациялық фактор - жаз айында демалысты өткізуге біршама қолайлы уақыт деп ойлауы.

2) Экономикалық фактор - Батыс елдерінде шілде, тамыз айларында еңбек өнімділігі ең төмен деңгейге түсуі.

3) Әлеуметтік фактор - ата-ананың өз демалыстарын балалардың демалысына қарап, бірге демалуы.

4) Адамдардың сол кездегі уақытқа сай жаз айларында курорттарға баруға ұмтылуы.


Ұқсас жұмыстар
Туризм индустриясын дамыту: даму факторлары, тұтынушы мінез-құлқы және туристік қызметтердің рөлі
Дәріс 13: Көшбасшылық стильдері мен теориялары, қалыптасу факторлары
Туристік бизнес пен нарық: өнім-нарық матрицасы, нарықты зерттеу және туристік кәсіпорындарды ұйымдастыру
Жас ерекшелік психологиясының теориялары, зерттеу әдістері және даму факторлары
Этномәдениеттің қалыптасу факторлары және әлеуметтік-этникалық қауымдастықтардың теориясы
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер: кезеңдер мен қалыптасу факторлары
Туристік ұсыныстарды дифференциялау және нарықты сегменттеу: принциптері мен зерттеу көрсеткіштері
Адамгершілік: ұғымы, қалыптасу факторлары және тәрбиелік міндеттері
Жеке тұлғаның қалыптасу факторлары және тәрбиенің рөлі
Әлеуметтік лингвистика: қалыптасу тарихы, ұғымдық аппараты мен зерттеу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz