Өндірістік шу және оның малшаруашылығы және құстардың организм өніміне әсері


Slide 1

СӨЖ

Орындаған: Мурзекенова М. А.

Тексерген: Қойгельдинова А. С.

Тобы: ВС-603

Семей 2018 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ТАҚЫРЫБЫ: Өндірістік шу және оның малшаруашылығы және құстардың организм өніміне әсері.

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Жалпы шу дегеніміз

Өндірістік шу және оның малшаруашылығы және құстардың организм өніміне әсері.

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы - бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды [1] . Сыртқы немесе қоршаған орта - бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады. Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін [1, 2] .

Slide 4

Шу дегеніміз әртүрлі дыбыстар үйлесімі. Қоражайдағы шуға қажетсіз, тәртіп жүйесі жоқ әртүрлі дыбыстар жатқызылады. Шудың организмге әсері оның қатты шығуына және күшіне байланысты. Шудың өлшем бірлігі Вт/м2. Дыбыс күші амплитуда ұлғайған сайын, өсе түседі. Бұл кезде паскальмен Па (Н/м2) өлшенетін дыбыс қысымы да өседі. Дыбыс қысымы ұлғайған сайын, дыбыстың қаттылығын сезу де күшейеді.

Slide 5

Дыбыс қарқындылығын өлшеу үшін дыбыс қысымының логарифмдік шкаласы өлшем бірлігі децибел (дБ) жасалған. Әуелгіден нольдік деңгейден 12, 4 пайыз артық дыбыс қысымы 1 дБ дыбыс күші деңгейі деп аталады. Адамның құлағы әлсіз күштілігі бойынша екі дыбысты, онда да олар күш деңгейі бойынша бірбірінен 1 дБ, яғни 12, 4 пайыз айырмашылығы болса, ести алады. Естілу диапазонына дыбыс күшінің 0ден (әуелгі естілуі) 140 дБге (барынша естілуі) дейінгі деңгейі жатады. Дыбыс қысымы деңгейінің әрбір 10 дБге ұлғаюы дыбыстың әлсізкүштілігінің шамамен 2 есеге ұлғаюына сай келеді.

Slide 6

Үй жануарларының есту анализаторының сезімталдығы әр түрлі және ол дыбыстың күштілігіне, т. б. факторларға да байланысты жай. Иттер 38ден 8 Гцке, қой 20дан 2, жылқы 100ден 1025 Гцке дейінгі аралықтағы ауытқуды қабылдай алады. Ірі қара өте жақсы естиді.

Дыбыс энергиясының уақытқа байланысты бөлінуі бойынша шуды бірнеше бөлікке бөлуге болады: тұрақты және импульсты деп. Тұрақты шу дегеніміз деңгейі уақытпен ең әрі кеткенде 5 дБ өзгеретін шу. Импульсті шу деп жекеленген соққы дыбыс естілуді атайды.

Slide 7

Бүгінгі мал қоражайларда шуды малдың өзі, технологиялық жабдықтар: атап айтсақ жемшөп дайындап, тарататын, көң жинап, қи шығаратын, қоражайды желдететін, сиыр сауатын машиналар мен механизмдер шығарады. Сыртқы (тегі бойынша) шулар да (мал қораларының астына немесе аэродромға, темір жолға, т. б. жақын салынса) олардан кем соқпайды.

Slide 8

Шудың әсерінен сиыр организмінде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер болады: тынысы тарылып, тамыр соғысы жиілейді, оттегін пайдалануы және жылу өнімінің деңгейі төмендейді, күйсеу және қарынның жиырылу жиілігі, сүттілігі кемиді. 60 дБден 120 дБге дейін шу тауықтың жұмыртқалағыштығын, шошқа мен ірі қара төлінің қосатын салмағын төмендетіп, олардың дене қызуын көтереді, эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерін азайтады.

Slide 9

Өндірістік шулар организмнің шартты рефлексті қызметін нашарлатады, мал мен құстың өнімділігі мен денсаулығына кері әсер етеді. Мал үшін шу деңгейінің қарқындылығы 6570 дБден аспауы тиіс.

Шудың аса бір қатерлі зардабы ұйқыны қашырады. Мал аштықтан гөрі ұйқыға шыдай алмайды. Ұйқыдан айырылған иттер аштықтан гөрі бірнеше есе тез, яғни 45 тәулікте өліп қалған.

Slide 10

Мал фермаларының акустикалық фоны әлі де болса барынша зерттеле қойған жоқ. Әйтседе жемшөп тасығыш механизмдерде моторы 1 м қашықтықта жұмыс істеген кезде 84 дБ шу, ал қи шығаратын шөмішті "Беларусь" тракторы осындай қашықтықта 98 дБ шу, ал УДТ8 тандем сауу қондырғысы 7578 дБ шу шығарады.


Ұқсас жұмыстар
Көшпелі қауым - малшаруашылығы саласындағы еңбек бірлестігі қағидасына негізделген көшпелілердің ұйымы
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
Өндірістік шудан қорғану және оның адам ағзасына әсері
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және олардың экологиялық генетикалық салдарлары
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін
Діріл ауруы
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Инфрадыбыстың биологиялық әсері
Зиянды өндірістік факторлар
Шудың физикалық және гигиеналық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz