Ауыл шаруашылық малдарының пестицидтік улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары


Slide 1

Тақырыбы: : Ауыл шаруашылық малдардың пестицидтерден улануы

Орындаған: Мурзекенова М

Тексерген: Тойкина Г. Н.

Тобы: ВС-603

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Пестицидтерге жалпы сипаттама

Пестицидтердің химиялық құрамы

Қоршаған ортада пестицидтерді қолдпнуды шектеу

Пестицидтермен уланғандағы патогенезі, клиникалық белгілері, алдын алу шаралары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиттер

Slide 3

Кіріспе

Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар мал организміне әртүрлі көздерден түсуі мүмкін:

азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улардан;

зиянкестерге қолданылатын уытты заттардан(пестицидтерден) ;

ауылшаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан;

өндірістің улы қалдықтарынан және т. б.

Улы заттар азықтарды дұрыстап дайындамағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақтамағанда және дер кезінде бермегенде де пайда болуы мүмкін. Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктерде кездеседі. Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған. Дегенмен, әлі де құрамы толық тексерілмеген өсімдіктер баршылық.

Slide 4 Slide 5

Пестицидтер (дат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.

Slide 6

Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар.

Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа, және улылығы төмен деп бөледі.

Терілік - сіңу улылығына қарай пестицидтер 3 ке бөлінеді: айқын көрінетін, қалыпты көрінетін, әлсіз көрінетін .

Жинақталуына қарай пестицидтер 4 ке бөлінеді: жоғары дәрежелі, көрінекті, біркелкі, әлсіз .

Slide 7 Slide 8

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:

хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т. б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.

Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин) . Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.

Хлорфеноксиқышқыл туындыллары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.

Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.

Slide 9

Фосфорорганикалық инсектицидтер

Slide 10

Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек.

Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады.

Нормалау - Бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және қоршаған орта обьектілерінде олардың сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Slide 11

Патогенезі:

Пестицидтер тыныс жолдары арқылы, алиментарлы, контактілі жолмен организмге түсуі мүмкін. олар жергілікті жерлерге әсер етеді. Майлы ортада жаксы сіңеді, сондыктанда организмде жылдам тарайды, әсіресе жүйке жүйесінің орталығына басымырақ әсер етеді. Бас миға әсер еткенде дененің бұлшық еттері тартылады, қатты қозғаңдық байқалады. Дем алу орталығының салдануынан уланған мал тұншығып өліп кетуі мүмкін.

Slide 12 Slide 13

Клиникалық белгілері:


Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарының ашығуы: түрлері, клиникалық белгілері және зат алмасу бұзылыстары
Ірі қара малдарының спорадикалық энцефаломиелиті: қоздырғыштың төзімділігі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пастереллездің этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен жою шаралары
Малдардың дәрілік заттардан улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және емдік шаралары
Ауыл шаруашылықтағы хлорорганикалық қосылыстармен улану: патогенезі, клиникалық көріністері, диагностикасы және емдеу мен алдын алу шаралары
Дифтерия (Corynebacterium diphtheriae): эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, иммунитеті және емдеу мен алдын алу шаралары
Жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарының ортақ жұқпалы аурулары
Ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы емес ішкі аурулары: зерттеу әдістері, жалпы терапия және жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу
Сібір жарасы: қоздырғышы, патогенезі, клиникалық және патологоанатомиялық белгілері, диагностика мен алдын алу
Құтыру ауруы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz