Емдеу алдын алу мекемелері
Презентация қосу
*Емдеу алдын алу
мекемелері
*Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді:
*Амбулаториялық.
*Стационарлық типтегі мекемелер.
*Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
*Емхана
*Амбулатория
*Мед сан бөлім
*Емдік пункттер
*ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
*Диспансер
*Әйелдер консультациясы
*Жедел жәрдем станциясы
*Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
*Аурухана
*Клиника
*Госпиталь
*Санатория мен курорттар
*Мед сан бөлім
*Хоспис
*Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті
мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін
медициналық мекемені айтамыз. Емханадан
амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің
саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз.
Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады.
Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын
бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді,
алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де
ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка
медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
*Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана
қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу
мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және
диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық
мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі.
Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және
функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу
бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда
диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру
шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық
карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде
сақталады.
*Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен
(туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық
диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен
алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж
жұмыстары да жүргізіледі.
*Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар
мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу
және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге
көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж
жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді.
Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас
гигиенасын үйретеді.
*Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде
қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер
бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа үйінде
жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға
жеткізеді. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек
көрсетуге тасымалдауға көмектеседі. Жедел жәрдем
станциялары жолда жедел көмек және реанимация
шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен,
көліктермен жабдықталады
*Аурухана кез келген уақытта емдеуді және күтімді
талап ететін науқастарға арналған емдеу мекемесі.
Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен
және шаруашылық бөлімінен тұрады.
*Госпиталь – әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу
үшін арналған мекеме.
*Клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми
зерттеу жұмыстарын және студенттерді, дәрігерлер мен
орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі
жүргізілетін ауруханалық мекеме.
*Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы
минералды суы бар және емдік балшықтары бар жерлерге
орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу процедураларымен
қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
*Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-
психологиялық паллиативты көмек көрсететін мекеме.
Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар
өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын
көтеруге көмек береді.
*Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің
көпшілігін мейірбикелер алады. Олардың негізгі
бағыттары:
*Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу,
дененің қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың
тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және ағзаның
физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда
дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және
оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге
арналған материалдарды алу, түрлі манипуляцияларды
жасау мен дәрі құю
*Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін
ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне
алдын алу шараларын жүргізу, ауру науқастарды
шомылдыру, тамақтандыру т.б.
*Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және
зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
*Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу:
лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес
беруге жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын
дайындау, ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
*Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу
шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер
қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады,
үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Мейірбике
барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын
компресс, сүлік қою) орындайды. Амбулаториялар мен емханалардың
мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің
жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте
келуі тиіс. Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен
рецепттер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда
тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек
екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау
керек екендігін түсіндіреді. Диспансерлік есепте тұрған сырқат
құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін
қадағалау. Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде
еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды,
өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге
дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz