Жүзу туралы ұғым




Презентация қосу
Жүзу туралы ұғым

Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар

Кіріспе
1. Жүзу туралы түсінік
2. Жүзу спортының шығу тарихы
3. Жүзу түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Суда жүзу – дене шынықтыру мен спорттың әйгілі
түрлерінің бірі. Жылдан жылға әр түрлі жастағы адамдар
арасында оның өрісі кеңейе түсуде. Суға жүзудің
сауықтыру, қолданбалы қорғану маңыздары бар. Ол жүрек
– тамыр және демалу жүйелеріне игілікті әсер етеді,
бұлшық еттерді дамытып, ағзаның суық тиюге қарсы
әрекетін күшейтеді. Адам өмірінде сан қилы жағдайлар
болып тұрады, кейде суға жүзе білу өте қажет болады. Суда
жүзе білмейтіндерді су бақытсыздыққа ұшыратады. Ал
суда жүзе білетін адам тереңдікте, таныс емес жерлерде
денесін қорқыныш билемейді. Ондай адам су ішінде өз
өмірі үшін қорықпайды, ол жағаға еркін жетіп, көмек
келгенше су ішінде бола алады. Жақсы жүзуші суға кеткен
адамға өзі көмек беріп, оны амал алып қалады.
1. Жүзу туралы түсінік
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен
есу қимылдары арқылы адамның жьлжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі дағды
болады: ол жүзу дағдысы және сүңгу дағдысы. Бірақ олардың бір-бірінен айқын
айырмашылықтары бар.
Жүзудің басқа жаттығуларына қарағанда бірнеше айырмашылығы бар. Бұл
өзгешеліктер судың теңістік жағдайларымен анықталады және дененің суда ұзыннан
жатуымен байланысты.
Жүзу және сүңгу дағдылары негізгі жүзудің әр түрлеріне жатады. Бәрі де дене
тәрбилеу жүйесінде кеңінен көрсетілген. Алға қойылған міндетке қарай негізінен
жүзуді үшке бөледі: көпшілік, спорттық және қолданбашы жүзу.
Жүзу, спорттық жүзу – спорт
түрлерінің бірі. Спорттық жүзу
жарыстары еркін (кроль), брасс,
баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да
басқа тәсілдерімен 50 метрден 1500
метр қашықтық аралығында өткізіледі.
Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су
астында жүзу, синхронды (көркемдік)
жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің
тұрмыстық, емдік, ойын түрлері де
бар.
Жүзу жүрек, қан тамырларымен, тыныс алу жүйелерін жетілдіру әсерін тигізеді.
Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-
50-ге дейін сиректейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл, 120-140 мл.
дейін көбейеді.
Жүзу, тыныс жүйелерін нығайтып оның жұмысын дағдыландырып, өкпенің өмірлік
сиымдылығын ұлғайтады. Мысалы: жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген
спортшылардың өкпесінің өмірлік сиымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде оданда
көбірек ұлғайады.

Судың тығыздығына байланысты дем алу, дем шығару қиындатылады. Дем алу судың
қысымдылығына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.
Жүзу - нерв жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, тәбетін жақсартады, сол себептен
дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады.
Жүзу, әсіресе балалардың дене құрылысына денсаулықты жүйелі түрде нығайтуға әсерін
тигізеді.
Жүзу - егде адамдарға да пайдалы, себебі егде жастағыларға үдемелі жұмысты орындау
қиынға түседі. Ал жүзу адам денесіңде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі.

Жүзе білудің негізгі құндылығы - апатқа ұшыраған адамдарды арашалау, оларға
уақытында көмек беру. Ал жүзе білмейтін адамдарды осы дағдыға үйрету. Осыған
байланысты халықты жүзуге үйрету, әсіресе жас өспірім балаларды, маңызды
мемлекеттік міндет болады.
Жүзудің ерекшелігі оның денсаулықты нығайтатындығы, сонымен қатар, адам
денесін дамытуға әсері, адам денесін таза ұстауға және шынығуына пайдалы.
2. Жүзу спортының шығу тарихы
Адам баласы жаратылысынан әрқашан сумен байланысты болды. Адамзаттың өркендеп
өсуіне Ніл, Тигр мен Евфрат өзендерінің, Янцзы және Хуан Хо, Инд және Ганг сияқты
үлкен өзен аңғарларын мекендеуі негіз болған. Суға табынушылық көне заманнан бері
барлық дерлік халықтарда болған. Негізгі Олимпиада табынушыларының бірі, ежелгі
гректердің теңіз билеушісі Посейдон болды. Ал әлдеқайда кейінірек б.э.д. ІІІ ғасырда
ежелгі римдіктерде Нептун есімімен байланыстырылды.
Осы ерекше ортаға икемделу адамдар үшін өте маңызды болды. Өйткені адам суға
алғаш түскенде, батады. Сондықтан жүзу – суға бейімделіп, қозғалумен байланысты
өмірлік маңызды дағды. Жүзіп үйрену әсіресе әскер үшін теңіз шайқастарында
шешуші роль атқаратын.
Ертедегі египеттіктер жүзуді әскери мақсатта және қарапайым тұрмыста да үйреніп,
білгеніне сол кездегі ыдыстар мен бұйымдардағы суреттер дәлел болады. Фараонның
балалары үшін Ніл өзенінде арнайы жүзуді үйрену айқын басымдылыққа ие
міндеттілік болатын. Б.э.д. 2,5 мың жыл бұрын билеушінің қабірінде мынадай
жазулар бар: «Ол маған ханның балаларымен бірге жүзу сабақтарын үйреткен»
Ежелгі Грекияда да жүзе білу жоғары бағаланатын. Алайда, жүзу Ежелгі Олимпиада
ойындарының құрамында болған емес. Дегенмен б.э.д. 1300 жыл бұрын Истмий
ойындарында жүзу жарыстары өткізілді.
Павсаний мен Геродот б.э.д 470ж. парсы теңіз флотын суға батырып кеткен сүңгуір
Сциллистің ерлігін сипаттаған. Ол қолайсыз ауа-райында жау корабльдеріне
жақындап жүзіп келіп, якорь арқандарын қиып кететін. Нәтижесінде корабльдер
жақын маңдағы жартастарға соғылатын. Кері қайтқанда Сциллис 5км-ге жуық
аралықты жүзіп өтетін. Жау көзіне көрінбес үшін көбіне сүңгіп, су ішінде жүзетін.
Осы табанды ерлігі үшін гректер оған Дельфте мүсін орнатқан. Аңыз бойынша осы
ерліктерін ол қызы Хиндамен бірігіп жасаған деседі.
Халықаралық жүзу федерациясы (ФИНА) 1908 жылы құрылған. 1991 жылы оның
құрамына 128 ел кірді. Дене шынықтырудың бір түрі ретінде Жүзумен адамдар ежелгі
дәуірден бастап айналыса бастаған. Біздің жыл санауымыздың басында Римде суы
жылытылатын 50x20, 100x50 метрлік үй ішіндегі бассейндер салынған. 16 ғасырдың
басында жүзу спорттық сипат алды. Алғашқы жарыс 1515 жылы Венецияда өткізілді.
КСРО-ның 1947 жылы Халықаралық жүзу федерациясына мүше болуы, 1952 жылдан
бастап Олимпия ойындарына қатысуы жүзу спортының Кеңес Одағында, оның ішінде
Қазақстанда да жедел дамуына ықпал етті. Қазақстанда жүзу спортының дамуы
Алматыда Дене тәрбиесі институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм
академиясы) ашылуымен тікелей байланысты болды. Оның түлектері 1946 жылы
Бүкілодақтық жоғары оқу орындары арасындағы жарысқа қатысты. 1947 жылы алғаш
рет жүзуден республикалық біріншілік ұйымдастырылып (Тастақ тоғанында), оған
Алматы, Атырау, Орал қалалары жүзгіштері қатысты. Сол жылы Қазақстан тұңғыш рет
КСРО біріншілігінде бәсекеге түсті. 1948 жылы Алматыдағы Мәдениет және демалыс
саябағында студенттердің күшімен 27 метрлік ашық бассейн жасалды, онда екінші
республикалық біріншілік өтті.
3. Жүзу түрлері
Жүзумен шұғылдану - спорттың жетістікті үдетуде өте маңызы зор әдіс. Мысалы: суға
секіру, су шаңғы спорты, есу, желкен спорты және т.б. Ал су добы, су асты спорты
және көркем жүзу спорты негіздері жүзу мен сүңгу. Жүзу мен сүңгу спорттарын
меңгерген спортшы жоғарыда айтылған су спорты түрлерімен айналысқанда нәтижеге
жетуі әбден мүмкін. Бірақ спортшының жүзу шеберлігіне қойылатын талап әр түрлі.
Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгендегі жылдамдық пен
ептілік; су асты спорты үшін қажет сайманмен тез жүзіп сүңги білу.
Спорттық жузу негізінде көпшілік шұғылданатын спорт түрлерінің бірі.
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс-тәсілдері бар. Кроль - еркін жүзу етпеттеп және
шалқалап жүзу, брасс және баттерфляй, немесе кейде дельфин деп те аталады
шапшаңдығына байланысты.
Жүзудің түрі бар:

кеудедегі кроль
арқадағы кроль

батерфляй
брасс
Кроль – жүзудің ең жылдам түрі, қол мен
аяқты кезекпен жылдам қимылға келтіру
әдісі. Кроль әдісімен етпеттеп және
шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың
қимылы кезектесіп орындалады, ал брасс
және баттерфляй әдістерімен жүзгенде
қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей
қимылдайды.

Баттерфляйдың (ағылшынша «көбелек»)
брасстан айырмашылығы сол, осы жүзу
тәсілінде жүзуші екі қолын иығынан төмен
қарай лақтыра, яғни иығынан екі қолын
сермете жүзеді және екі аяғы бірігіп бірдей
қозғалыс жасайды. Баттерфляй – жүзудың
ең қиын түрі.

Брасс болса ең жеңіл түрі (фр.
brasse, фр. brasser — былғау, араластыру)
—қол мен аяқты екі жаққа қарай сермеу
арқылы жүзеге асады
Қорытынды

Жүзу – спорттың ерекше түрлерінің, дене шынықтыру үшін
нәтижелі әдістерінің бірі. Жүзу адамды сымбатты, көрікті, төзімді
етіп қалыптастырады. Спорттың денсаулыққа пайдалы түрлерінің
бірегейі де осы – жүзу. Мысалға адам жүзу кезінде кеуде мен
қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы
жеңілдетеді екен, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, оны
оттегімен тікелей қамтамасыз етуге және өкпенің дем алатын
көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Оған қоса жүзу кезінде
жасалатын қимылдардың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері
жұмыс істейді, бұл адамның денсаулығына, сымбатына жақсы әсер
етеді. Омыртқаның да түзу де тік болуына бірден бір себепші – жүзу
қимылдары екен. Негізінде омыртқа – адамның ең маңызды
мүшелерінің бірі, себебі ол басқа ауруларға өте қатты әсер етеді,
яғни өзге аурулар омыртқаға тікелей байланысты. Жалпы, жүзудың
пайдасы – адам денсаулығын нығайту, шымыр және шыңыққан
болуына өз септігін тигізу.
Пайдаланылған
әдебиеттер Қ.Р. үздіксіз білім беру жүйесінде "Салауатты,
денсаулықты сақтау бағдарламасы бойынша салауатты
өмір салтын қалыптастыру” тұжырымдамасы. –
Валеология, дене тәрбиесі, 2003.
Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы;
Рауан, 1994.
Брусиловский М.В. Қазақстандағы дене тәрбиесі және
спорт очерктері". Алматы, "Кітап", 2001.
Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу
жүйесінде. //Ізденіс-Поиск. 2009. № 2(2)
Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері. //Ұлт
тағылымы. № 4. – Алматы, 2005.
Спорттық қызметтің мәні мен ерекшелігі. «Қазақстан
жоғарғы мектебі» 2008. №1,
Тайжанов.С., Қошаев М.Н., Адамбеков М.И.,Мухтаров
С.М. Баларда қозғалыс функциясын қалыптастыру // Дене
тәрбиесінің жаршысы журналы., - 2004.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Арқамен сырғанау
ҚОЛДАНБАЛЫ ӘСКЕРИ ЖҮЗУ
Халықаралық жүзу федерациясы
Жүзу спорты
Жүзудің денсаулыққа пайдасы
Сазан бүл ауруға біршама төзімді
АТУ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Сүйекті балықтар қаңқасы
Жабық бұрылыстар
Жүзу жарғағының қабынуы
Пәндер