ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ, ТІРШІЛІГІ ЖӘНЕ СӨНУІ


Slide 1

Жұлдыздардың пайда болуы, тіршілігі және Сөнуі

Орындаған: Әтімқұл Ж.

Қабылдаған: Әскербекова А.

Slide 2

Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі: ✱) - салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді.

Slide 3

Жұлдыздар қай жерде пайда болады?

Жұлдыздар тұмандық деп аталатын алып тозаң бұлттар мен газ ішінде пайда болады. Тұмандық Әлемнің барлық галактикаларында бар. Бұл - гравитация әсерінен тозаң бұлттар мен газдар сығылатын қыр-сыры мол “жұлдызды фабрикалар”, материя массасы тым ыстық тартып, сәуле мен жылу түрінде қуат бөле бастайды. Сөйтіп, жаңа жұлдыз туады.

Жұлдыздар көлемді газ бұлттарының ішінде туады. Кейбір ескі жұлдыздар сөнген кезде жарылады да, жаңа жұлдызға айналады. Енді біреулері үлкен болып ісінеді де, сөніп, көзден ғайып болады.

Slide 4

Жұлдыздардың пайда болуы

Сутегі мен гелийден ауыр элементтер термоядролық реакциядан пайда болады. Жұлдыздар негізінен сутегіні негіз еткен күйде пайда болады және гелий мен аз мөлшерде ауыр элементтердің сығылуынан құралады. Жұлдыз ішкі гравитация әсерінде өз салмағының жеміріп жібермеуіне (өз өзегіне бірақ құйылып, шөгіп кетпеуге де, айналасына шашырап тозып кетпеуге де) қол жеткізеді.

Slide 5

Аққан жұлдыз

«Аққан жұлдыздар» - Жер атмосферасына ене отырып, қызатын метеорлардың жарқыраған құйрықтары.

Метеор денелер деп аталатын миллиондаған металл және тас кеектер Күнді айнала отырып, ғарышты жарып өтеді. Олар Жер атмосферасының қалың қабатына енген кезде қызады да, арттарынан жарқылдаған «құйрықтарын» 1-2 секундқа қалдырады. Олар аспанға от шашқандай әсер қалдырады.

Slide 6

Адамдар шоқжұлдыздарды алғаш қашан көрді?

Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен Вавилонның астрономдары еді.

Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың

қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптаржоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндеріне

ғана атау берді.

Шоқжұлдыздардың пішіндерімен өлшемдері әр түрлі болып келеді. Егерқұрайтын жұлдыздарды

сызықтармен біріктірмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мүмкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы деп атаса, ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.

Slide 7

Жұлдыздар қалай өзгереді?

Жұлдыздың өмір сүру уақыты оның бастапқы массасына байланысты өзгереді. Алайда, жалпылай айтқанда, жұлдыздар өмірлерінің үлкенбөлігін гелийді шығару үшін сутек атомдарын жағумен өткізеді. Ақырында, жұлдыздар сутек атомдарының қорын бітіреді. Гелийді термоядролық реакциядан өткізу қиынырақ болғаны үшін жұлдыз суиды, ал термоядролық реакциялар тоқтағандықтан, гравитация әсерінен денелер ядроға қарай тартыла бастайды. Содан кейін ядро гелийді ыдыратуға жеткілікті деңгейге дейін тығыздалады, бұл кезде гелий кенет лап етуі мүмкін. Бұдан бөлінген энергия сутегінің термоядролық реакциясына қарағанда әлдеқайда күштірек болады, сыртқа итеруші күштің де басымдылығы көбейіп, денелерді ядродан сыртқа қарай итермелейді. Бұл жұлдыздардың көлемінің өте үлкен болуына, яғни алып жұлдызға айналуына ықпал етеді. Массалары өте жеңіл жұлдыздар гелийді термоядролық реакциядан ешқашан өткізе алмайды, сол себепті олар сутекті ақырын жағуын жалғастыра береді. Кейін мұндай жұлдыздармен нақты не болатыны бізге беймәлім, себебі ондай жұлдыздар өмір сүруін тоқтатындай уақыт әлі өткен жоқ.

Slide 8

Жұлдыздар қалай жойылады?

Жұлдыз ақырында гелийді бітіріп, көміртекті жағуын бастайды. Көміртектің жануы өте тез жүреді, себебі ол кезде жұлдыздағы денелермен әрекеттесуі қиын нейтрино деп аталатын бөлшектер түзіледі. Олар шығарылмас бұрын жұлдыздан энергия алады, соның әсерінен энергия шығымы жылдамдайды. Гравитацияның басымдылығынан ядро сығылады. Бұның әсерінен жұлдыз қаттырақ жанып, көлемін сақтап қалуға көмектеседі. Сол себепті жұлдыз өз отынын әлдеқайда тезірек жағып бастайды. Осы кезде жұлдыздың сыртқы қабаты толығымен жоғалып, ақ ергежейлі сияқты жанып, тек ядросы ғана қалады. Жұлдыз энергиясының әсерінен газдар жарқырап, ғаламшар тұмандығы пайда болады.

Көбелек тұмандығындағы

жұлдыз өлімі, Хаббл

телескопы арқылы түсірілген

Slide 9

Жұлдыз түрлері

Slide 10

Жұлдызды бұлт

Жаңа жұлдыз

Сарғыш түсті жұлдыз

Қызыл алып жұлдыз

Ақ ергежейлі жұлдыз

Slide 11

Аса алып қызыл жұлдыз (Red supergiant, RSG) - Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі (Йерктік спектр бөлу, МКК) бойынша жіктегенде бірінші түрдегі жұлдызға жататын Аса алып жұлдыз түрі. Олар салмағы ең үлкен жұлдыз емес, бірақ көлемі бойынша ғаламдағы ең үлкен жұлдыз есептеледі.

Массасы 10 күн массасына ие жұлдыздың өзегіндегі сутегі жанып таусылған соң гелийлік жануды бастан кешіреді де аса алып қызыл жұлдызға айналады.

Мұндай жұлдыздардың беткі температурасы өте төмен болады (3500-4500 K). Құс жолы жүйесінде белгілі болған төрт Аса ауыр қызыл жұлдыз Цефей μ, Мерген кВА, Цефей V354 және Аққу KY қатарлылар.

Ауыспалы жұлдыз - негізінен температурасы мен радиусының бірде ұлғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыз. Нақты айтқанда, жұлдыз жарықтығы бірнеше деңгейге уақытқа тәуелді өзгереді. Мысалға, Күннің шығаратын энергиясы 11 жылдық жұлдыздық цикл деңгейінде 0, 1%-ға өзгереді, яғни абсолютті жарықтығын мыңнан бірге өзгертеді. Ауыспалы деп ба0ылаушы техниканың жеткен деңгейінде сенімді табылған жұлдыз аталады. Жұлдыз ауыспалылар қатарына енуі үшңр бір рет өзгеріс болса жеткілікті.

Slide 12

Ақ ергежейлі жұлдыз- күйреуік материядан (лат. Degenerate matter) құралған ұсақ тұрақты жұлдыз. Олардың тығыздығы жоғары, массасы күнмен қарайлас Ақ ергежейлінің көлемі бар болғаны жер шарындай ғана болады. Олардың әлсіз жарығы бұрынға мол энергияның сақталып қалған соңғы қалдық қуатынан келеді. Күнге жақын аймақтағы жұлдыздардың шамамен 6% Ақ ергежейліге жатады. Бұл түрдегі жарығы әлсіз Ақ ергежейлі сипатына Генри Норрис Рассел, Эдвард Чарльз Пикеринг, және У. Флеминг қатарлы кісілер 1910 жылы назар аударды. "Ақ ергежейлі" деп алғаш 1922 жылы Willem Luyten атады.

Көк ергежейлі - қызыл ергежейліден бастау алатын, массасы Күннің массасынан кіші гипотикалық жұлдыздар классы. Қазіргі таңда ешқандай да қызыл ергежейлі жұлдыздың көк ергежейлі жұлдызға айналғаны байқалмады. Бірақ та бұл жұлдыздар теориялық тұрғыда бар болып есептеледі.

Slide 13

Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көп қосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып алып үйіржұлдыздарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді. Мысалы, Ақ ергежейлі жұлдыз өзінің серік жұлдызына жақындағанда оның газдарын өзіне сіміріп, ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ болып жарқырайды.

Сары ергежейлі - массасы Күннің массасынан 0. 8-ден 1. 2 есе және температурасы 5000-6000К болатын кіші жұлдыздар класы. Анықтамалық атына сәйкес бұл жұлдыз фотометриялық құбылыс нәтижесінде сары түске ие, бірақ адамдарға ақ түсті болып көрінеді. Негізгі энергриялық көзі гелий мен сутегінің термоядролық синтезі болып табылады. Ең танымал сары ергежейлі жұлдыз- Күн.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Бірінші жұлдыздардың пайда болуы
Жұлдызды жұлдыз бұлт
ӘЛЕМ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Астрофизикалық объектілерді спектрлік және бейсызық талдау әдісімен классификациялау
Жұлдыздыдан орташа уақытқа және артқа өту
1-модуль. Галактика модельдерін түзу. Галактиканың спиралдық құрылымы
Мұқағали Мақатаев туралы лебіздер
Астрономия пәні. Аспан координаталар жүйесі
АЙНЫМАЛЫ ЖҰЛДЫЗДАР ҮШІН ИНФОРМАЦИЯ МЕН ЭНТРОПИЯ ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУ
Аспан денелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz