Клетка циклындағы ДНҚ репликациясының орны мен құбылыстары


Slide 1

Тақырыбы: Клетка циклындағы ДНҚ репликациясының орны мен құбылыстары.

СЕМЕЙ қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Семей 2018

СӨЖ

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Ж О С П А Р:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Клетка циклы;

2. 2. ДНҚ репликациясы;

2. 3. ДНҚ молекуласының репликациялану механизмдері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Жасушаның бөлінуі

1. Митоз

2. Амитоз

3. Мейоз

Жануарлар мен адамның соматикалық Жасушалары мен өсімдік жасушаларында жүреді. Бастапқы бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде, екі жаңа жасуша пайда болады. Бөліну кезінде жасушадағы хромосомалар тең бөлінеді.

Жасушаның тікелей бөлінуі. Өте жиі кездеседі және митоздық бөліну қабілетінен айырылған жасушаның толық бөлінбеуі. Айырмашылық хромосомалардың еншілес жасушаларға тең бөлінбеуінде. Мыс: адамда 46 хромосома. Екіге бөлінгенде біреуіне 48. екіншісіне 44 хромосома бөлінуі.

Жануарлар мен адамдардың жыныс бездерінің жасушаларында және өсімдіктердің споронгилерінде (спора түзілетін орын) жүреді.

Slide 4

Жасушалық айналым 2 кезеңнен тұрады.

Интерфаза бөлінуге даярлық -интерфаза

Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға - еселену (репликация) .

Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға

Хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар

типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады.

Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым (Жасушалық цикл) деп аталады.

Slide 5

Митоз бөліну үдерісі - митоз

Митоз -соматикалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.

Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас еншелес жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады яғни хромосома жиынтығы тең болады.

Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Slide 6 Slide 7

Сатылары

Жасушада өтетін оқиғалар

1

G1

Жасушадағы синтездің қарқынды үдерістері. Жасушалық органелалардың түзілуі. Қарқынды жасушалық метаболизм. Жасушаның өсуі. Келесі сатыларды басатын немесе дем беретін заттар түзу.

2

S

ДНҚ репликациясы. ДНҚ тізбегінің әрқайсысын жабатын, гистон деп аталатын нәруыздық молекулалар синтезделеді. Әрбір хромосома екі хромотидтке айналады. Жасуша құрамында бұл сатыда гомологиялық хромосомалардың әрқайсысынан екі -екіден, ДНҚ молекуласының әрқайсысынан 4 көшірме болады.

3

G2

Жасушадағы синтездің қарқынды үдерістері. Митохондриялар мен хлоропластардың бөлінуі. Энергия сақталмасының көбеюі. Бөліну шүйкесі түзіле бастайды.

4

М

Төрт сатыдан тұратын ядроның бөлінуі.

5

С

Органеллалар мен цитоплазмалардың еншілес жасушалар арасында біркелкі бөлінуі

Интерфаза -бұл жаңа туған жасушаның өсуі және бөлінуге даярлану кезеңі. Жасушаның тіршілігінің 80% алады.

Интерфаза (prophasis, гр. pro, inter - арасы, аралығы, phasis - фаза) - жасуша бөлінісінен кейінгі кезең ( митоз бен мейоз), яғни ядроның дем алатын кезеңі. Ядросы бөлінбейді және бастапқы қалпына келмейді

Slide 8

G1 -Жасушалары қазір ғана бөлінген жас жасушалар, ағзалардың қалыпты санын қалыпына келтіру.

S -Cинтетикалық кезең. Мұнда ДНҚ синтезі -оның реплекациясы жүреді, яғни хромосомалар екі еселенеді.

S кезеңінің соңына қарай жасушаның барлық хромосомалары ДНҚ -ның екі молекуласынан-хромотидтерден тұрады. Реплекация нәтижесінде түзілген екі хромотидтің бір хромосомасы бір-бірімен Центромерге қосылған. Басқа қажетті заттардың: ферменттердің, АТФ -ның, жиырылғыш нәруыздың және т. б. Да синтезі қатарласа жүреді.

G2. -Жасушалардың бөлінуге дайындығы. Бөлінуге қажетті құрылымдардың қалыптасуы -жиырылғыш

нәруыздардың жинақталуы, олардың бөліну шүйкесі (веретено) түзіледі. Жасушалар көлемінің ұлғаю үдерісі,

яғни өсу жалғаса береді.

G0. -басталуы мүмкін. Бұл кез келген уақытта болады. Мысалы: анабиоза ға тап болған тыныштық күйдегі

тұқымды өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары сиақты тіршілік үдерістері тежелген кезде өтеді.

Анабиоз (гр. anabіosіs - жандану, қайта тірілу) - қолайсыз жағдайда организмнің тіршілік қабілетінің

уақытша жойылып, не мүлдем әлсіреп кету құбылысы немесеэволюциялық даму жолында организмнің

тіршілік ортасына физиологиялық бейімделуі; уақытша күй, мұнда өміршендік процесстердің

баяулатылғандығы соншалық тіршіліктің барлық құбылыстары толығымен байқалмайды.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

ДНҚ репликациялануы бұл ДНҚ-ның өздігінен екі еселенуі.

ДНҚ репликациялануының негізінде тұқым қуалаушылық туралы ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз, бірдей мөлшерде беріліп отырады және ұрпақтардың жалғасуын қамтамасыз етеді.

Slide 12

ДНҚ молекуласының репликациялану қасиеті 1953 ж Уотсон мен Криктің ДНҚ молекуласының құрылысы қос спиральды болатындығын анықтағаннан кейін белгілі болды.

1958 жылы М. Месельсон мен Ф. Сталь, Дж. Уотсон және Ф. Криктің бактериялық клеткадағы ДНҚ-ның жартылай консервативті түрде екі еселенуі (репликация) жөніндегі көзқарасын E. coli жасушасында дәлелдеді.

Дж. Уотсон

Ф. Крик

Slide 13

1) консервативтік (лат. "консервативус" - сақтаушы, негізгі қалпын сақтау) еселенуде ұрпақтың ДНҚ-ларда аналық ДНҚ-ның материалы болмайды;

2) жартылай консервативтік түрінде ДНҚ-ның жаңа молекуласының бір тізбегі аналық ДНҚ-дан болса, екіншісі - жаңадан құрылған тізбек;

3) дисперсиялық (лат. "дисперсис" - шашырау, бытыраңқы) түрінде аналық ДНҚ-ның материалы кездейсоқ шашырап жаңа ДНҚ молекуласында орын алады.

Г. Стент ДНҚ-ның екі еселенуінің үш түрлі әдісін болжады:

Slide 14

ДНҚ

репликациялануы

Тета

репликация

Сигма

репликация

У-тәрізді

репликация

Slide 15

ДНҚ мынадай жолмен екі еселенеді. Алғаш спиральдың екі тізбегі бір нүктеден бастап ажырай бастайды. Сонан кейін бір-бірінен алшақтап ажыраған әрбір тізбектердің бойына, оларға сәйкес жаңа тізбек синтезделіп, жаңа тізбек жасалу барысында ажыраған екі тізбекпен өзінің азоттық негіздері арқылы байланысып, онымен өз алдына жаңа спираль құрай бастайды. Сөйтіп алғашқы ДНҚ-ның екі тізбегі толық ажырап болғанда, екі жаңа спираль да жасалып бітеді. Алғашқы ДНҚ тізбегі ажырамай тұрғанындағы екінші ескі тізбегіне толық ұқсас болады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Клетка циклындығы ДНҚ репликациясының орны мен құбылыстары
ДНҚ бөлімі
ДНҚ репликациясы
ДНҚ теломеразалар
ДНҚ биосинтезі
РНҚ - ның
ДНҚ полимераза
Репликация принциптері
Прокариот ДНҚ - ның репликациясы
Мезельсон-Сталь тәжірибесі, прокариоттардың және эукариоттардың ДНҚ репликациясы, ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz