Нұрлы жол бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі



СӨЖ
Тақырыбы: Нұрлы жол бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі.
СЕМЕЙ қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған:
Тексерген:
Семей 2018

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Бағдарлама паспорты;
Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы
индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері;
Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
және тиісті шаралар
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Қажетті ресурстар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бағдарлама Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын заманауи инфрақұрылымы бар ұлттық және халықаралық деңгейдегі хаб-қалалар ретінде белгілеумен, елдің макроаймақтарын қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру және елдік көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 4-тармағы
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар
Бағдарламаның мақсаты
Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру

Міндеттер
1. Шұғыла қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру. 2. Индустриялық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту. 3. Бірыңғай электр энергетикалық жүйе шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту. 4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау мен су бұру желілерін жаңғырту. 5. Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру. 6. Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту. 7. Кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Іске асыру мерзімі
2015 - 2019 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу: 1) 2019 жылы 2014 жылға қарағанда ЖІӨ-нің 32, 7 %-ға өсуін қамтамасыз ету; 2) 2015 - 2019 жылдары 402, 6 мың адамға арналған жұмыс орындарын құру, оның ішінде: тұрақты - 94 мың адам; уақытша - 308, 6 мың адам; 3) 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы бойынша ДЭФ рейтингін 53-орынға дейін жоғарылату.

Қаржыландыру көздері мен көлемі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен жалпы шығыстар: 2015 жылы - 621 млрд. теңге; 2016 жылы - 525 млрд. теңге; 2017 жылы - 3 млрд. АҚШ долларына дейінгі баламаны құрайды. Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8, 97 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру 215, 1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: 2015 жылы - 31, 3 млрд. теңге; 2016 жылы - 30, 6 млрд. теңге; 2017 жылы - 61, 1 млрд. теңге; 2018 жылы - 72, 1 млрд. теңге; 2019 жылы - 20 млрд. теңге.

Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру.
1. Шұғыла қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым құру.
Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
2. Индустриялық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту.
3. Қазақстан Республикасының БЭЖ дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту.

4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту
5. Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру
6. Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту
7. Кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін олардың қаржыландыруға қолжетімділігін жақсарту арқылы жоғарылату

Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
Хаб қағидаты негізінде аумақтық даму бірыңғай нарықты және елдің макроөңірлері арасындағы өзара тығыз байланысты қалыптастыруға бағытталатын болады.
Бұл еңбек және өндіріс ресурстарын бөлудегі теңгерімсіздік пен теңсіздік деңгейін төмендетеді, инфрақұрылымдық қолжетімділік пен макроөңірлердің өзара байланысын жоғарылатады, іскерлік және экономикалық белсенділіктің өсуіне маңызды әлеуетін береді.
Әлемде 9-орын алатын Қазақстан аумағының көлеміне байланысты елдің бірыңғай экономикалық нарығын қалыптастыру үшін елдің макроөңірлерін инфрақұрылымдық ықпалдастыру арқылы хаб қағидаты бойынша аумақтық даму қамтамасыз етілетін болады.
Астана қаласы солтүстік макроөңірдегі хаб болады. Өскемен қаласы орталық-шығыс макроөңірдің хабы болады. Ақтөбе қаласы батыс макроөңірдің, ал Шымкент пен Алматы қалалары оңтүстік макроөңірдің хабына айналады.
Астанадан коммуникацияның барлық түрлері басқа макроөңірлердің хабтарына бағытталатын болады. Макроөңірдің басқа ірі қалалары екінші деңгейдегі қалалар ретінде дамытылатын болады, олар шұғыла қағидаты бойынша хабтармен тығыз байланысты болады.

Хаб қағидаты негізінде аумақтық даму бірыңғай нарықты және елдің макроөңірлері арасындағы өзара тығыз байланысты қалыптастыруға бағытталатын болады.
Бұл еңбек және өндіріс ресурстарын бөлудегі теңгерімсіздік пен теңсіздік деңгейін төмендетеді, инфрақұрылымдық қолжетімділік пен макроөңірлердің өзара байланысын жоғарылатады, іскерлік және экономикалық белсенділіктің өсуіне маңызды әлеуетін береді.
Әлемде 9-орын алатын Қазақстан аумағының көлеміне байланысты елдің бірыңғай экономикалық нарығын қалыптастыру үшін елдің макроөңірлерін инфрақұрылымдық ықпалдастыру арқылы хаб қағидаты бойынша аумақтық даму қамтамасыз етілетін болады.
Астана қаласы солтүстік макроөңірдегі хаб болады. Өскемен қаласы орталық-шығыс макроөңірдің хабы болады. Ақтөбе қаласы батыс макроөңірдің, ал Шымкент пен Алматы қалалары оңтүстік макроөңірдің хабына айналады.
Астанадан коммуникацияның барлық түрлері басқа макроөңірлердің хабтарына бағытталатын болады. Макроөңірдің басқа ірі қалалары екінші деңгейдегі қалалар ретінде дамытылатын болады, олар шұғыла қағидаты бойынша хабтармен тығыз байланысты болады.

Осы Бағдарлама мынадай бағыттар бойынша басым жобаларды іске асыруға бағытталған
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту
Индустриялық инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту
Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту
Кәсіпкерлік субъектілерін және іскерлік белсенділікті қолдау
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту
Кәсіпкерлік субъектілерін және іскерлік белсенділікті қолдау
Институционалдық даму

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске асыру 2015 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде бес жылға есептелген, оның ішінде:
- 2015 - 2017 жылдары көліктік-логистикалық секторда жобаларды іске асыру жалғасады, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылым салу, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту мен ауыстыру, жалға берілетін тұрғын үй салу және пайдалануға беру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Білім беру инфрақұрылымы кеңейтіледі және ЖОО-лардың материалдық-техникалық базасы қалыптастырылады. Назарбаев Унивеситетінің Astana Business Campus ғылыми паркі жұмыс істейтін болады. ШОБ пен ірі кәсіпкерлікке кредит беруге бөлінген қаражат толық игеріледі. Институционалдық даму жөніндегі жобаларды дайындау және оларды іске асыру бойынша ХҚҰ-мен келісімдерге қол қою жүзеге асырылады.
I кезең

2018 - 2019 жылдары көлік, энергетика және индустрия секторларындағы инфрақұрылымдық жобаларды толық аяқтау үшін іс-шаралар жүргізіледі. Жалға берілетін тұрғын үйдің жоспарланған көлемінің құрылысы аяқталады. Индустриялық инфрақұрылым құру жалғасады. Экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау жүзеге асырылады. ХҚҰ-мен бірлесіп, институционалдық жобаларды іске асыру жалғасады.
II кезең

Қажетті ресурстар
Бағдарламаның іс-шаралары мен инвестициялық жобалары негізінен Ұлттық қордың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Бағдарламаны іске асыру үшін тартылатын Ұлттық қор қаражатының жалпы көлемі 2015 - 2017 жылдардағы кезеңде 9 млрд. АҚШ долларына балама соманы немесе жыл сайын 3 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Ұлттық қордың қаражаты республикалық бюджетке нысаналы трансферттер түрінде де, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне облигациялық қарыз түрінде де тартылатын болады
Бұдан басқа, Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, ХҚҰ-дан үкіметтік сыртқы қарыздар, мемлекеттік емес және мемлекет кепілдік берген ХҚҰ қарыздары, ұлттық компаниялардың, даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ капитал нарығында тартылатын өзге де қаражат тартылатын болады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8, 97 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және қол қою барысында нақтыланады.

Жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қор қаражатынан 2015-2017 жылдары мынадай жобаларға қаражат бөлінеді:
Автожол жобалары Автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 316, 7 миллиард теңге сомасына қаражат бөлінеді, оның ішінде: 1) Орталық-Оңтүстік (Астана - Қарағанды - Балқаш - Күрті - Қапшағай - Алматы) автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 97 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 57 млрд. теңге, 2016 жылы - 40 млрд. теңге; 2) Орталық-Шығыс (Астана - Павлодар - Қалбатау - Өскемен) автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 127 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 77 млрд. теңге, 2016 жылы - 50 млрд. теңге; 3) Орталық-Батыс автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 8, 4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 2 млрд. теңге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, 2016 жылы - 6, 4 млрд. теңге; 4) республикалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау - 84, 3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 42 млрд. теңге, 2016 жылы - 42, 3 млрд. теңге.

Теміржол жобалары Теміржол саласы мен көліктік логистиканың жобаларын іске асыруға кейіннен «ҚТЖ» ҰК» АҚ капиталдандыра отырып, Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферттер арқылы мынадай жобаларға 46, 3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді: 1) Шу - Алматы-1 учаскесінде екінші жолдарды салу - 27, 7 млрд. теңге, оның ішінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қаражаты есебінен 11, 9 млрд. теңге сомасына қоса қаржыландырумен 2015 жылы - 8, 3 млрд. теңге, 2016 жылы - 19, 4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 3, 5 млрд. теңге, 2016 жылы - 8, 3 млрд. теңге; 2) Боржақы - Ерсай т/ж желісінің құрылысын аяқтау - «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қаражаты есебінен 2, 8 млрд. теңге сомасына қоса қаржыландырумен 2015 жылы 6, 7 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы - 0, 3 млрд. теңге, 2015 жылы - 2, 5 млрд. теңге; 3) Құрық портында паромдық өткел салу, ол мынадай құрылым бойынша қаржыландырылады: құрылыстың жалпы құны - 16, 4 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 2015 жылы - 4, 8 млрд. теңге, 2016 жылы - 7, 0 млрд. теңге, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның меншікті қаражаты - 2015 жылы - 2, 1 млрд. теңге, 2016 жылы - 2, 5 млрд. теңге.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz