Отбасымен жұмыс істеу кезінде қарым-қатынастың негіздері. Отбасымен таныстырудан алынған əсердің сипаттамасы




Презентация қосу
СЕМЕЙ қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Отбасымен жұмыс істеу кезінде
қарым-қатынастың негіздері. Отбасымен
таныстырудан алынған əсердің сипаттамасы
Орындаған:
Тексерген:

Семей 2018
Жоспар:
І. Кіріспе
Отбасы туралы жалпы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім
1 Отбасының маңызды сипаты.
2.Отбасы құрылымы.
3.Отбасы құрылымының бұзылуы .
4.Ауру – кризиске алып келетін негізгі фактор.
5. Жанұямен қарым-қатынасты орнату.
ІІІ.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Дәрігер мен науқас өз табиғатында екі жақты ақпарат
алмасуды көрсетеді. Дәрігердің көзқарасы бойынша,
осы алмасу нәтижесі болып, науқас ауыруының алдын
алу немесе диагноз қою және емдеу жоспарын анықтау
болады. Науқас көз қарасы бойынша, ауру
симптомдары дәрігерге айтылуы қажет. Дәрігер
науқастың шағымдарын көңіл қойып тыңдау қажет.
Науқас дәрігердің алдына келгеннен кейін 18 секунд
ішінде науқаста дәрігер туралы ой қалыптасады.
Бұндай пікірдің қалыптасуына дәрігердің науқасты
қалай қарсы алғаны себеп болады. Яғни ол ақпарат алу
мақсатында қойылған ретті және ретсіз,
нақтылайтын және анықтайтын сұрақтармен
қажетті ақпаратты алу болып табылады.
Отбасы туралы жалпы түсінік.
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста
тұратын адамдар тобы.
Отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала
асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге
де нысандарынан туындайтын және отбасылық
қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін
тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес
жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені
адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,
осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі
қасиетті алтын мектебі.
Отбасы құрылымы
Отбасы құрылымы отбасының құрамы
мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері
арасындағы өзара қарым-қатынастарының
жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын
талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда
жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап
беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім
басшылық етеді және кім – орындаушы,
отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары
мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасының маңызды сипаты - оның
қызметі
Шаруашылық-тұрмыстық Эмоциональдық қызметі
қызметі
отбасы мүшелерінің материалды оның мүшелерін ұнатушылық,
қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан жəне сыйлаушылық, мойындаушылық,
т.б.), олардың денсаулығының сақталуына эмоционалды қолдаушылық,
əсер етуінің қанағаттанарлығынан психологиялық қорғаушылық
қажеттіліктерімен
тұрады. қанағаттандыру.

Отбасының
қызметі

Тәрбиелік қызметі Қарым-қатынас қызметі
ана жəне əке болуда, балалармен бос уақытты бірлесе өткізу, екі
қатым-қатынаста, оларды жақты рухани байыту
тəрбиелеуде, балалардың өз қажеттіліктерімен қанағаттандыру.
бетімен өсуі кезіндегі жеке
қажеттіліктің
қанағаттанарлығынан тұрады.
Науқастың жанұясымен танысу
Дәрігердің науқастың жанұясымен тіл
табысуының маңызы: егер науқас ауыр халде
немесе науқасқа айтылмайтын ауыруы болған
жағдайда және т.б. Дәрігердің науқастың
жанұясымен әңгімесі өзі міндетті шеңберінен
шықпауы керек. Туыстарының пікірлері науқасқа
әсер етеді. Оның ауыруханаға келуден алдын не
істегені, бұрын немен ауырғаны, жүріс тұрысы,
қалай тамақтанғаны туралы мәліметтер алу
керек. Медқызметкерлер науқастың дертін,
жағдайын жасырмай, түсінікті түрде хабарлауы
тиіс. Ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені
хабарлауын немесе хабарламауын сұраған дұрыс.
Жанұядағы психологиялық климат
Әр жанұяның өз салт-дәстүрі болады. Соған орай
отбасында психологиялық климат орнайды.
Психологиялық климат жанұя ішіндегі
қатынастарды,балалар мен ата-ананың дамуын
реттейді. Психологиялық климаттың қолайлы
немесе қолайсыз болуын отбасы мүшелерінің өздері
карым-қатынас арқылы шешеді.
Қолайлы психологиялық климат келесі нышандардан
тұрады:бірлік,отбасы мүшелерінің әрқайсысының
қарқынды дамуы,қызықтырушы әңгімелердің
айтылуы,бос уақыттың қызықты өтуі,ата-ана мен
баланың жумысты бірге орындауы.
Науқастың психологиялық климаты
Науқастармен психологиялық қатынас құруда туыстары
дәрігерге- науқас және оның жағдайы жайында толық және
нақты ақпарат жинауға көмектесіп, емдеу- диагностикалық
үрдісті жазылуға сенім артуына әсерін тигізеді. Науқастардың
кейбіреулері , өз жағдайының ауырлығын сезініп, ештеңе
болмағандай дәрілерін қабылдап, дәрігердің нұсқауларын
орындайды. Олар қалған өмірінің уақытын туыстарымен және
достарымен өткізуге немесе бастаған істерін аяқтауға, өзін
психологиялық дайындауға тырысады. Кейде науқастар
жағдайының жақсармайтынын біліп, туыстарынан қашқақтап,
дәрілерді қабылдамай жалғыздықта қалады.Мұндай науқаспен
қатынасуда, оны жалғыз тастамай, көңілін аулап, жан
дүниесінің жағдайын жеңілдетуге шаралар жасауымыз керек.
Өлім аузындағы науқаспен қатынасты үзбей, туыстар жағынан
психологиялық қолдау қызметтерін атқаруы керек.
Науқасқа және туыстарына диагнозды және
болжамды жеткізу

Науқасқа диагнозын айтқанда туыстарының
эмоцианальді қолдауы қажет. Науқас өзі ойлаған
ауырудың аса қорқынышты емес екендігін, көмек бере
алатындығымызды естігісі келеді. Диагнозды
айтқанда қорқыныш шақыратын терминді қолданбай,
түсінікті және қарапайым тілмен сөйлеуіміз қажет.
Белгілі ағылшын хирургы Клэннанның жазбасында:”
Қорқынышты диагнозды айтудан аулақ болыңыз”
деген. Науқасқа диагнозын айтарда адамгершілік
алғашқы орында тұру керек. Егер диагнозды бірден
атсақ түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Мысалы:
қысымның жоғарлауы, жүрек ұстамасы т.б.
Отбасы құрылымының бұзылуы
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің
отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі
келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады.
Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-
тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас
құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды
міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік
қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті
бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен
қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас
құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен
орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін
мойындау керек.
Ауру – кризиске алып келетін негізгі
фактор.
Отбасындағы бір адамның қатты ауырып қалуы ол тек
науқасты ғана емес сонымен қатар жақын туыстарын
да үлкен уайымға алып келеді. Ауру отбасының күнделікт
өмір сүру тәртібін өзгертеді. Науқастың қатаң тәртіп
сақтауын қадағалау, болашаққа құрған жоспарларды
өзгертеді, қорқыныш сезімдері пайда болады, көмексіздік,
алдағы күндерінде не күтерін білмейтін ойлар науқасты
және бүкіл отбасын мазалайды.
Кішкене нәрестенің ауырғаны әсіресе анасына
стресс алып келеді. Оның жүйкесі жұқаруынан
депрессиялық жағдайға да өтуі мүмкін.
Жанұямен қарым-қатынасты
орнатудың 4 міндеті бар:

Денсаулық сақтау
Ауруды тоқтату
Денсаулықты қалпына келтіру
Қайғыруды жеңілдету
Жанұямен жағымды қарым-
қатынас орнатудың тәсілдері:
Адамдармен қарым-қатынас жасауға шынайы
қызығушылығыңызды білдіріңіз.
Күлімдеңіз!
Есіңізде болсын!Адам үшін оның есімінің тәтті
және маңызды айтылуы зор рөл атқарады.
Жақсы тыңдаушы бола біліңіз.
Басқа адамдардың сіз үшін маңыздылығын
шынайы сендіріңіз.
Адамдарды кіналаудың орнына түсінуге
тырысыңыз.
Дəрігер науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен қарым-қатынасқа
кіреді. Дəрігердің науқастың туыстарымен əңгімесі оз міндеттік бабы
шеңберінен шықпау керек. Орта буын медицина қызметкерлері науқастың
туған-туысқандарымен қатынасы кезінде айқындалған əдептілікті талап етеді.
Емделушінің туысқандары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен
əңгіме жүргізу үшін күтпеу керек. Туысқандардың пікірдері науқасқа əсер
етеді,жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады жəне психикалық жүйесі
мен соматикалық қалпына жағымсыз əсер етуін медқызметкерлер есепке алуы
қажет. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық
жағдайын жасырмай,түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек.
Бірақ олардың арасында ауру адам болуы мүмкін,сондықтан олармен
əңгімелескенде үлкен сақтық пен əдептілікті білдіру қажет. Науқастың (əйел
адамға қатысты болса),жақын туған-туысқандарына,əсіресе қызметтестеріне
кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келісушілермен
сөйлесер алдында,дəрігермен ақылдасып алу керек,ал кейбір жағдайларда
науқастың озінен нені хабарлауын,не хабарламауын сұрау керек.
Әсіресе,телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды,əсіресе
қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ,ауруханаға келуін жəне дəрігермен
дербес сөйлесуі жөн болады.Телефон арқылы сөйлескенде,медбике өзінің аты-
жөнін,мамандығын,бөлімін айтуы керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде
жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай
ұсыныстарды сыпайы,бірақ анық түрде қайыру керек.
Қорытынды
Қорытындылай келе,науқасқа дәрі-дәрмектен
гөрі дәрігердің сезімталдығы,моральдық қолдауы
және жанкүйерлігі қажет.Емделушіге тек қана
дірігер ретінде ғана емес,оған дос бола білу
керек.Оның отбасымен тіл табыса білу керек.Әр
түрлі психикалық әрекеттерден науқасты емдеу
барысында қиындықтар туындауы
мүмкін.Сондықтан,науқасқа толық
сезімталдықпен қарап,оның жағдайын түсінген
кезде,онымен сіздің араңызда нағыз қарым-
қатынас болуы мүмкін,бұл емдік нәтижеге өте
қажет.
Пайдаланған әдебиеттер

Андреева Г.М Социальная психология
Фрейд З. Введение в психоанализ
Кравченко А.И.Введение в социология
Асмолова А.Г Психология личности
Т.П.Обуховец “Основы сестринского дела”
Ростов на Дону 2003г
С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»
Астана 2007ж
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА КОММУНИКАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі хабарламалар
Баланың отбасына бару
Отбасы бөлмесі
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері және оның бала әлеуметтенуіне тигізер әсері
Отбасы және отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері
Алғашқы қадам бағдарламасы
Отбасы құрамы, түрлері
Отбасылық контексте кеңес беру
Пәндер