Сертификаттау жүйелері туралы
Презентация қосу
15 ДӘРІС
Сертификаттау жүйелері
Мемлекеттік техникалық
реттеу жүйесі
Сертификаттау жүйелері – осы
жүйеде орнатылған ережелер
бойынша сертификаттау жұмыстарын
жүргізуге қатысушылар жиынтығы.
Техникалық реттеу жүйесі
сертификаттау жұмыстарын жүргізуге
өз ережелері мен басқару
процедураларын қолданады.
Жүйелер ұлттық, мемлекетаралық,
аймақтық және халықаралық
деңгейде қалыптасады.
Мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесі
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесі (ҚР МТРЖ) – ҚР сертификаттау
мен аккредиттеу жұмыстарын жүргізу
ретін орнататын, сертификаттау
саласы бойынша жұмыстарды өз
құзыреттілік шегінде жүзеге
асыратын, мемлекеттік басқару
органдарының, заңды және жеке
тұлғалар жиынтығы.
Сертификаттау жұмыстарын
басқару
Қазақстан Республикасы Мемстандарты-
стандарттау, метрология және
сертификаттау бойынша мемлекеттік
өкілетті органы бекітілген
Сертификаттау жұмыстарын
қаржыландыру қоры республикалық
бюджет және келісім-шарт негізінде
жүргізілген жұмыстар ақысынан тұрады
ҚР МТРЖ жұмыстарына қатысуға Қазақстан
жерінде орналасқан барлық мемлекеттік
басқару органдары, қандайда болмасын
меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар,
шетел ұйымдары мен фирмаларына ашық
Міндетті шарт ҚР МТРЖ ережелерін
мойындау мен орындау
Сертификаттау жұмыстарын
басқару
Сертификаттау жұмыстарын басқару
сертификаттаудың өкілетті ресми органына
жүктелген – АҚ «Сараптау және
сертификаттаудың ұлттық орталығы»
Функциялары:
- заңнамаға, РК СМЖ талаптарына, ҚР
мемстандарт ережелеріне сәйкес
сертификаттау процедураларын орнатады;
- біртекті өнімдер (ережелерді, ретті)
сертификаттау жүйесін бекітуді жасау және
дайындауды ұйымдастыру, осы бағыттағы
жұмыстарды басқару мен бағыттау;
Функциялары
- жүйедегі сертификаттау жұмыстарын
жүргізуге қажетті нормативтік
құжаттардың қорын жаңарту мен
жетілдіру жұмыстарына қатысады;
- қауіпсіздік талаптарын тағайындайтын
халықаралық ережелер, нормалар және
стандарттарды жасау мен келістіру;
- жүйе Мемстандарты мен біртекті өнімді
сертификаттау ережелерін мемлекеттік
реестрге тіркеуге ұсынады;
Функциялары
- сертификаттаудың келешегі бар
бағыттарын жасайды;
- ҚР міндетті сертификаттауға жататын
өнім мен қызметтің түрлері бойынша
ұсыныс дайындайды;
- сертификаттау органдары мен сынақ
зертханаларын аккредиттеуге, олардың
іс-әрекеттеріне инспекциялық тексеруге
қатысады;
- сертификаттау органдары мен сынақ
зертханаларының іс-әрекеттерін
басқарады;
Функциялары
- сертификаттау органдары мен сынақ
зертханаларын санаққа алады;
- шетел сертификаттарын, сәйкестік белгісін
және сынақ нәтижелерін мойындау туралы
ұсыныстар дайындайды;
- біртекті өнімдер топтарын сертификаттау жүйесі
құрамын, сертификаттау органдары, сынақ
зертханалары жүйесін ұтымды ұйымдастырады,
сертификаттау органдары мен сынақ
зертханаларына қатысты шағымдарды
қарастырады;
- қатерлі өнеркәсіп өндірістері, объектілері және
жұмыстарын сертификаттау Кеңесін құрады.
Ғылыми-әдістемелік орталық
Функциялары:
жүйелік зерттеулерді жүргізеді және сертификаттау
обьектілерінің құрылымы және құрамы бойынша
ғылыми ненгізделген ұсыныстарды өңдейді;
өнім сертификаттауы бойынша нормативтік-
техникалық қамтамасыздандыру қорын
өзектендіреді және жүргізеді;
сертификаттау органдарын, сынау зертханаларын,
сарапшыларды аттестаттау бойынша аккредиттеу
комиссиясының жұмыстарына қатысады;
ғылыми зерттеулер жүргізеді және өнімді
сертификаттау бойынша жұмыстар әдістемесі мен
тәжірибелерін жетілдіруде, соның ішінде
Ережелерді жетілдіруде, олардың негізінде
басқарушы құжаттар кешенін әзірлеуге
ұсыныстарды дайындайды;
Функциялары
жұмысқа қатысушылар ақпаратын таратады және реестр
жүргізеді, ҚР мемлекеттік реестріне арналған қажетті
мәліметтерді дайындайды;
сертификаттау және аккредиттеу обьектісі бойынша
ақпараттарды таратады және талдайды, реттеуші және
басқарушы функцияларды қамтамасыз етуге
бағдарланған, автоматтандырылған деректер банкін
жүргізеді;
халықаралық және озық шетелдік тәжірибенің есебімен
сертификаттау бойынша жүргізілетін жұмыстардың
тиімділігін техника-экономикалық талдау мен бағалаудың
әдістемелік ұсыныстарын әзірлейді;
Орталық органы үшін жоғарыда көрсетілген бағыттар
бойынша тәжірибелік ұсыныстарды дайындайды.
Сертификаттау жөніндегі орган
Функциялары:
біртипті өнімді сертификаттау кезінде
қолданатын нормативтік құжаттар қорын
қалыптастыру және өзектендіру;
берілген сертификаттау жүйесінің
ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын
әзірлеу және жүргізу;
сертификаттауға өтінімдерді, сондай-ақ
шағымдарды қабылдау мен қарастыру,
осылар бойынша шешімдерді дайындау
және сертификаттауды жүргізу кезінде
өтініш берушілермен өзара әрекет ету;
Функциялары
әрбір нақты өтінім бойынша сынау зертханаларын
және өндірістерді тексеру жөніндегі органды
анықтау, егер ол сертификаттау сұлбасымен
қарастырылса, олармен өзара әрекет етудің
негізінде сынауларды және өндірісті тексеруді
ұйымдастыру;
сәйкестік сертификатын рәсімдеу және беру, оны
мемреестрінде тіркеу;
шетел сертификаттарын және де басқа сәйкестік
куәліктерін мойындау;
ҚР Мемстандартының аумақтық органдарының
қатысуымен өнім сипаттамаларының
тұрақтылығына инспекциялық бақылауды
ұйымдастыру;
берілген сертификаттардың және сәйкестік
белгілерінің жұмысын жою немесе тоқтату ;
Функциялары
өнім үшін түзету шараларын әзірлеуге қатысу,
сертификаттық талаптардың бұзылуы туралы
ақпараттар бойынша жедел іс-шараларды
қабылдау;
сертификатталған өнім реестрін және
сертификаттау нәтижелері туралы ақпаратты
жариялау дайындамаларын жүргізу;
ағымдағы қаржы қызметін және іс-қағаздарын
жүргізу;
қызметкерлер біліктілігін жоғарылатуды және
аттестаттауды ұйымдастыру;
стандарттар талаптарының өзгеруі кезінде
өнімді уақтылы сертификаттау бойынша
дайындаушымен өзара жұмыс істеу.
Сынау зертханасы
Сынау зертханасы (орталығы) өздігінен
ұйым және заңды тұлға дәрежесіне ие,
әлде сәйкестікті растау бойынша органның
немесе басқа заңды тұлғаның
құрылымдық бөлімшесі бола алады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz