Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы. Ғылыми танымның деңгейлері, формалары және әдістері
Презентация қосу
Ғылыми дүниетанудың
ерекшеліктері мен құрылысы.
Ғылыми танымның деңгейлері,
формалары және әдістері
Орындаған: Бекетаева.А.М
1-курс, ҚТӘ 3-топ
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
ЖОСПАР:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а)Ғылым дегеніміз не?
ә)Классикалық жаратылыстану
б)Ғылымның сенімді негізі
в)Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері
3. Қорытынды
КІРІСПЕ
XX ғ. — ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі
қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол
себепті де қазір “білім” деген ұғымды көбінше “ғылыми
білім” деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз» Ал,
шынында да солай ма? Әрине олай емес. Адам білімінің
көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста
қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық
әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.
Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын
білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми
білімінің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті
тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстык білімдерден ажырату
үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін
білу қажет.
Ғылым дегеніміз не?
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір
жүйеге келтірілген идеялық системасы (жүйесі). Демек, ғылыми дүниетану
қызметінің басты мақсаты шындық жайлы акиқат білімге қол жеткізу екен. Ол
білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетке қолданып,
практикалык қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сойтіп барған сайын
шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес
меңгеру үшін қажет. Бүл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-
әлеуметті функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір
функциясы — мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы жайлы
кейінірек арнайы әңгіме болады.
Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен.
Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған
теориялык таным процесі болып табылады. Ол — теориялық білімдер жүйесі.
Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп
саналады.
Классикалық жаратылыстану
Жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда — Жаңа заманда ғана
жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік)-
математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп,
осының негізінде классикалық жаратылыстану дүниеге келді.
Ертедегі грек ойшылдары жасаган логика (дұрыс ойлаудың зандары
мен формалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің
өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауга қатысты болды,
яғни ғылыми талдаудың объектісі тікелей дүние заттары мен
құбылыстары болмай, олардың ойша бейнелері — абстракция, ұғым,
пікір, сан, сапа, заң, т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда
оның идеалдық бейнесі (дүниесі) әлдеқайда жүйелі логикалық және
занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден
“жоғарырақ” тұргандай болып, өзіндік айтарлықтай дербес болмысы
бар теория саласын құрды. Антик ғылыми жасап берген сондай жүйелі
теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын
алуға болады.
Осындай жаңалықтардың арқасында антик
заманының мәдениеті, ғылым-білімі, қысқа
тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық
теориялар (Евклид, Архимед, т.б.), космологиялық
моделъдер(Аристарх Самосский, Птоломей т.б.)
жасап, физика, биология т.б. болащақ ғылымдар
үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады.
Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің
бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес
білімдерден айырып түратын негізгі
ерекшеліктері көрінді. Олар мыналар: 1) ғылыми
білім жүйелі, соңдай-ақ оны басқа білімдерден
логикалық жолмен қорьггып шығаруға болады; 2)
ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние
заттары мен құбылыстары емес, идеялық
объектілер, яғни олардың ойдагы бейнелері; 3)
ғылыми білімнің мазмүны оны танып білуші
адамның (субъектінің) мақсат-мүдцесіне тәуелсіз,
объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым
қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді,
жеке- дара заттар мен құбылыстарды ғана емес,
белгілі бір топқа, класқа жататын затгар мен
құбылыстардың бәріне тән жалпы
зандылықтарды іздейді.
Ғылымның сенімді негізі
Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер.
Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент,
тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны.
Бұл ғылымның эмпириктік, яғни тәжірибелік негізі.
Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі
тікелей байқалған кұбылыстардың жалпы эмпирикалық
заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.
Алайда, ғылыми зерттеу мұнымен
аяқталмайды. Бүл ғылыми танымның тек
бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады.
Ғылыми танымның тек бұл эмпирикалық
деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін
айыра білу қажет. Бұлардың арасындағы
айырмашылық, ерекшелік зерттелуге тиісті
нақты материалды жалпылаудың түрлерінің
ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның
мақсаты— заңдылықтарды ашу. Ал заң,
заңдылық дегеніміз құбылыстардың
арасындагы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты,
қайталанбалы байланыстар, яғни шындық
дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына,
класына қатысты жалпылық.
Заттар мен құбылыстардың бойындағы
жалпылық абстракциялау жолымен
анықталады, яғни олардың әрқайсысына
тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге
назар аудармай, жалпы, ортақ белгі,
қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске
асады. Абстракция деген латын тіліндегі
сөзді қазақшаласақ, “көңіл аудармау”
дегенді білдіреді. Логика деген ғылымда
қарастырылатын формалды-логикалық
жалпылау әдісі осы абстракциялау
әдісімен іштей байланысты. Алайда,
абстракцияның көмегімен жалпылаған
кезде кез келген жалпы белгі, қасиетті ала
салмай, құбылыстардың ішкі табиғатын
ашып көрсететін мәнді жалпы белгісін
алу қажет.
Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері
Ғылымның күрделі творчестволык іс деп саналуының
бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға кешетін тікелей
өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы — салыстыру,
абстракциялау,
жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-
тәсілдерді
қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы
Эмпириктік деңгбйде қолдайылатын негізгі
әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау,
өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса,
аксиомалық өдісті, системалық,
қурылымдық функционалдык, талдау,
математикалық моделін жасау әдістерін
т.б. пайдалануғатырысады. Ғылымның
басқа коғамдық сана формаларынан
(мөселен, діннен, өнерден) басты бір
айырмашылығы сол, ондажаңа білімді
қорытып шығарудың әдіс-төсілдері, яғни
ғылыми әдіс (метод) шешуші роль
атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы
бүл пікірді толық растайды. XVII ғасырда,
яғни классикалық жаратылыстанудың туу
дөуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен
француз ғалымы Р.Декарт ғылымды
дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі
методологиялық программасын: эм
п и р и к т і к (и н д у к ц и я л ы қ ) және
рационалистік (дедукциялық) әдістерін
тұжырымдады
Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды
тарихи роль атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты
ғылыми зерттеулердің іске асуына көмектесті, екіншіден,
ғылыми танымның құрылысын дұрыс анықтауға жол ашты.
Оның құрылымы екі этажды үйге ұқсас екенін көрсетті.
Теориямен айналысатын “жоғарғы этаж” эмпирикалық
“төменгі” этаждың үстінде түрғанымен, бірақ бірінші этажсыз
ол төмен құлап түсер еді, ал, керісінше, екінші этажсыз
үй салынып біткен құрылыс болып есептелмес еді. Бүл
қарапайым теңеуден келіп шығатын қорытынды: ғылыми
фактілерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық әдіс
ақиқат теориялық қорытынды жасай алмас еді, ал
дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер
еді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылыми танымда бүл екі
әдіс өзара бірін-бірі толықтыра отырып, диалетикалық бірлікте
қолданылады.
Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің
стандартты құрылыс моделі, шамамен,
мынадай тізбек түрінде іске асады:
тәжірибелік (эмпириктік) фактіні анықтау
— алғашқы эмпирикалық қорытынды -
бұл қорытындыға сәйкес келмейтін
фактілерді іздеу, табу — жаңаша түсіндіру
схемасы бар теориялық гипотеза
(жорамал) ұсыну — байқалған барлық
фактілердің негізінде кұрылган
гипотезадан логикалық қорытынды
шығару (дедукция). Ал бұл соңғы ақиқат
теориялық қорытынды болуы тиіс, өйткені
расталған гипотеза теориялық заңға
айналады. Ғылыми білімнің мұндай
моделі гипотетикалық-дедукциялық деп
аталады. Қазіргі заманғы ғылыми
танымның көпшілігі дәл осы тәсілмен
құрылады
ҚОРЫТЫНДЫ
Олай болса, танымның эмпирикалық және теориялық
деңгейлерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік
— заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу
арқылы зандылықты ашудың тәсілінде екен: тәжірибелік
(эмпирикалық) жалпылауда тек сыртқы ортақ белгілерді
ғана анықтауға болады екен, ал ішкі мәнді белгілерді ашуға,
дәлелдеуге танымның тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік
береді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz