Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері


Slide 1

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері

Slide 2

Әдіснама - қандай да бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық құралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы; 2) теориялық (танымдық) және тәжірибелік-өзгертушілік әрекетті ұйымдастыру мен құру тәсілдері принциптерінің жүйесі. Әдіснаманың жалпы танымдық іс-әрекет процесін зерттейтін таным теориясынан ерекшелігі - ол шынайы және тәжірибелік тұрғыдан тиімді білімге жету әдістері мен жолдарына баса назар аударады. Егер теория таным процесінің нәтижесі болса, әдіснама осы білімге қол жеткізу мен оны құру тәсілі болып табылады.

Slide 3

Философиялық әдіснама

Жалпы ғылыми әдіснама

Нақты ғылыми әдіснама

Технологиялық әдіснама

- таным принциптері;

ғылымның категориялық құрылысы

Ақиқатты тану мен қайта құру үдерісіне деген дүниетанымдық көзқарастарды айқындай отырып, барлық әдіснамалық білімнің мазмұндық негізін құрайды

- жалпы ғылыми пәндерде теориялық тұжырымдамалар

- белгілі бір не басқа да ғылыми пәнде қолданылатын зерттеулер мен рәсімдердердің, әдістердің, принциптердің жиынтығы

- зерттеу әдісі мен техникасы, яғни дұрыс эмпирикалық материалды және оның бастапқы өңделген нұсқасын алуды қамтамасыз ететін рәсімдер жиынтығы

Әдіснамалық білімнің деңгейлері

Slide 4

М. А. Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасы мынадай: «Педагогика әдіснамасы дамып келе жатқан қоғам жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын педагогикалық ақиқатты дұрыс көрсететін педагогикалық теорияның бастапқы ережелері, оның негіздемесі мен құрылымы туралы, білім алудың тәсілдері мен әдістерінің принциптері туралы білімдер жүйесі».

Slide 5

В. И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына көбірек жуықтайды: «Педагогикалық әдіснама - ғылыми-техникалық зерттеудің бастапқы (басты) ережелер, құрылымы, функциялары және әдістері туралы ілім».

Slide 6

Әдіснаманы түсіндірудің әр түрлі нұсқаларын талдай келіп А. М. Новиков былай деп жазды: «Әдіснама дегеніміз іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім». Мұндай анықтама әдіснаманың пәнін іс-әрекетті ұйымдастыруды заңдастырады. Іс-әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас жүйеге келтіру деген сөз.

Slide 7

Г. П. Щедровицкийге сенсек, әдіснаманы іс-әрекетті ұйымдастыру туралы ілім ретінде қарап, осы заманғы әдіснаманың негіздеу жүйесін құрайтын мынадай үш негізгі функцияны бөле жарып айтуға болады:

Slide 8

Іс-әрекет - адамның айналадағы өмірмен белсенді қарым-қатынасқа түсуі. Оның барысында адам обьектіге мақсатты түрде әсер етеді және сонысымен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субьект ретінде танылады.

Slide 9

Ғылыми ортада іс-әрекетті түсіндіруде, екі көзқарас, екі тәсіл қалыптасқан:

психологиялық

(А. Н. Леонтьев)

Оның алғашқысында іс-әрекетті субьект жүзеге асырады деп есептелінеді.

әдіснамалық

(Г. П. Щедровицкий) .

іс-әрекет, өздігінен алғанда, тұлғаны еліктіріп әкетіп, ұдайы жаңарып отыратын түп негіз болып табылады.

Slide 10

Педагогика ғылымның әдіснамасы, біріншіден, жалпы әдіснама ғылымынан туындайды, екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен байланысты болады, үшіншіден, педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалармен, оларды зерттеу әдістерін қарастырады, төртіншіден, жаңадан алған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне ендірумен анықталады.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері
Педагогикалық теория
Жалпы әдіснама
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның теориялық және әдіснамалық негіздері
СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ҮШІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Жалпы және педагогикалық психология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz