ШЕТ ЕЛДЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Презентация қосу
ШЕТ ЕЛДЕРДЕ
СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҰҒЫМЫ
«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен
«corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру,
құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан
тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу,
күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-
намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу,
қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен
қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас
жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің
қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.
Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу»,
«іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі
«біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық
игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді
ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі органы – ірі
көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO, Serious Fraud Office) – өздерінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді
және Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауқымды
науқанды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы алдын алу
мақсатында әңгімелесу өткізеді.
Лейбористік партия қалыптастырған Ұлыбританияның алдыңғы үкіметі
кәсіподақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге ерекше көңіл бөлген.
Премьер-министр Г. Браунның нұсқауы бойынша Ұлыбританияның СІМ-і кәсіподақ
ұйымдарының басшылығы мен қатардағы мүшелері үшін тұрақты түрде арнайы
тренингтер өткізіп отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған.
Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары
ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы
хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ
пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның
көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі
идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы форумы», «Transparency International», «Кедейшілікке қарсы
инженерлер», «Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық»
және басқалар.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік
тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа
қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдар
мен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және
сыбайлас жемқорлық қылмыс дегейін азайтуға
болатыны туралы ақпарат алудың маңызды
тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел
мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен
есепке алу сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызметтегі қателіктер, қарама-
қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында
дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.
ГРУЗИЯНЫҢ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЛГІСІ
Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық
салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің
барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу
немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй
құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік
төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі
мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт
қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген
көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған
елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді»
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып-
тастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және
басқа- лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін
жүргізу- мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заң шығару және
үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді,
сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
СИНГАПУРДА СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
ШАРАЛАРЫ
Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
шабыттандырушы және ұйымдастырушысы 1959-
1990 жылдары премьер-министр лауазымын
атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың
қарашасында Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне
дақ түспеген адал, тиімді үкімет басқарушы
партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың
басты байлығы болып табылады және солай болып
қалады».
ШВЕЦИЯДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН
КҮРЕСТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ САЛАСЫНДАҒЫ СЕГІЗ
САЛАҒА БАСЫМДЫЛЫҚ БЕРІЛЕДІ
1 Демократияны құру 5 Жиынтық қазынаға және өз бетімен
Швеция үкіметі қоғамдық пікір жасауға бостандығынан айыруға қарсы күрес.
ұмтылады, қоғамдық ұйымдардың қызметін Көптеген жылдар бойына Швеция БҰҰ-ның заңнан
қолдайды және демократиялық мемлекеттермен тыс, ерікті және жиынтық қазынаны тергеу
ынтымақтастықты дамытады жөніндегі К онвенциясының қарарын қолдап келді
және алдағы уақытта осы мәселеге
жұртшылықтың назарын аударуға тырысады
2 Өз ойын білдіру бостандығын нығайту. 6 Құқықтық мемлекет
Швеция өз ойын білдіру бостандығын қажетті қағидаттарын сақтау.
адамгершілік алғышарт және адам құқығы үшін Швеция БҰҰ, Еуропа К еңесі, ЕҚЫҰ-да және өзінің
күре стің практикалық құралы деп есептейді басқа елдермен қатынасында құқықтық мемлекет
қағидаттарын сақтауды белсене қолдайды
Өлім жазасын жою. Адам құқығы мен х алықаралық гуманитарлық
3 Ұзақ уақыт бойына Швеция мен Еуропалық Одақ
7 құқықты қорғау
ел дері өлім жазасын оны адам құқығына сәйкес
келмейді деп есептеп, алып тастауға тырысуда
Азаптау тәсілдерін қолдануға қарсы күрес. Кемсітушілікке қарсы күрес.
4 Швеция Үкіметі адам құқығын осын дай
8 Көптеген елдерде қаншама халық өзіне деген тең
бұзушылықтарға жұр тшылықтың назарын құқылы қатынасқа қол жеткізу үшін ұзақ жолдан
аудартады және азаптау құрбандарына көмек өтеді. Швеция үкіметі әйелдердің, балалардың,
көрсететін ұйымдарды қолдайды мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының
сақталуына ерекше көңіл бөлген жөн деп есептейді
АҚШ ЕЛІНДЕГІ СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚ
АҚШ заң шығару құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудегі батыл саясатымен ерекшеленеді.
Халықаралық деңгейде алып қарасақ, жемқорлық мәселесіне аз назар аудармайтын басқа Еуропа елдерімен
салыстырғанда, бұл елдің қылмыстық заң шығаруында сыбайлас жемқорлыққа терең кең ұғым берілетіні мойындалады.
Америкалық қылмыстық заң өзгеше құрылымымен ерекшеленеді. Ол федеральды қылмыстық заң және бөлек
штаттардың қылмыстық кодекстерінен тұрады. Және штаттар да, федеральды заң да тұтас сыбайлас жемқорлық
саласындағы лауазымдық қылмыстардың бірдей түрлері үшін жауапкершілікті көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа жататын
федеральды қылмыстық-құқықтық нормалар негізгі бөлімі АҚШ Заңдар жинағының 18-тарауында.
АҚШ-та лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлығы ұғымына Заңдар жинағының 18-тарауындағы төрт бөлімінде
қарастырылған құқыққа қарсы әрекеттер жатады: 1) 11-бөлім «Парақорлық, арам табыстар, лауазымды адамдардың
қызметтік жағдайын теріс пайдалану»; 2) 93-бөлім «Лауазымды тұлғалар және жалданған қызметкерлер»; 3) 41-бөлім
«Күштеп алушылық және қорқыту»; 4) 29-бөлім «Сайлау және саяси қызмет». Федеральды лауазымды қылмыстарға
федеральды банк жүйесіне зиян келтіре алатын банк қызметкерлерінің әрекеттері де жатады. Федеральды резервтік
жүйеге жататын немесе Федеральды сақтандыру корпорациясымен, Ұлттық ауылшаруашылық несие корпорациясымен
сақтандырылған кез келген банктің лауазымды тұлғалары, директорлары немесе жалданған қызметкерлері банк
инспекторына несие немесе шай-пұл ұсынса, олар қылмыс жасады деп есептеледі, оларға 5000 долларға дейін айыппұл
салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер банк инспекторлары ұсынған несиені немесе шай-
пұлды алатын болса, олар да дәл осылай жазаланады.
Мелекеттік қызметке тағайындау кезінде ықпалын пайдалану мақсатымен параға сатып алу лауазымдық зиян келтірудің
өзгеше түрі болып табылады. Мұндай жағдайда пара алу тура мағынасында емес, сыйақы келешекте тек өз ықпалын
пайдалануға сөз бергені үшін ғана беріледі немесе алынады. Бұл қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана емес, сондай-
ақ фирма да, корпорация да бола алады. Келешекте лауазымға тағайындау кезінде қолдау көрсету немесе ықпал жасау үшін
ақы төлеген, ұсынған немесе төлеуге сөз берген адамдар да жауапкершілікке тартылады. Федеральды заң қызметтік
жағдайын теріс пайдаланушылыққа:
- Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі лауазымдық қызметтеріне сәйкес келмейтін іспен айналысуы;
- шенеуніктердің мемлекеттік қаражат, ақпаратты пайдалану және алыпсатарлық арқылы баюға бағытталған әрекеті
жатады.
Пайдаланылған әдебеттер
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту:
жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам //
Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
//Астана.-2016-.
3.Хонг М. Сингапур – страна, победившая коррупцию //
К обществу без коррупции. – 2004. – № 2 (19).
4.Sweden to the EU Anti-Corruption Report, Brussels,
3.2.2014, European Commission
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz