Астрономия пәні. Аспан координаталар жүйесі


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинформатика кафедрасы

Тақырыбы: Лекция №1. Астрономия пәні. Аспан координаталар жүйесі

Орындаған: Құдайберген С. А.

Тексерген: Мадимарова Г. С.

Алматы - 2018

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Аспан координаталар жүйесі . . . 4

2. 2. Аспан сферасы . . . 5

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

02. 03. 2018

2

Геодезиялық астрономия

Slide 3

І. Кіріспе бөлім

Астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) - ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Сондай-ақ, ғаламшараралық, жұлдызаралық ортаны, пульсарларды, қара құрдымдарды, тұмандықтарды, галактикаларды, квазарларда және т. б. зерттейді.

02. 03. 2018

3

Геодезиялық астрономия

Slide 4

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Аспан координаталар жүйесі

Жер бетіндегі кез келген нүктенің орны - ендік және бойлық (ф және X) географиялық координаталардың көмегімен анықталатыны белгілі. Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды. Аспан координаталары географиялық координаталарға ұқсас, бірақ астрономдар географтарға қарағанда әртүрлі зерттеу мәселелеріне байланысты аспан координаталарының бірнеше жүйесін қолданады. Солардың екеуімен танысайық.

02. 03. 2018

4

Геодезиялық астрономия

Slide 5

Кординаталардың көкжиектік жүйесі

Кординаталардың экваторлық жүйесі

Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш азимут. Екіншісі вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы шырақ биіктігі. Бірақ бұл кординаталар жүйесін қолдану кезінде қолайсыз жағдайлар да бар. Себебі аспан денелерінің көкжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының орнына байланысты.

Аспан сферасындағы жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымн бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы аспан экваторының жазықтығы

02. 03. 2018

5

Геодезиялық астрономия

Slide 6

02. 03. 2018

6

Геодезиялық астрономия

2. 2. Аспан сферасы

Slide 7

Қазіргі заманғы астрономия аспан денелерін зерттеудің тәсіліне қарай бірнеше бөлімге бөлінеді. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қозғалысы анықталады, Жердің айналу заңдылықтары зерттеледі, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан нысандарының орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), белгілі бір бағыттағы азимуттарды анықтау әдістері жүйеленеді. Аспан механикасында бүкіләлемдік тартылыс күшінің әсерінен болатын аспан денелерінің, соның ішінде жасанды денелердің қозғалысы, сондай-ақ аспан денелерінің тепе-теңдік жағдайы зерттеледі. Жұлдыздық астрономияда біздің Галактиканы (Жұлдызаралды) құрайтын жұлдыздар жүйесі, ал галактика сырты астрономиясында басқа галактикалар және олардың жүйелері қарастырылады.

02. 03. 2018

7

Геодезиялық астрономия

Slide 8

02. 03. 2018

Геодезиялық астрономия

8

Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Қазіргі астрономия келесі бағыттарға бөлінген:

Астрометрия

Теоретикалық астрономия

Аспан механикасы

Астрофизика- Астрономия нысандарын (объектілерін) физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы - астрофизика деп аталады.

Жұлдыз астрономиясы

Космохимия

Космогония

Космология

Slide 9

ІІІ. Қорытынды бөлім


Ұқсас жұмыстар
Экваторлық координат жүйесінен көлденеңге өту
Жазық полярлық координаталар жүйесі
Жазық координаталар жүйелері
Геоцентрлік координаталар жүйелері
Геодезияда қолданылатын координаталар
Аспан денелері
Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі
Жұлдыздыдан орташа уақытқа және артқа өту
Жаратылыстану ғылымдарының философиялық проблемалары
Жазықтықтағы аналитикалық геометрияның элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz