ЕҢБЕК – ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ




Презентация қосу
ЕҢБЕК – ТҰЛҒАНЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ

Орындаған:
Тексерген:
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Еңбекке баулудағы қазақ
халқының еңбек дәстүрлері
2. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен
міндеттері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

“Еңбек адамның екінші
анасы.”
КІРІСПЕ
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп оның ішінде ғылымның,
тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен
еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Әл-Фараби
тәрбие мәселесін логикамен байланыстыра уағыздаған. Ол "Ақыл мен
түсінік" атты еңбегінде ақылдылық пен адамгершілік үлгілі тәрбиеге
байланысты, оның негізі таза еңбекте, еңбек өз кезегінде тәрбиенің
негізінен туындайды деген еді. Ағылшын табиғат зерттеушісі Чарльз
Дарвин еңбектің, еңбекке баулудың, оның теориялық негізі - еңбек
тәрбиесінің маңызын жоғары бағалаған еді. Швейцария педагогы
Генрих Песталоцци (1746-1827) тәрбиесінің мақсаты - баланың күшін
дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады, сөйтіп,
Песталоцци дене тәрбиесін еңбек тәрбиесімен ұштастыра жүргізу
керек екенін дәлелдеп береді. Сондай-ақ, оқуды өнімді еңбекпен
ұштастыру, соның ішінде қол өнері және ауыл-шаруашылық
еңбегімен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен
қызметінің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Песталоцци
еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бір-бірімен өзара және
олардың ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын
қалыптастырады деп санады. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек
балалардың ақыл-ойын дамытады, адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырады. Осы негізде ол -еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты
қоғам өміріне белсене қатысатын жан-жақты дамыған адамды
қалыптастыру деп уағыздады
ЕҢБЕККЕ БАУЛУДАҒЫ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕҢБЕК ДӘСТҮРІ
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы
еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала
тәрбиесін бөлісіп алған.
Еңбекті дәріптеп жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде ұсыну "Аяз
би" ертегісіндегі Аяз би , "Кер құла атты Кендебайдағы" Кендебай, т.б.
бейнелері арқылы беріліп отырған.
Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне,
тұрмыс- тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң
аулап кәсіп етуді ойластырған.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз
басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім
тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған. Ал тері, ағаш,
темірмен байланысты кәсіптерді ер адамдар атқарған. Аяқ киім (етік,
мөсі, кебіс, шоқай, шәркей) тігетін етікшілік, қайыстан жүген тартып,
өмілдірік, қүйысқан, қамшы, шідер секілді әбзел істейтін өрімшілік
үлкен өнер болып есептелген.
Ағаштан - ашамай, арба, шана жасайтын балташыларды темірден -
құрал-сайман еңбек құралдарын немесе әшекей зергерлік бұйымдар
жасаушы ұсталарды халық жоғары бағалаған. Халық педагогикасынан
орын алған еңбек және еңбекке тәрбиелеу қазіргі педагогика
теориясы принциптерімен ұштасып жатыр. Еркін еңбек барысында
өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін
МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының
қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы
көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және
зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар
мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие
беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас
жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру
қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен
таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін
қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның
экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар
дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек
көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек
үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам
ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының
нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін
болады.
Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық
тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні
сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан
бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп
жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде
пайдаланады. Өзіне-өзі қызмет көрсетуеді. Балалар өзіне-
өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін
орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің
жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп
есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-
құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді
жинау, т.б. Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-
орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б.
жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің
берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның
күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек
балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың
адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті
қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына
Қолданылған әдебиеттер:

1. Р.Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
2. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. -
Алматы,1976.
3. К. Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1983
4. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы.
//Қазақстан мұғалімі. 19 аңпан, 1993 жыл.
5. Қ.Жарыңбаев,С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі
-Алматы, 1995.
6. С.Қалиев, т.б. Қазақ халқының салт дәстүрлері. -
Алматы, 1994.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие процесі
Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан - жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптасыру
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Экономикалық тәрбие
Тәрбие түрлеріне сипаттама
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БАСЫМДЫҒЫ
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Адамгершілік­асыл қасиет
Құқық бұзушылық
Пәндер