Ұрықтық қан айналу ерекшеліктері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Ұрықтық қан
айналу ерекшеліктері
Орындаған: Болатханов Н.Ғ
Тексерген: Тоқаев.З.К
Тобы: ВМ-705
Семей қаласы
2018-2019 оқу жылы
Жоспар:
Қан айналым жүйесі
Кіші қан айналым шеңбері
Үлкен қан айналым шеңбері
Сарыуыздық қан айналым жүйесі
Ұрықжолдастық қан айналым жүйесі
Қорытынды
Қан айналым жүйесі
Қанайналым жүйесі — денедегі қан немесе
гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз
ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі.
Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым
жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының
аралықтарында қан құйылатын саңылаулы
қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы
жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы
омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі
тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық
байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары
арқылы ғана қозғалады.Қанайналым шеңберлері
- адам мен жануарлар организмдерінде кіші және
үлкен қанайналым шеңберлері ажыратылады.
Кіші қан айналым шеңбері
Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ
қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан
басталады.Ондағы вена қаны өкпе артериясы
қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде
артерия қантамырларынан түзілген
қылтамырлар торында газ алмасады. Қан
оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан
тазартылады да, вена қаны артерия қанына
айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары
арқылы артерия қаны жүректің сол жақ
журекшесіне құйылады. Қан сол жақ
жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан
үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына
бағытталады.Кіші қанайналым шеңбері —>
жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —>
өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ
жүрекшесімен аяқталады.Кіші қанайналым
шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып,
оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке
келеді.
Үлкен қан айналым шеңбері
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол
жақ қарыншасынан қолқа артериясы
қантамырынан басталады. Оттекке
қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі
және ұсақ артерия қантамырларына
жеткізіледі. Қан артерия қантамырларымен
ішкі мүшелерге, жүректің өзіне,
бұлшықеттерге, сүйектерге барады.
Мүшелерде артерия қантамырлары
тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді.
Қылтамырлардың жұқа қабырғалары
арқылы қан дене жасушаларына қоректік
заттар мен оттекті таратады.
Жасушалардан көмірқышқыл газын
қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына
айналады. Вена қаны вена
қантамырлармен жүректің оң жақ
жүрекшесіне құяды.
Ұрықжолдастық қан
айналым жүйесі
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда
болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезенде жүрек түтікшелері төрт бөлімді (камералы)
жүрекке айналады. Ұрық организмінде артерия және вена қан тамырлары қалыптаса бастайды. Қан іштегі
нәресте (іштөлі) организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның
капиллярларында оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы
арқылы ұрық денесіне (бауырға) әкелінеді. Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен
каудальды (адамда — төменгі) қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға
айналады да, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша
тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға,
содан соң қолқа арқылы ұрықтың денесіне тарайды. Ұрық организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны
краниальды (адамда — алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе
артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Ұрық организміндегі өкпелік қан- айналымның қызметке
қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады.
Туғаннан кейін, нәрестенің (іштөлінің) бірінші рет тыныс алуына байланысты (өкпенің қызметі
қалыптасады) плаценталық қанайналымның орнында үлкен және кіші қанайналым шеңберлері
қалыптасады.
Құрсақтағы ұрықтың оттегі мен қоректік заттарды ана қанынан плаценталық
(ұрық жолдасы) қанайналым көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады.
Оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік
венасына енеді, бұл вена кіндік аймағының нәресте денесіне кіріп жоғары
жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады.
Ұрықтың қан айналымы
Бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа бөлінеді, олардың
біреуі бірден қақпа венасына құйылады, ал ductus venosus деп аталатын
екіншісі, бауырдың бетімен оның артқы жиегіне дейін барып, сол жерде төменгі
қуыс вена сабауына құйылады. Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің
үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа венасы арқылы
бауырға таза артерия қанын жеткізуіне байланысты.Бұл соңғы жағдайда өсіп
келе жатқан ағза үшін бауырдың қан жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет
құрсақтағы төлде басым болады да, туғаннан кейін әлсірейді.
Қан бауыр арқылы өтіп, бауыр венералар арқылы төменгі қуыс венаға құйылады. Сөйтіп, барлық
umbilicalis қаны не тікелей ductus venosus арқылы немесе жанама жолмен (бауыр арқылы) төменгі
қуыс венаға келеді.Сол жерде құрсақтағы төлге дененің төменгі жартысынан ағып шығатын вена
қанына араласады. Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс вена арқылы оң жақ
жүрекше ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашасының – valvula venae cavae interioris – көмегімен
жүрекшелер пердесінде орналасқан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге келеді.Аралас қан
сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға, одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналыс
шеңберіне соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс венадан басқа, тағы да
жоғарғы қуыс вена және жүректің веналық (тәждік) қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы
жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін, вена қаны одан әрі оң жақ қарыншаға, одан өкпе
сабауына келеді.Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен, қанның аз
ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына, одан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келеді.
Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан ductus arteriosus арқылы төмендегі қолқаға, одан ішкі мүшелер
мен аяқтарға ауысады. Сөйтіп, жалпы алғанда құрсақтағы төлдің тамырлары арқылы аралас қан
ағады.Құрсақтағы төлдің тамырлары арқылы аралас қан аққанымен, v.umbilicalis және төменгі
қуыс венаға құйылғанға дейінгі ductus venosus-ті қоспағанда, ductus arteriosus құятын жерден
төмен оның сапасы едәуір төмендейді. Демек, дененің жоғарғы бөлігі (бас) оттегі мен қоректік
заттары молдау қан алады. Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлау
қоректенеді. Бұрын қан арқылы алынатын қоректік заттардың орнына, енді тамақ ас қорыту
жолына түсіп, сол жерде қорытылып, сіңіріледі. Ал оттегі енді анасының қанынан емес тыныс алу
мүшелерінің іске қосылуы нәтижесінде сыртқы аудан келе бастайды. Мұны барлығы қан
айналысына да
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz