Синусоидалы тоқ тізбегі




Презентация қосу
Синусоидалы тоқ тізбегі

Орындаған: Дидарұлы Әділет
Қабылдаған: Джанузакова Раушан
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Синусоидалы ток
2. Синусоидтық ток тізбегіндегі екіполюстіктер
3. Синусоидтық ток тізбегіндегі төртполюстіктер
III. Қорытынды
Кіріспе:
XXIғасырдың бірінші жартысында
электротехника дами бастады. Электр токтың ашылуы мен оның
қасиеттерін зерттеу XXI ғасырға жатқызамыз. Ол кезде, яғни 1799жылы
А.Вольт бірінші болып электрохимиялық
тұрақты ток көзін ашқан болатын.XXIғасырдың бірінші жартысында
көптеген елдердің ғалымдардың зерттеулерінің арқасында,соның
ішінде көрнекті орын алатын орыс академигі В.В.Петров, токтың
химикалық, жылулық, жарықтық әсерлерін ашты. 1825- 1827 жылы А.М.
Ампер өз жұмыстарын жарыққа шығарды, сол жұмыстары электродинамиканың
ашылуына үлкен ықпал тигізді. Сонымен бірге, ол «электр ток»
терминін бірінші болып ұсынған.1827жылы Г.С. Ом электр тізбектер
үшін заң ашты және сол заңдар оның атымен аталды. 1845-1847 жылы ашылған
Кирхгоф заңдары электр тізбектер анализі үшін және сонымен қатар, 1853 жылы
эквивалентті активті екіполюстіктер теоремасы маңызды рөлге ие болды.
1. Синусоидалы ток
Синусоидалы тоқ деп мәні уақытқа тәуелді синусоидалық заңдылықпен
өзгеретін токты айтамыз.
Синусоидалы тоқ практикада кеңінен қолданылады. Синусоидалы токтың
тұрақты токқа қарағанда мынадай артықшылықтары бар: а) Синусоидалы ток
өндіретін қондырғылардың (генераторлардың) құрылысы тұрақты ток
генераторларына қарағанда қарапайым, жұмыс істеу сенімділігі өте жоғары
және бағасы арзан; ә) Трансформаторларды қолдану арқылы синусоидалы
кернеудің мәнін өте жоғары дәрежеге көтеруге болатындықтан синусоидалы
токты алыс қашықтыққа жеткізу арзанға түседі; б)Синусоидалы токты
пайдаланып жұмыс жасайтын электр қондырғылардың құрылысы тұрақты
ток қондырғыларына қарағанда әлде қайда қарапайым және арзан.
2. Синусоидтық ток тізбегіндегі екіполюстіктер
Электр тізбектерді, эквивалентті генератордың өз электр қозғаушы
күшімен және оның ішкі кедергісімен ауыстырған кезде, екіполюстіктер
пайда болады. Өйткені, оның арасымен қабылдағыштың арасында тек ғана
екі полюс- А және В бар. Пассивті екіполюстіктер деп, оның ішінде
энергия көздері жоқ болса, ал активті, егер оның ішінде энергия көздері
бар болғанды айтады. Екіполюстіктерді жалпы бір параметр бойынша
айтқанда, кіретін кедергімен немесе кіретін өтімділікпен
сипатталады. Бірақ, практикада ток көзімен (кіріс) қабылдағыштың
(шығыс) арасында әр түрлі байланысты күрделі болуына ықпал ететін
схемалар болады. Осындай схемаларды, яғни екі кірісі және екі шығысы
бар қысқыштарды төртполюстіктер деп атайды.
Күрделі электр тізбектерінің режимін зерттей
отырып, токтардың, кернеулердің және
қуаттылықтардың әр түрлі учаскілер мен
бұтақтар арасындағы байланысқа әкеледі.
Сол режим бойынша басқа тізбектердегі ток
белгісіз болуы да мүмкін бірақ, сонымен де
оның барлық параметрлері есептің шешілу
кезінде есептелінеді.
3. Синусоидтық ток тізбегіндегі төртполюстіктер
Электр фильтр, трансформаторлар, транзисторлар және электр
энергиясын беру сызықтарын төртполюстіктер түрінде
қарастырғанда өте ыңғайлы болып келеді. Төртполюстіктер,
екіполюстіктер сияқты сызықты немесе сызықты емес, активті немесе
пассивті бола алады. Енді пассивті, сызықты төртполюстіктердің
қасиеттерін қарастырайық. Энергия көзіне қосылатын төртполюстіктің
екі қысқыштарын - кіріс, ал қабылдағышқа қосылатын - шығыс деп
аталады. Төртполюстіктің кіріс кернеуінің шығыс кернеуінің қатынасын
U2 / U1, Ku кернеудің беру коэффициенті деп атайды. Осылай токтардың
қатынастарын да I2 /I1 , KI токтардың беру коэффициенті деп атайды.
Төртполюстіктердегі негізгі есептің анализі, ол кіріс кезіндегі кернеу мен
токты U1,I1 және шығыс кезінде U2 ,I2 өз арасында байланыстыру.
U1=h11I1+h12U2
I2=h21I1+h22U2
Осы теңдеуді h – параметрлердегі
төртполюстіктер теңдеуі деп атайды. h11, h12, h21,
h22 комплексті коэффициенттерді шығару арқылы
немесе төртполюстіктің кез-келген екі режим
арқылы экспериментті жолмен алуға болады.
Кірісте қысқа тұйықталу (U2=0) және шығыста
бос жүріс кезінде (I1=0):
III. Қорытынды
Қорытындылай келсек, осы жұмыста екіполюстіктер,
төртполюстіктер, туралы көптеген мағлұматтар алдық және
схема бойынша Electronical Workbench-те осциллограф арқылы
кедергіні, жиілікті таптық. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша
уақытты үнемдеп, қолданушыға өте ыңғайлы болуына және
көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Электротехника
негіздерін меңгеру, білу болашақ инженерлерге, яғни біз
сияқты оқып жүрген студенттерге әр түрлі электротехникалық
құралдарды, құрылғыларды нәтижелі түрде қолдану, барлық
салаларда өте қажет болады.

Ұқсас жұмыстар
Синусоидалы ток
АЙНЫМАЛЫ ТОК
ДИСКРЕТТІ СИГНАЛ
Электрондық генераторлар
Ток көзі
Электр тізбегін құрастыру
Электр тұтынушы
Электр кернеуі
Кім тапқыр? Электр тогы жайында
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды зерттеу
Пәндер