Ежелгі заман философиясы




Презентация қосу
ЕЖЕЛГІ ЗАМАН
ФИЛОСОФИЯСЫ

Аристотель(б.з.д. 384 — б.з.д. 322 ж)
Аристотель-грек пәлсапашысы,
Платонның шәкірті, Ұлы
Александрдың ұстазы. Ол түрлі-
түрлі тақырыптарға зерттеулер
жазған, соның ішінде физика,
метафизика, ақындық өнер, театр,
музыка, логика, шешендік өнері,
саясат,үкімет, этика, биология
және зоология.
Ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «
Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан
туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектердің
арасында өте маңызды байланыстар мен
үндестіктер болса да, олардың стилі мен
тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Философияан эстетика, этика, басқару ғылымы,
метафизика, саясат, психология, шешендік өнері
және құдайтану туралы еңбектер жазды. Ол білім
беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет
және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының
толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған
білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз
заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің
бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель
болған деген жорамал жасалған.
Өзінің ілімін Аристотель мәнділікті болмыс
деп қарастырудан бастайды да, оны сол
болмыстың өзіне тән категориялары арқылы
түсіндіруге тырысады, (түр-форма, мән,
сапа, сан, материя, қозғалыс, уақыт, т.б.).
Аристотельдің пікірінше, адамдар
«қоғамдық жануарлар». Отбасының,
қоғамның табиғи дамуының арқасында
мемлекет пайда болады. Мемлекеттің
табиғаттан айырмашылығы, онда көптеген
әлеуметтік, т.б. қатынастардың өріс
алғандығы.
Аристотельдің пікірінше, философияның пәні
жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың
(құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б.
түсіндіре білуі керек.

Мемлекет туралы

Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен,
адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы
себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи
дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа
хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында
деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп,
саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып,
тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.
“Саясатта” ол былай деп жазады: “Мейірбандық пен зұлымдық,
әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. отбасы мен мемлекеттің негізін
қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана
қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен
дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп
дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті
ісімен тығыз байланысты.
Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған
патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге
ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті
Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған
Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары
қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға
алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп,
алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің
негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни
мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан
1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.
Аристотелъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп
аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы»
деп те айтады.

Метафизика [гр. “Meta ta physіka” – “физикадан кейін” (
Аристотельдің философиялық шығармасы осылай аталған)] –
болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы
философиялық “ғылым”;
дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік
дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы
философиялық әдіс.

“Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз
алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді.
Аристотель оны “алғашқы философия” деп атады; ол барлық
ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім
мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы
бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика
теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті.
Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б.
Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып
дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап “Метафизика” терминімен
қатар сол мағынада “онтология” термині де қолданылды.
Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. логиканың
алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы
Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни
силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы
жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің
негізін қалады. Дәстүр бойыншаАристотельдің логикасы —
аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің
“Аналитикасында” баяндалған.
Аристотель дедуктивтік-силлогистік ілімді дамытса, Эпикур мен
оның ізбасарлары индуктивтік логиканың бастауын ашып,
индуктивтік жалпылаудың бірқатар ережелерін тұжырымдаған.
Аристотельдің логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-
маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық
ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың
сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция
туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде
“өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып,
шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп,
логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.
Саясаттағы физиогномика
Саясаттағы физиогномика - [грек, physis - табиғат, gnomon - білгір] - адамның
сыртқы бейнесі мен оның нақты тұлға түрі арасындағы байланыс туралы ілім.
Физиогномика көне дәуірде адамның психологиялық бейімділігі мен денесі
туралы түсініктер негізінде пайда болған. Яғни, адамға табиғат және құдаймен
берілғен. Аристотель физиогномика шебері болған: "кімнің бойы биік, ол батыл
және ер жүрек", "кімнің кіндігі қарынның ортасында емес, бірақ одан әлдеқайда
жоғары орналасса, ол ұзақ өмір сүре алмайды және әлсіз".

Физиогномика шебері - Аристотель
Физиогномика ұзақ жылдар мінез бен темперамент түрін жіктеу алғышартын
орындады. Басқа адамдардың сыртқы бейнесін оқи алу - тиімді саясат
жүргізудің міндетті құралы.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль,
адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық
пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз
бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині
Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“
Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына
кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш
мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе
туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі
баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру
дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде
қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-
құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан
басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау
үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты
ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-
философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне
жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін
жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары мақсатын айқындап,
мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға
Этикалық нормалармен жетекшілік жасайды
Аристотель өз еңбектерінде
жануарларды құрылысы мен
тіршілік әрекеттеріне қарай 4
топқа бөлді. Сонымен қатар
адамның анатомиялық-
морфологиялық құрылыс
ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын
да зерттеді. Жануарларды суреттеп жазу ерте
дүниеде жүргізілген.

зоология ғылым ретінде алғаш
Ежелгі Грекияда дамыған және ол
Аристотель есімімен тығыз
байланысты. Ол өз еңбектерінде
тұңғыш рет жануарлар дүниесін
жүйеге келтіріп, оларды қаны бар
жануарлар және қаны жоқ
жануарлар деп екі топқа бөлді.
Аристотель -бит — еттен, қандала
— жануар шырынынан, шұбалшаң
— балшықтан пайда болады деген
көзқарасты ұстанды.

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Ойлау мәдениеті
Қазіргі заман қазақ философиясы
Тіл философиясы
Философияның міндеттері
Орта ғасыр батыс философиясы
Қазақ философиясының өкілдері
Шығыс философиясы
Пәндер