Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары. Аллельді гендердің өзара әсері


Slide 1

Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары. Аллельді гендердің өзара әсері.

Қабылдаған:Татаева Р. К.

Орындаған:Бг-33, 2-топ

Slide 2 Slide 3

Мендель барлық ас бұршақ өсімдігінің 34 сортының ішінен бұршақтың 22 сортын таңдап алып, олардың көзге айқын түсетін жеті жұп белгісі бойынша шағылыстыру жүргізді. Оған: тұқымның түсі мен пішіні, сабақтың биіктігі мен аласалығы, гүлінің орналасуы мен реңі, жемісінің түсі мен пішіні жатады. Мендель будандастыруға алған бұршақ сорттарын бірнеше жыл бойы егіп, белгілердің ұрпаққа берілуі тұрақты екеніне көзі жеткеннен кейін будандастыруға қатыстырды.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Моногибридті будандастыру

Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналар дараларын будандастыру. Бұл будандастыруда аллельдік гендерге байланысты тек бір ғана белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары зерттеледі. Ата-аналарындағы және ұрпақтарындағы барлық басқа белгілер есепке алынбайды. Г. Мендель тәжірибелерінің бірінде гүлінің түсі қан қызыл және гүлінің түсі ақ бұршақ өсімдігінің екі сортын алған. Аналық ретінде алған қан қызыл гүлді бұршақ сортын, гүлі ақ түсті бұршақ өсімдігінің тозаңымен қолдан тозаңдандырғанда, бірінші ұрпақтағы барлық будан өсімдіктердің гүлі қан қызыл болған, яғни фенотип бойынша-біркелкі. Бұл байқалған заңдылықты Г. Мендель”Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі”деп атады. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі егер ата-аналардың генотипі гомозиготалы болса ғана сақталады. Бұл құбылысты кейде басымдылық заңы немесе Мендельдің бірінші заңы деп атайды.

Slide 7

Белгілердің ажырау заңы

Бірінші ұрпақ будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандыру арқылы, екінші ұрпақ будандарын алады. Екінші ұрпақ өсімдіктерінің біреулерінің гүлдері қан қызыл, екіншілерінікі ақ болады немесе екінші ұрпақта доминантты белгілері бар өсімдіктер де кездеседі. Екінші ұрпақта ата-аналарының екеуіне тән белгілердің көрініс беру заңдылығын белгілердің ажырау заңы-Мендельдің екінші заңы деп атаған.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Тәуелсіз тұқым қуалау (тәуелсіз комбинациялану) заңы немесе Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады деген тұжырымдама жасайды. Бұл заң тек қана, әр түрлі хромосомалар-да орналасқан гендерге байланысты. Әр гомологты хромосомада орналасқан түрлі гендер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды.

Slide 11

Белгілердің тәуелсіз комбинациялануы туралы қорытынды жасау үшін Мендель тұқымының сырты тегіс және түсі сары өсімдікті, сырты бұдыр тұқымды жасыл түсті өсімдікпен будандастырды. Доминанттылық ережеге және 1-ұрпақ будандарының біркелкілігі туралы заңға сәйкес, тәжірибеден алынған F1 1-ұрпақтың барлығының тұқымдарының сырты тегіс және түсі сары болып шықты. Бұл будан тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің өздігінен тозаңдануының нәтижесінде 2-F2 будан ұрпақ алынды. Нәтижесінде F2-де тұқымдардың төрт фенотиптік класы алынды: олардың ішінде тегіс сары, бұдыр сары, тегіс жасыл және бұдыр жасыл тұқымдар бар. Бұл жағдайда зерттеуге алынған белгілердің әр түрлі комбинациялары байқалады. Сонымен, екі жұп белгі бір-бірінен тәуелсіз ажырайды, яғни ол тәуелсіз тұқым қуалайды.

Slide 12 Slide 13

Қалыпты және патологиялық сыртқы белгілердің (фенотиптің) жарыққа шығуы, бір жағынан гендердің өзара күрделі әрекеттесуінің, екінші жағынан генетикалық факторлар (генотиптің) мен сыртқы орта факторларының әсерлесуінің нәтижесі болып табылады.

Бір белгілі белгінің дамуын анықтайтын және гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасқан гендерді аллельді гендер деп атайды. (А, а - бұршақ түсі)

Әр түрлі белгілердің дамуын анықтайтын және гомологты хромосомалардың әртүрлі локустарында, сонымен бірге әртүрлі гомологты емес хромосомаларда орналасқан гендер аллельді емес гендер деп аталады. (А- бұршақ түсі, В- бұршақ пішіні)

Slide 14 Slide 15

Толық доминанттылық

Доминантты аллель рецессивті аллельдің әсерін толық басып, гомо- және гетерозиготалық жағдайда жарыққа шығады.

АА = Аа

Мысалы: бет сепкілінің болуы - А, бет сепкілінің болмауы - а.

Slide 16

Толымсыз доминанттылық

Доминантты аллель рецессивті аллельдің әсерін толық баса алмайды, гетерозиготалардың өз фенотиптері болады. АА = Аа мысалы: АА- қалыпты көз алмасының дамуы Аа- микроофтальмия, аа - анофтальмия

Slide 17

Кодоминанттылық

Әр аллель жеке бір белгінің жарыққа шығуына жауап береді, бірге екі аллельде бірдей дәрежеде жарыққа шығады.

Slide 18

Аса жоғары доминанттылық

Доминантты аллель гетерозиготалық жағдайда гомозиготалық жағдайына қарағанда айқын дәрежеде көрініс береді Аа > АА Мысалы: дрозофила шыбындарында рецессивті аллель бар- а, аа - тіршілігін жояды, АА - тіршілік қабілеті қалыпты, Аа - ұзақ тіршілік етеді, ұрпақ көп береді.

Slide 19

Аллеларалық комплементация

Аллельдік гендердің өзара әрекеттесуінің сирек әдісі болып табылады.

Бұл жағдайда гомозиготалы рецессивті, бірақ өзара әртүрлі аллельдер генотипі фенотипі бойынша гетерозиготалы ағзадағыдай көрініс береді, доминантты аллельдің болмауына қарамастан белгінің қалыпты қалыптасуы жүреді. В - қалыпты ақуыздың түзілуіне жауап береді


Ұқсас жұмыстар
Гендердің өзара әрекеттесуі
Жыныс генетикасы
КОМПЛЕМЕНТАРЛЫ ЭПИСТАЗ
Құрылымдық гендердің анықтайтын гендер
Аллельді ген емес ген
Аллельді гендер - хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер
ГЕНЕТИКАЛЫҚ КАРТАЛАР ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА
Эпистаз
ФЕНОТИП ГЕНОТИП
Белгілердің тұқым қуалау типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz