Әбілғазы Баһадүр Түрік шежіресі


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: Әбілғазы Баһадүр

«Түрік шежіресі»

Сабақтың мақсаты:

Әбілғазы Баһадүрдің өмірі мен шығармашылығы жайында толығырақ түсіндіріп өту.

«Түрік шежіресі» шығармасы туралы қысқаша мазмұнын түсіндіру.

Slide 2

Әбілғазы Баһадүрдің өміріне қысқаша шолу

Әбілғазы Баһадүр Хан 1603 жылы Хорезм хандығының астанасы Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында дүниеге келіп, 1664 жылы қайтыс болған. Хиуа ханы болып 1645 жылдан бастап, 1663 жылға дейін билік еткен, тарихшы-шежіреші.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Әбілғазы Баһадүр ханның шығармашылығы: Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғылыми ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н. И. Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғылыми айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды “шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс” деп бағалады. 1854 жылы И. Н. Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3- томына Г. С. Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П. И. Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 - 1874) . Бұл шығарма - Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” - тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.

Slide 6 Slide 7

Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» кітабы туралы алғы сөз.

Шыңғыс ханның ұрпағы, Араб Мұхаммед ханның ұлы Хорезмдік Әбілғазы Баһадүр хан бұл кітапты жазу себебін былайша айтады.

Шыңғыс ханның ата-бабасы, туыстары мен ұрпақтарының туған, өлген жылдары мен жақсылы-жаманды істері жайлы парсы немес түрік тілінде кітап жазып қалдыру дәстүрге айналған еді. Қай елді басқарған хан болса да, оған арнап бір тарихшы бір кітап жазған. Одан бірнеше жыл өткенде Шыңғыс әулетінен екінші біреу хан болса, оған да өткенде жазған тарихшыдан жақсырақ жазамын деп екінші бір тарихшы кітап түзген. Солай ете-ете әр өлкеде мемлекет басқарған Шыңғыс ұрпақтарының кейбіріне 10, кейбіріне 20, үшіншілеріне 30 кітаптан жазылған. Мен пақырдың алдында Иран мен Тұранда өткен Шыңғыс ұрпақтарының тарихы жазылған 18 байлам еңбек жатыр.

Біздің ата-бабаларымыздың ыждағатсыздығынан һәм Хорезм халқының надандығынан Ғабдолла ханнан біздің аталарымыз айырылған жерден бері қарай бізге дейінгі тарихымыз жазылмаған екен. Бұл тарихты жазуды бір кісіге тапсырайық деп ойлап едік, лайықты кісі таппадық. Сондықтан «Жетім өз кіндігін өзі кесер» дегендей, өз тарихымызды өзіміз жаздық.

Адам атадан бұл кезге шейін есебін бір Құдайдың өзі біледі, талай шежірелер жазылған шығар. Бірақ бірде-бір патша, бірде-бір әмір, бірде-бір ақылды билеуші өз тарихын өзі жазған емес. Ешкім жазуға бата алмаған бұл кітапты жазғанда мен пақыр жалған айтуды не өз кемшілігімді жасыруды мақсат еткен екен деп ойлай көрмеңіздер. Сонымен, алға қойған мақсатымызға орай, бұл кітапты хижраның мың жетпіс төртінші жылында (қазіргі есеппен 1663 жылы) жазуға кірістік, атын «Шежіре-и Түрк» деп атадық, 9 бапқа бөлдік.

Slide 8

Түрік шежіресі

Екінші бап «Монғолдан Шыңғыс ханға шейін»

Үшінші бап «Шыңғыс ханның туғанынан өлгеніне шейін»

Төртінші бап «Шыңғыс ханның үшінші ұлы Угедей жайлы, оның балалары мен ұрпақтары, монғол жұртында патшалық қылған өзге де шыңғыс хан нәсілдері туралы»

Бесінші бап «Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай ұрпақтарының Мауереннахр мен Қашқарда патшалық қылғаны жайлы»

Алтыншы бап «Шыңғыс ханның кіші ұлы Төле хан әулетінен Иран мемлекетінде билік қылғандар туралы»

Жетінші бап «Жошы хан әулетінен Дешті Қыпшақта патшалық қылғандар жайында»

Сегізінші бап «Жошы хан ұлы Шайбани әулетінен Мауереннахрда, Қырымда және Қазақ, Тұранда хан болғандар жайында»

Тоғызыншы бап «Шайбани әулетінен Хорезм мемлекетінде патша болғандар жайында»

Әуелгі бап «Адамнан монғолға шейін»

Slide 9

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Әбілғазы Баһадүр өмірі
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Көшпелілер мәдениеті
МЕРКІТТЕР - ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ТАЙПАСЫ
Білімділер
XVII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Шәкәрім - шығармашылық
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Қалқаман - Мамыр" поэмасы
Орхон Енисей ескерткішінің ашылуы
Күлтегін жырының басты идеясы - Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz