Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Мухамедярова С. Р Тобы: БТ-507 Тексерген: Нуралина К. Т
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау

КІРІСПЕ
Күнкөрістің ең төмен деңгейі- бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең төмен тұтынушы қоржынының құнына тең. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мәні мен мөлшерін анықтауда халықаралық практикада адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыруда қажет ететін тауарлар мен қызметтердің бірер ең төмен деңгейін белгілеуге негізделген тәсілдеме - тұтыну себеті кеңірек таралған.
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі азық-түлік, тауар және қызмет түрлерінің мемлекет тағайындаған минималдық жиынтығынан тұратын тұтыну қоржынының құнымен шамалас.
Күнкөріс минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс үшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтамыз.

Еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критерийінің екі тәсілдері бар. Біріншісі - бұл азық - түлікке, киімге, тұрғын үйге, білімге, медициналық қызметке, қарым - қатынас арқылы жалпы мәдени деңгейін сақтауға, белгілі бір қызметтерді қолдануға (көлік, байланыс және т. с. с. ) және т. б. жұмыс істейтін отбасыларының негізгі қажеттіліктерінен шыға отырып оның есебі. Осы мақсаттарда мемлекет тұтынушылық себетін құрастырады, олардың құндың мәні анықталады, еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критериясының қызметін атқаратын ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.

Жалақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.

Номиналды жалақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл - ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы

Тұтыну себеті ең төменгі күн-көріс деңгейін есептеу үшін қажет. Қазақстанда тұтынушы қоржынының парметрлері қайта қаралмағанына жеті жылдан асты, ал қоржынның ақшамен өлшегендегі құны ғана инфляцияның беталысына қарай өзгертіліп келді.
Соңғы уақытта қоғамда бұл қоржынның жұтаңдығы мен оны қайта қарау қажеттігі жиі айтылып жүр.
Тұтыну себеті

Күнкөріс деңгейі
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің құны қазіргі таңда 28284 теңге құрайды. Қарапайым қазақстандықтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі деген нақты өмірге қатысты шамалы термин болып көрінгенімен, іс-жүзінде бұл- саяси өлшем. Осы өлшемге сәйкес кедейлік шегі белгіленіп, жалақы, зейнетақы және жәрдемақылардың минималдық мөлшері анықталады.

ТМД елдерінде азық - түлік себетін қалыптастыру әдістемесінің жалпы кемшілігі тамақтану өнімдерінің ең төмен тұтыну нормаларына негізделу болып табылады. ТМД кейбір елдерінде тұтыну нормалары КСРО - да 1991 жылы ең төменгі тұтынушылық бюджетте көрсетілген нормалармен салыстырғанда ет және ет өнімдерінің жеке түрлері бойынша 1, 2 - 2, 2 рет, балық өнімдері бойынша - 1, 3 - 4 рет, сүт өнімдері бойынша - 1, 2 - 3 рет төмендеген. ТМД барлық мемлекеттері халықтың әртүрлі әлеуметтік - демографиялық топтары үшін тамақтарға физиологиялық қажеттіліктер нормаларын қолданады. Нормалар денсаулық сақтау саласында сәйкес ұлттық органдармен құрастырылады, ал Әзірбайжанда, Ресейде, Украинада сондай - ақ Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын пайдаланылады.
Талдай көрсеткендей мемлекеттердегі тұтынушылық себеттерінде тамақ өнімдерінің жиынтығында ассортимент бойынша да, тұтыну нормаларында да айырмашылық бар.

Тұтыну себетінің құны нормативтік, статистикалық және құрамдастырылған әдістермен айқындалады. Дамыған елдерде ең төменгі күнкөріс деңгейін халықтың медициналық (орташа) табыстарын есепке ала отырып анықтаудың практикасы кең дамыған. Шығыс еуропалық елдердің көбінде есеп-қисаптарда нормативтік әдіс пайдаланылады. ТМД елдерінде ол басымырақ пайдаланылады және ең аз тұтыну себетінің құнына тең келеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы тағамдық азық-түліктерді тұтыну нормасы мен азық-түліктік және азық-түліктік емес шығыстар арасындағы ара қатынасты белгілеуге байланысты болған кезде практика құрамдастырылған әдісті пайдаланудың артықшылығына сендіреді.

Тұтыну қоржыны
Тұтыну қоржыны - азық-түлік және оған жатпайтын тауарлар, ең қажетті ақылы қызмет түрлеріне жұмсалатын шығындардың жиынтығы. Қоржынның азық-түлік бөлігін Қазақ тағамтану академиясы үкімет бекіткен тізім бойынша құраған. 2005 жылы бекітілген бұл тізімге 43 тағам енді.
Тұтыну себетін денсаулық сақтау бойынша өкілетті орган анықтайтын азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормасын статистика бойынша есептеледі.
Азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтердің белгіленген шығын үлесін, ең төменгі тұтыну себетінің бағасына белгілі бір арақатынаста Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жалпы, салықтар мемлекет табысының негізгі қайнар көзі болғандықтан, мынадай нақты талаптарға сай болуы қажет:

Ең төменгі күнкөріс деңгейі санаттарына және жалпы белгілеріне байланысты жеке-жеке есептеледі де (кәмелетке толмаған балалары бар, жұмыс істейтін азаматтар, зейнеткерлер және т. б. ) .
Әлемнің түрлі елдеріндегі ең төменгі күнкөріс деңгейі осындай факторларға байланысты:
Елдегі экономикалық жағдай.
Ұлттық валютаның жай-күйі.
Тұтыну тауарларының бағасы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz