ҒЫЛЫМИТАНЫМНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


Slide 1

Ғылымитанымның методологиялық негізі

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Стандарттау және Биотехнология» кафедрасы

Тексерген: Бейсембаева Г. Ш. Салкинбаева Г. Т. Орындаған: Мырзагалиева А. Е. Топ: БТ-507 Семей 2018 жыл

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

Кіріспе

Ғылым - бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.

Ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.

Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.

Қоғамның барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі кезде ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.

Slide 4

Ғылыми таным - танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті - мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез, дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі - оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді;

Ғылыми таным

Slide 5

Ғылыми таным - таным мен білімнің ең жоғарғы формасы

Ерекшіліктері:

Slide 6

Əдістемелік (грек. metodos - таным жолы, logos - ілім) : белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы; танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.

Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.

Методология

Slide 7

Ғылыми әдістер

Slide 8

Эмпирикалық әдістерге:

Slide 9

теориялық әдістерге:

Slide 10

- анализ - жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т. б) бөлу;

- синтез - заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

Slide 11

- жалпылау - объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

- индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

- дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

- аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т. б

Slide 12

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т. б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге - экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т. б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Зерттеу әдістерінің классификациясы

Slide 13

Түсінік - құбылыс пен заттың бар және керекті белгілерін бейнелейтін ой. Түсінік жалпы, дара, жинаулы, дерексіз және деректі, абсолюттік және қатысты болуы мүмкін.

Жалпы түсінік бір емес бірнеше затпен байланысты. Ең көлемді түсініктер категориялар, оған қатысты философиялық түсініктер (құбылыс формасы мен мазмұны), саяси-экономия (тауар, баға) және т. б.

Дара түсінік белгілі бір затқа байланысты.

Жинаулыға аяқталған жиынтықтар, белгілі бірлікті түсіндіретін біртекті заттардың толық тобын білдіретін түсінік жатады (орман, транспорт ағыны және т. б. ) .

Түсініктің бірмағыналығы мен қатынасы, бір ұғым екінші ұғымның орнын басу мүмкіндігі болғандықтан ғылымда өте маңызды. Бұл операция алгебралық байланыстарды өндіру және ықшамдауда математикада кеңінен қолданылады.

Қарапайым түсініктен жаңа күрделі түсініктің қалыптасу процесін суреттеу үшін күрделі байланыстың жеңілден тұжырымдау тәсілі пайдаланылады. Процестің қалыптасуы жиынтық теориясы тілінде жүзеге асады.

Түсінік

Slide 14

Пікір - түсінік байланыстары құралдарымен бекітілетін немесе теріске шығарылатын ой. Сөйлеуде пікір сөйлем түрінде болады. Пікір - ойлайтын заттар мен олардың белгілерін немесе олардың арасындағы обьектив байланысты құратын түсініктерді салыстыру.

Затты немесе құбылыс туралы пікірге адам белгілі бір деректі бақылау жолымен, немесе ортақ жолмен - ой қорытындысы арқылы келеді.

Ой қорытындысы - нәтижесінде жаңа пікір туындайтын екі немесе бірнеше пікір бірізділігін құрайтын ойлау процесі. Ой қорытындысын жиі ойлаудан әрекетке, іс-тәжірибеге өтуге мүмкіншілік тудыратын тұжырым деп те атайды.

Ойлар және ғылыми болжамдар

Ғылыми зерттеу процесінде келесі кезеңдерді атауға болады: ой туындысы; түсінік, пікір құрылымы, ғылыми болжамның жоғарылауы; ғылыми факторлардың қорытылуы, ғылыми болжамдар мен пікірлердің дұрыстығының дәлелі.

Ғылыми ой - барлық байланыс жиынтығының жете түсінбеу негізінде жасалатын тұжырымның, аралықсыз дәлелдеме оқиғаның түйсікті түсінігі. Ол бар біліммен негізделеді, бірақ бұрын ескерілмеген заңдылықтарды жасырады. Өзінің ерекшелігін ой ғылыми болжамнан табады.

Пікір

Slide 15

Ғылыми болжам - зарттеу себебін туғызатын болжам.

Егар ғылыми болжам зерттелетін фактімен дәл келсе, оны ғылымда теория немесе заң деп атайды. Таным процесінде әрбір ғылыми болжам тексеріліп, нәтижесінде ғылыми болжам салдары бақыланатын құбылыспен сәйкес келетіні, берілген ғылыми болжамның басқа ғылыми болжамға қарама - қайшылық туғызбайтыны анықталады.

Заң - керекті заңды дамуы келісілген құбылыстың ішкі мәнді байланысы. Заң құбылыс арасындағы немесе затты обьект қасиеттері арасындағы белгілі бір нақты байланысты білдіреді.


Ұқсас жұмыстар
Методологиялық функция
Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы. Ғылыми танымның деңгейлері, формалары және әдістері
AGREE критерийлерін бағалау
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
Философияның міндеттері
Клиникалық практикалық жетекшіліктер
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ
Философия пәні
Педагогика ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz