Сүт өнімдері үшін тара мен орауыштар




Презентация қосу
үшін тара
мен
орауыштар

Мырзагалиева А.Е.
• Жоспар:
Кіріспе

Пастерленген сүт. Буып-түю
құралдары.

Қойылтылған сүт және кофеге арналған
кілегей. Буып-түю құралдары.

Құрғақ сүт. Буып-түю кезінде байқалатын
өзгерістер және буып-түю құралына қойылатын
талаптар. Буып-түю құралдары.
Кіріспе
Тауарларды сақтау және тасымалдау кезінде тұтынушылық құндылықтарына
қауіп төнеді. Ол келесі жүретін өзгеруге байланысты:
- сапасының өзгеруі - тауар өндірісінің құрамдас бөліктері химиялық
процесстер барысында өзгеруге ұшырайды. Май қақсиды, витаминдер
ыдырайды. Көмірсутек ашыған өкілдер пайда болады.
- күйінің өзгеруі - тауар өндірісінің химиялық құрамы сақталады, бірақ күйі
өзгереді. Мысалы: нанның қатуы, сахарозаның кристалданып карамельне
айналуы.
- ластану және шығындалу - бұл бөгде денелердің түсуінен, жәндіктер мен
кеміргіштердің зиянкесті әрекеттерінен немесе булану процесі нәтижесінде
туындайтын тұтынушылық құндылығын төмендететін кемшіліктері. Мысалы:
тауар өніміне шаңның қонуы, басқа иістің сіңуі, дәнді - дақылдардың
қоңыздармен ластануы, ароматты заттардың ұшып кетуі, кебуі және т.б.
Пастерленген сүт.
Сүтті сауа салысымен онда микроорганизмдердің көп түрі болуы мүмкін, ары
қарай оны тасымалдауда және өңдеуде олардың саны қатты өседі; сол
себепті сүт фермасында рұқсат етілген тәсілмен сүт пастерленуі керек (85ºС
температурада пастерлеу немесе қысқа уақытта 71-74 ºС). Одан соң сүтті тез
+5ºС дейін суытады. Егер пастерленген сүт ауада ашық күйінде қалса, онда
ол тағы да микрооорганизмдермен инфицирленеді. Сондықтан пастерленген
сүтті микробтары аз тараға құйып, микроорганизмдер енбейтіндей суықта
сақтау қажет. Тоңазытқыштық жүйе бұзылмау керек.
Сонымен қатар тараға басқа иіс пен дәм, ароматтар енбеуі керек, өйткені сүт
өзіне басқа иістерді енгізуі жеңіл болады. Нақты зерттеулер көрсеткішіне
байланысты, сүттің құрамындағы витаминдер жарықтың әсерінен тез
төмендейді екен (6 сағат ішінде сүттіің құрамындағы С витамині мөлдір
бөтелкеде 79 % құрайды). Сүтке жарықтың әсері тағы да майлы дәм береді-
жарықтан жақсы қорғайтын тара қажет.
Сауылған сүттен басқа, сатылуға пастерленген майсыздалған сүтте түседі, оның
майлылығы максимум 0,05 % құрайды. Майы аз пахта және де сүтқышқылды
өнімдер (йогурт, айран және т.б) мен сүт сусындары дайындалады. Олардың
тарасына қосымша талаптар қойылмайды.
Буып-түю құралдары.
Сүтке арналған тұтынушы тара. Соңғы кезге дейін пастерленген сүт және де басқа
арнайы түрлері (йогурт т.б) шыны құмырада сатылатын болатын.
Шыны құмыралардың артықшылығы олардың иісі, дәмі болмайды, тіпті сүтті
қыздырған кезде шықпайды. Сонымен қатар қайталап қолдану кезінде де (50-60
рет) арзан тұрады.
Шыны құмыралардың кемшіліктері - қайта әкелінген бөтелкелердің дұрысталып
тазалануындағы техникалық қиындықтардың туындауы. Жұмысшылардың
көп жұмыс істеуінен, олардың көзбен қарап тексергенінен жеткіліксіз
тазаланады; буып-түю кезінде бөтелкені зақымдап алу қаупі; тараның
салмағының жоғары болуы (құмыраның салмағы 0,25 л-ге 200 г, 0,5 л-ге 450 г
және 1л-ге 660 г); жоғары жарық енгіштік. Жарықтан қорғаушы боялған
бөтелкелерді қолдану, олардың тазалығын тексеруде қиындықтар туғызады және
бұл сатып алушылардың келіспеушілігін шақырады. Осы кемшіліктердіңт болуы
картоннан жасалған бір реттік таралардың енуіне себебін тигізді.
Сүтті тасымалдаушы тара болып қазіргі кезде комбинирленген материалдан
жасалған тара - картон және пластмассадан жасалған пакеттер және полиэтиленді
пленкалы пакеттер табылады.
Қойылтылған сүт және кофеге арналған кілегей.
Сүт көп уақыт сақталуы үшін, ол стерилденген болуы керек. Жылытылып, содан
соң 50-30 % буландырып, суығаннан кейін тараға құұйлып стерилденеді (115-
120 ºС). Өзіне арналған тарада және суықта 3 ай көлемінде сақталады. Тараны
ашқан соң, бөлме температурасында сүттің сақталуы 2-3 күн.
Тара (банкі, шыны құмыра) стерилизациялау температурасына шыдау керек және
өз кезегінде сүтке бөгде иіс, дәм бермеуі қажет және герметикалық жан-
жағынан жабық болуы тиіс.
Стерилизацияланған кофе кілегейіне буып-түю құралдары үшін арнайы талаптар
қойылады.
Егер жарықенгіш тара қолданылатын болса, онда қоюланған сүт және кофе
қаймағын қараңғы жерде сақтау керек. Сақтау температурасы 15 ºС –тан
жоғары болмауы керек.
Буып-түю құралдары.
Қоюланған сүтке және кофе кілегейіне қолданылатын тара:
а) ақ қаңылтырдан жасалған банка;
б) шыны банкалар
в) шыны бөтелкелер
г) алюминийден жасалған қатты тубалар.
Банканың этикеткасын жабыстыру үшін кілейді бетіне толық жағамыз,ал шыны
құмыра үшін сызықпен не тамшы түрінде тамызамыз.
Қаңылтырдан жасалған банканың бетіне мөр қойылады, ал шыныдан жасалғанғанға
қойылмайды, себебі дұрыс қойылмаған мөрді қайта қалпына келтіруге болмайды.
Қойылтылған сүтті және кофеге арналған кілегейді тасымалдаушы тара:
а) ағаштан жасалған көп қолданбалы 40 бөтелке сиятын контейнерлер (0,25 л);
б) қақпағы бар қораптар немесе гафрирленген жиналғыш қораптар немесе толық
картоннан жасалған 30 бөтелкелер немесе 72 банка.
Буып-түю кезінде байқалатын өзгерістер
және буып-түю құралына қойылатын
талаптар
Қаймағы алынбаған құрғақ сүт 25-27 % май, 38 % сүт қанты және 25 %-тей
казеиннен тұрады. Майсыздалған құрғақ сүттің құрамында 1% май бар.
Ылғалдылық 5,2 % (42% ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) және
температура 20 ºС-тан жоғары болғанда бұзылу қаупі жоғары. Май тотыққаннан
тез ашыланады және тұздалады; сүттің қанты гигроскопиялық формада
ангидридті, ауадан ылғалдылықты сорып алып, 5% ылғалдылықта гидрат түріне
енеді.Осы кезде казеиннің ісіну жағдайы өзгереді де, сақтау уақытына
байланысты ерімейтін жағдайға енеді.өзгерістердің нәтижесінде құрғақ сүт
мүлдем ерімейді немесе ақырын ғана ериді.
Құрғақ сүт құрамында су 4-6% ғана болуы керек. Бұл ылғалдылықтың болуы
ауаның салыстырмалы ылғалдылығынан 30-35% аспауы қажет, сондықтан
қалыпты жағдайда сақтау үшін су; бу өткізбеуші тара талап етіледі.
Қаймағы алынбаған құрғақ сүтке арналған тара ауа өткізбейтін болуы керек. Ең
тиімдісі вакуумды тара болып табылады.
Ұзақ уақыт сақтау кезінде жоғары температурада тараның бу өткізбейтіндігіне
қарамастан бұзылу процесін тездетеді. Сондықтан температура 25 ºС аспауы
қажет, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% -тен жоғары болмауы
керек. Қаймағы алынбаған құрғақ сүттің сақталу мерзімі 3 ай , ал
майсыздалған құрғақ сүтке 4 ай мерзім қажет.Жарықтың әсері бұзылуға
әкеледі (тұздану), сондықтан өнімді қорғайтын тара керек. Тағы да бөгде
иістердің енуінен сақтайтын аромат өткізбегіштік тарасын қолдану дұрыс.
Тек құрғақ сүттен басқасы, балалардың тамақтану өнімі ( цитрозан, ки-на, хо-ми)
дәнді дақылдар және лимон қышқылынан тұрады.
Қаймағы алынбаған құрғақ сүт, балалардың тамақтану өнімімен салыстырғанда
ешқандай қосымша буып-түю талаптарын қажет етпейді.
Буып-түю құралдары
Құрғақ сүтке арналған тұтынушылық тара:
а) алюминді фольгадан жасалған қатпары жоқ жалпақ пакеттер (12 мкм) салмағы
50 және 100г.
б) хромды картоннан жасалған қатпарлы қораптар, ішінен атмосфералық тұрақты
целлофан-вилафа MST, немесе полиэтиленді пленкадан (40-60мкм) , немесе
пластмассалық жабыны бар қағаздан, және де сыртқы беті тұрақты
атмосфералық целлофаннан немесе полиэтиленді пленкадан тұрады. Салмағы
250 немесе 500 г.
в) ақ қаңылтырдан жасалған банкалар немесе лактанған қара қаңылтырдан
жасалған банкалар.
Вакуумды буып-түюде тотығуы төмендейді. Толтыру түбінен басталады.
Құрғақ сүтке арналған тасымалдау тарасы. Бұндай сүтке гафрирленген немесе
жалпақ картоннан жасалған қатпарлы қораптар қолданылады; салмағы-15 кг.

Ұқсас жұмыстар
Комбинирленген тара
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Заманауи орауыштар мен қаптамалар туралы ақпарат
Заманауи орауыштар мен қаптамалар
Ет өнімдері үшін тара мен орауыштар туралы
Пластмасса тара және орауыштар жасау үшін материал ретінде
ЕТ ӨНІМДЕРІ ҮШІН ТАРА МЕН ОРАУЫШТАР
Ағаш тара
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері. Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері туралы ақпарат
Пәндер