ЕТ ӨНІМДЕРІ ҮШІН ТАРА МЕН ОРАУЫШТАР


Slide 1

Ет өнімдері үшін тара мен орауыштар

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Стандарттау және биотехнология кафедрасы

Орындаған: Біртаева Әсем

Тексерген: Бепеева А. Е.

Семей 2018 жыл

Slide 2

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Жоспар:

Slide 3

Кіріспе

Тара сатып алушылардың жеткілікті ақпараттың, сонымен қатар тауарларды жарнамалар құралы болып табылады. Буып түю кезінде тараға қойылатын талаптар (химиялық, физикалық, биологиялық) толық орындалуы тиіс. Мысалы, мыналар қамтамасыз етілуі қажет: соғылу, итерілу, құлау кезіндегі беріктік. Құлау және тербеліс кезіндегі беріктік, тұрақтылық атмосфералық құбылыстарға қарсы (температураның өзгеруі, жарықтың түсуі) төзімділігі, органикалық иістерді өткізбеуі, май, ауа және газ, микроағзаларды өткізбеушілік. Тұтынушылық тара тауарларда атмосфералық құбылыстарда бөгде иіс, дәмдерден қорғауға негізделген, ал тасымалдаушы тара тауарларды белгілі бір жерге жарамды етіп жеткізуді қамтамасыз етеді.

Slide 4

Ет - тамақтық және биологиялық құндылығы жоғары азық болып табылады. Оның құрамында құнды ақуыздар, майлар, В1, В2, В6, РР, В12 дәрумендері, минералды элементтер - фосфор, темір, калий, натрий, күкірт, мырыш, мыс, экстрактивті заттар бар.

Адамның тамақтануына еттен жасалған өнімдер кеңінен қолданылады, оларға жататындар- шұжық өнімдері, жартылай дайын өнімдер, консервілер, шикі күйінде тұздалған және ысталған өнімдер (азықтар) - шошқаның қол немесе сан еті, ысталған (қақталған) төс еті және басқалар.

Slide 5

Етті орау мақсаты

Етті орау мақсаты: санитарлық талаптарды сақтау үшін, еттің сыртқы қабаты жақсы болады және өзіндік түрін сақтайды.

Полимерлік пленкаларды қолдану өнімді қоршаған ортадан былғанудан сақтайды, еттің тазалығын, тауарлық қасиеттерін көтереді, массаның азаюын болдырмайды. Қапталған еттің сақтау мерзімін ұзарту оның алғашқы микробиологиялық ластануына және пленкалардың қасиеттеріне байланысты. Оттегі өткізу қасиеті еттің түсі мен тауарлық қасиеттерін сақтауға әсер етеді.

Slide 6

Ет өнімдерін буып-түюге арналған қабықты полимерлі материалдарының қасиеттері

Ет өніміне буып-түюші қабықты таңдаған кезде өнімнің сақтау процессі кезінді болатын өзгерістерді, сақтаудың ұзақтығы мен жағдайын, сол буып-түюші материалдың қасиетін және оның бағасын ескеру керек. Өнімнің дұрыс сақталуы буып-түюші материалды дұрыс таңдалуына тәуелді. Ең бастысы, өнімнің сыртқы жағдайға сезімталдығын ескеру керек. Егер балауса етті буып-түюші қабық оттегі өткізгіш және бу өткзбейтін қасиетке ие болса, мұздатылған ет және құс етіне арналған газ және бу өткізгіштігі аз болуы керек. Ал тез қышқылданатын заттары бар, мысалы еттің май құрамы өте жоғары бола, онда қабық оттегі өткізгіш қасиетімен қатар жарық өткізбейтін қасиетке ие болу керек, сол себепті қабық боялған болғаны дұрыс.

Slide 7

Целлофан

Целлофан қабығы жыртылуға төзімді, жетерлікті эластикалы, газ өткізгіштігі өте төмен және бу өткізгіштігі жоғары, майға төзімді болып келеді.

Целлофан микроағзалардың әсеріне төзімсіз, сондықтан буып-түю кезінде гигиеналық жағдайларды өте қатал қадағалау керек. Целлофанда пісірілген және ливерлі шұжықтар, сосискалар үшін қабық ретінде, ал ұсталған шұжық тауық еі, ветчина, политеттерді үлестеп буып-түю үшін қоланылады. Целлофанды буып-түю материалы өнімнің ароматын жақсы сақтайды, қабығы өнімдерден оңай алынады.

Сақтау процессі кезінде балауса еттің түсін сақтау үшін бір жақты жамылғаса бар целлофанды қолдануға болады. Етке целлофан жамылғысы жоқ жағымен қарау керек, сойтіп ол ылғалданады және газ өткізгіш қасиетке ие болады.

Целлофанның сырт жағы нитролакпен және полиэтиленмен жамылған болып келеді, ол целлофанның суөткізгіштігін жояды және еттің ылғал шығынынан қорғайды.

Slide 8

Полиэтилен

Жоғары тығыздықты полиэтилен қабығы -60-тан +120С шегінде қолданылады, сонымен қатар төменгі тығыздықтағы полиэтилинге қарағанда тартылу қабілетіне ие және қатты. Жоғарғы тығыздықты полиэтиленнен сосискалар қабығын, дайын ет қабығын, балауса және мұздатылған етті орайтын буып-түю материалын жасайды. Қабықта стерилдеуге, дайын тамақты жылытуға болады. Кейде қабықтар ультракүлгін сәулелерді жұтатын бояғыш пигменттерімен сіңіріледі. Төменгі тығыздықтағы полиэтилен қабығын -60-тан +85С аралығында пайдалануға болады, сонымен қатар төменгі тығыздықтағы полиэтилен қабығының май өткізгіш қасиетін және ароматикалық заттардың өткізгіш қасиетін ескеру керек.

Slide 9

Плиофильм

Каучуктің гидрохлоридіндегі пластификатордың құрамына жіне типіне байланысты қабықтың шыдамдылық температурасы да өзгереді. Плиофильм екі типті болып шығарылады - ориентирленген және ориетирленбеген. Ориентирленген қабық қыздыру кезінде азайады және 50%-ке дейін кішірейеді. Бұл қабық дұрыс емес пішінді құс етін, ветчинаны және т. б. ет өнімдерін буып-түю үшін арналады. Плиофильм кулинарлы ет тағамын, таңертеңгі асты, шұжық өнімдерін буып-түйеді. Құрамында пластификаторы жоғары қабық, аязға төзімдісі, мұздатылған ет өнімдерін буып-түю үшін арналған. Қабық әртүрлі автоматта жақсы өнделеді. Плиофильмнің 120 НМ типіне ет, құсты, ал 75 ВҒ типіне, бекон, сосискалар, ет таңертеңгі астары буылып-түйіледі.

Slide 10

Полипропилен

Полипропиленнен жасалған қабық - ең мөлдір, май өткізбейді, жақсы пісіріледі, бағасы қымбат емес, жылу төзімділігі, бірақ тартылмаған күйінде суыққа төзімділігі азаяды. Сондықтан ориентирленбеген қабық үшін -10-нан +140С, ал ориентирленген қабықтың пайдалану диапазоны -60-тан +90С. Ет өндірісінде полипропилен қабығы стерильденген ет өнімдерін, мұздатылған екінші астарды және ет өнімдерін ұзақ сақтауға, буып-түюге арналады.

Slide 11

Целлофан - полиэтилен

Бұл комбинерленген материалдың бу және газ өткізгіштігі төмен болғандықтан оны негізінен су мөлшері шұжықтарды, ет турамаларын, сосискаларды вакумдап, буып-түю үшін пайдаланылады. Бұл буып-түюші қабық 85С дейін қыздыруға шыдайды, сонымен қатар қысқа мерзімде 100С градуста қыздыруға дейін шыдайды, сондықтан өнімді пайдалану алдында қыздырып жіберуге болады. Бұл қабық машинада жақсы өндіріледі.

Slide 12

"Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi

1. Қолдану саласы

1. Осы "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы", 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы"заңдарын iске асыру мақсатында әзiрлендi.

Slide 13

2. Осы Техникалық регламент Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасындағы тауарлардың жiктемесiне сәйкес өндiрiлетiн (дайындалатын) және әкелiнетiн (импортталатын) жануарлар және құс етiнiң барлық түрлерiне, қосымша тамақ өнiмдерiне, шұжық өнiмдерiне, жартылай фабрикаттарға және кулинарлық өнiмдерге, тамақ концентраттарына, қаннан қайта өңделген тамақ өнiмдерiне, қосымша өнiмдерге және өзге де құрамында ет бар тағамдарға қолданылады.

Slide 14

3. Осы Техникалық регламент мынадай ет өнiмдерiн:

Slide 15

Консервіленген ет өнімдеріне арналған тара


Ұқсас жұмыстар
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Комбинирленген тара
Ет өнімдері үшін тара мен орауыштар туралы
Заманауи орауыштар мен қаптамалар туралы ақпарат
Заманауи орауыштар мен қаптамалар
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
Пластмасса тара және орауыштар жасау үшін материал ретінде
Сүт өнімдері үшін тара мен орауыштар
Пластмасса тара және орағыш жасау үшін материал ретінде
Транспорттық және тұтынушылық тара және қаптамалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz