Ет өнімдері үшін тара мен орауыштар туралы




Презентация қосу
Ет өнімдері үшін
тара мен орауыштар

ОРЫНДАҒАН: CУЛЕЙМЕНОВА Д
ТЕКСЕРГЕН: БЕПЕЕВА А.Е.
ЖОСПАР

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім,
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Ас – адамның арқауы. Сондықтан тағам өнімдері қай заманда
болмасын жоғары сұранысқа ие және халықты тамақтандыруда
рационалды және денсаулыққа кепілдік беретін қасиетке ие болу
керек. Тағам өнімдері қоршаған орта әсеріне сезімтал
(температура, ылғалдылығы, күн сәулесі т.б.). Ал тара тағам
өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде сапасының төмендеуін
және шығынға ұшырамауын қамтамасыз етеді.Ол өнімді
физикалық, химиялық, климаттық, биологиялық әсерден
қорғайды. Қазіргі заманда тара жасайтын материалдардың түрлері
өте көп: полиэтилен, шыны, ПЭТ, қаңылтыр, қағаз т.б.
Ет өнімдерін буып-түюге арналған қабықты полимерлі
материалдарының қасиеттері
Ет өніміне буып-түюші қабықты таңдаған кезде өнімнің сақтау
процессі кезінді болатын өзгерістерді, сақтаудың ұзақтығы мен
жағдайын, сол буып-түюші материалдың қасиетін және оның бағасын
ескеру керек. Өнімнің дұрыс сақталуы буып-түюші материалды дұрыс
таңдалуына тәуелді. Ең бастысы, өнімнің сыртқы жағдайға
сезімталдығын ескеру керек. Егер балауса етті буып-түюші қабық
оттегі өткізгіш және бу өткзбейтін қасиетке ие болса, мұздатылған ет
және құс етіне арналған газ және бу өткізгіштігі аз болуы керек. Ал
тез қышқылданатын заттары бар, мысалы еттің май құрамы өте
жоғары бола, онда қабық оттегі өткізгіш қасиетімен қатар жарық
өткізбейтін қасиетке ие болу керек, сол себепті қабық боялған
болғаны дұрыс.
Сусыздандырылған ет өнімдеріне арналған буып-түюші материал
өзіндік спецификасымен ерекшелінеді. Бұл қабықтар кептірілген ет
өнмдерін ұзақ сақтау үшін бу, су және газ өткізбейтін қасиетімен
қатар оттегі әсеріне, атмосфералық әсерге және әртүрлі физикалық
факторлар әсеріне төзімді болатын полимерлі материалдан жасалады.
Көбінесе сусыздандаралған ет өнімдерін сақтау үшін көп қабаты
полимерлі қабықтар пайдаланылады.
Целлофан.
Целлофан қабығы жыртылуға төзімді, жетерлікті эластикалы, газ өткізгіштігі өте төмен
және бу өткізгіштігі жоғары, майға төзімді болып келеді. Целлофан микроағзалардың
әсеріне төзімсіз, сондықтан буып-түю кезінде гигиеналық жағдайларды өте қатал
қадағалау керек. Целлофанда пісірілген және ливерлі шұжықтар, сосискалар үшін қабық
ретінде, ал ұсталған шұжық тауық еті, ветчина, политеттерді үлестеп буып-түю үшін
қоланылады. Целлофанды буып-түю материалы өнімнің ароматын жақсы сақтайды,
қабығы өнімдерден оңай алынады.
Сақтау процессі кезінде балауса еттің түсін сақтау үшін бір жақты жамылғаса бар
целлофанды қолдануға болады. Етке целлофан жамылғысы жоқ жағымен қарау керек,
соәтіп ол ылғалданады және газ өткізгіш қасиетке ие болады. Целлофанның сырт жағы
нитролакпен және полиэтиленмен жамылған болып келеді, ол целлофанның
суөткізгіштігін жояды және еттің ылғал шығынынан қорғайды.
ПЛИОФИЛЬМ

Каучуктің гидрохлоридіндегі пластификатордың құрамына және
типіне байланысты қабықтың шыдамдылық температурасы да
өзгереді. Плиофильм екі типті болып шығарылады – ориентирленген
және ориетирленбеген. Ориентирленген қабық қыздыру кезінде
азайады және 50%-ке дейін кішірейеді.Бұл қабық дұрыс емес
пішінді құс етін, ветчинаны және т.б. ет өнімдерін буып-түю үшін
арналады. Плиофильм кулинарлы ет тағамын, таңертеңгі асты,
шұжық өнімдерін буып-түйеді. Құрамында пластификаторы жоғары
қабық, аязға төзімдісі, мұздатылған ет өнімдерін буып-түю үшін
арналған. Қабық әртүрлі автоматта жақсы өнделеді. Плиофильмнің
120 НМ типіне ет, құсты, ал 75 ВҒ типіне, бекон, сосискалар, ет
таңертеңгі астары буылып-түйіледі.
ПОЛИПРОПИЛЕН
Полипропиленнен жасалған қабық – ең мөлдірі, май өткізбейді, жақсы
пісіріледі, бағасы қымбат емес, жылу төзімділігі, бірақ тартылмаған
күйінде суыққа төзімділігі азайады. Сондықтан ориентирленбеген
қабық үшін -10-нан +140 С градус, ал ориентирленген қабықтың
пайдалану диапазоны -60-тан +90 С градус. Ет өндірісінде
полипропилен қабығы стерильденген ет өнімдерін, мұздатылған екінші
астарды және ет өнімдерін ұзақ сақтауға, буып-түюге арналады.
Целлофан – полиэтилен
Бұл комбинерленген материалдың бу және газ өткізгіштігі төмен
болғандықтан оны негізінен су мөлшері шұжықтарды, ет турамаларын,
сосискаларды вакумдап, буып-түю үшін пайдаланылады. Бұл буып-
түюші қабық 85С градусқа дейін қыздыруға шыдайды, сонымен қатар
қысқа мерзімде 100 С градуста қыздыруға дейін шыдайды, сондықтан
өнімді пайдалану алдында қыздырып жіберуге болад. Бұл қабық
машинада жақсы өндіріледі.
"Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар"
техникалық регламентi
1. Қолдану саласы
1. Осы "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар"
техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) Қазақстан
Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы",
2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы туралы", 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы"
заңдарын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
2. Осы Техникалық регламент Қазақстан Республикасының сыртқы
экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасындағы тауарлардың
жiктемесiне сәйкес өндiрiлетiн (дайындалатын) және әкелiнетiн
(импортталатын) жануарлар және құс етiнiң барлық түрлерiне, қосымша
тамақ өнiмдерiне, шұжық өнiмдерiне, жартылай фабрикаттарға және
кулинарлық өнiмдерге, тамақ концентраттарына, қаннан қайта өңделген
тамақ өнiмдерiне, қосымша өнiмдерге және өзге де құрамында ет бар
тағамдарға қолданылады.
3. Осы Техникалық регламент мынадай ет өнiмдерiн:
1) балалар тағамын;
2) май өнiмдерiн;
3) жануарлардан алынатын шикiзаттан өндiрiлетiн
(дайындалатын) медициналық препараттарды;
4) емдiк, алдын алу және диеталық мақсаттағы;
5) жеке пайдалануға арналған үйде дайындалатын
өнiмдердi;
6) гендi түрлендiрiлген жануарлардан алынатын
шикiзатты пайдалану арқылы алынған тағамдық өнiмдердi;
7) консервiленген тағамдарды;
8) тағамдық желатиндi өндiруге (дайындауға),
айналымына және жоюға қолданылмайды.
ҚОРЫТЫНДЫ

Универсалды қабыққы өте жақын полимерлі қабықты материалдар:
целлофан, полиэтилен, плиофильм, полипропилен, целлофан-
полиэтилен, поливинилхлорид қарастырылды. Бұл қабықтардың
физикалық, биологиялық, функционалдық қасиетері де анықталып
жазылады. Тара тағам өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде
сапасының төмендеуін және шығынға ұшырамауын қамтамасыз
етеді.Ол өнімді физикалық, химиялық, климаттық, биологиялық
әсерден қорғайды. Қазіргі заманда тара жасайтын материалдардың
түрлері өте көп: полиэтилен, шыны, ПЭТ, қаңылтыр, қағаз т.б. Ет
өнімдерін дайындау термо өңдеуден өтетіндіктен мұнда концерогенді
қосылыстардың түзілу қауіпті болып келеді. Сондықтан буылып-
түйілген өнімді термиялық өңдеуден кейін арнайы санитарлы
гигиеналық зерттеуден өту керек, ең жаңа физикалық әдістерді
қолданып концерогенді өнімдерді анықтау керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Поморцева Т.И. Технология хранения и переработки
плодоовощной продукции.-М., 2001.
2. Ларионов В.Г. Тарное производство для пищевой
промышленности в АПК/В.Г. Ларионов. – М. : Агропромиздат,
1989. – 80 с.
3. Гуль В.Е. Упаковка продуктов питания: учебное пособие / В.Е.
Гуль Е.Г. Любешкина Т.И. Аксёнова и др. - М.: ГАПБ, 1996.-212
с.
4. Производство упаковки из ПЭТ / Д.Брукс.-СПб, 2006.

Ұқсас жұмыстар
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Комбинирленген тара
ЕТ ӨНІМДЕРІ ҮШІН ТАРА МЕН ОРАУЫШТАР
Заманауи орауыштар мен қаптамалар туралы ақпарат
Заманауи орауыштар мен қаптамалар
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
Пластмасса тара және орауыштар жасау үшін материал ретінде
Сүт өнімдері үшін тара мен орауыштар
Пластмасса тара және орағыш жасау үшін материал ретінде
Транспорттық және тұтынушылық тара және қаптамалар
Пәндер