Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты



Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Орындаған: Жұпарбай М. Ғ, Әбдіхан А. Б.
Қабылдаған: Муратова Д. Б

Қарастырылатын сұрақтар

1) Инвестициялық саясаттың рөлі мен қағидалары
Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады, яғни ол мемлекеттік экономика, сонымен қатар шаруашылық субъектілердің, кәсіпорынның қызметіне әсер етуші құрал.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты дегеніміз - бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін көтеру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында барлық шаруашылық субъектілеріне жағымды жағдайларды жасау бойынша шараларды жүргізуді айтамыз.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты арқылы өндіріс көлемін көбейтуге, ғылыми техникалық прогрессті жетілдіру мен қоғамдық өндіріс құралдарының өзгеруін және көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді.

Нарықтық инфрақұрылымның жете дамуы осы инвестициялық саясатпен тікелей байланысты болып келеді.
Мемлекет тікелей келесі саясаттар арқылы инвестицияға әсер етеді:

Амортизациялық саясатты жүргізу барысында мемлекет келесідей қағидаларға сүйенеді:

Инвестициялық саясат ғылыми техникамен өте тығыз байланысты. ҒТП жеделдету экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады және мемлекетті индустрияландыру өзгертуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттің ғылыми техникалық саясаты дегеніміз ғылыми техниканың дамуы және олардың нәтижесін халық шаруашылығына енгізілетін шаралар жүйесін айтамыз.

Инвестицялық саясаты келесі бағыттарда жүргізіледі. :

Инвестициялық саясаттың өзіне тән құрылымдық элементтері:
Инвестицияларды қаржыландыру көздерімен әдістерін таңдау;
Инвестициялық саясат жүзеге асыратын органның болуы;
Инвестиция нарықта қызмет ету үшін қажетті нормативтік құқықтық заңдар болуы тиіс;
Инвестицияны тарту үшін жағдай жасау.

2) Инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары.
Инвестициялық саясат келесідей бағыттарда жүргізіледі:

Инвестициялық саясаттың өзіне тән құрылымдық элементттері бар:
а) инвестицияны қаржыландыру көздеру мен әдістерін таңдау;
б) инвестициялық саясатты жүзеге асыратын ортаның болуы;
в) инвестиция нарықта қызмет ету үшінқажетті нормативтік құқықтық заңдардың болуы тиіс;
г) инвестицияны тарту үшін жағдай жасау.

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған инвестициялық саясатты жүргізу келесідей жағдайларда жүзеге асады:
Инвестициялық бағдарламаға деген сұраныс;
Мемлекеттік инвестицияларды, осы жерде бюджеттік қаржы бөлімдерді және бюджеттен тыс қорларды тікелей басқару;
Сараланған жеңілдңктер енгізу;
Экономиканың нақты жағдайына қатысты қаржы, баға, несие саясатын жүргізу;

Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық инвестициялық саясаттың басты бағыттары:
1. Инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асырудағы ынталандыруды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2. Шаруашылық нарықтық жағдайына келсілген өзара байланысты құрылымдық инвестицияны құру қажеттілігі;
3. Тәуекелден инвесторлардықорғау, жұмыстың тиімділігін көтеру.

3) Мемлекеттегі инвестицияның климаттың мәні және оны құраушы факторлар.
Инвестициялық климатты анықтау шетел инвесторын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеті болып табылады. Себебі, біріншіден, инвестициялық климат шетел инвесторларына әсер ететін факторларды анықтауға, екіншіден, мемлекеттегі жағдайды тереңірек бағалауға, үшіншіден, шетел субъектілерінің мінез-құлықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Инвестициялық климат мемлекеттерде, аймақта, қалада инвестициялық қызметтің жағдайын анықтайтын заңдық нормативтік экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т. б. бір-бірімен байланысты факторлардың әерінен қалыптасады.

Инвестициялық климатты бірнеше көрсеткіштер арқылы бағалауға болады:

Қолайлы инвестициялық климатты құруға ықпал ететін экономикалық факторларға мемлекеттің ірі табиғи байлықтары: мұнай, газ, құмды, түсті, қара металлдар және т. б. жатады.

4) Инвестиция бойынша мемлекеттік агенттіктің мақсаттары, міндеттері және функциялары.
1996 жылдың 8-қарашысында ҚР Президент Жарлығымен инвестициялар бойынша ҚР-дың мемлекеттік комитетіи құрылды. Бұл атқарушы орган тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау аясында мемлекеттік басқарумен бақылау қызметін атқара бастады. Қазіргі уақытта ол инвестициялар бойынша ҚР-дің агенттігі болып аталады.

Инвестициялар бойынша агенттіктің негізгі мақсаттары: 1. Мемлекеттегі климатты жақсарту 2. Экономикаға тікелей, отандық, шетел инвестицияларын тарту және оларды қолдау 3. Инвесторларға инвестициялық жобаны дайындау мен жүзеге асырылуына көмек беру 4. Инвесторлардың құқықтары мен кепілдіктерін сақтау.

Агенттіктің негізгі міндеттіері:

Агенттіктің атқаратын функциялары:

5) Инвестицияны құқықтық реттеу формалары.
Жалпы инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің келесідей формалары бар:

Ұлттық құқықтық реттеу формасы-бұл инвестицалық қызметке байланысты және оны реттеуге бағытталған сол елдің аумағында әрекет ететін заңдармен нормативтік актілердің кешенін айтады. Қазігі уақытта ҚР-да инвестициялық қызметті реттеудің базасы ретінде 2003 жылы қабылданған инвестициялар туралы ҚР-ның заңы болып табылады . Бұл заң ҚР-ғы инвестицияға байланысты қатынастарды реттейді.

ҚР-сы аумағында инвесторлар қызметін құқықтық қорғаудың кепілдіктері келесілер болып табылады: 1. Инвесторлардың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады. Ол ҚР-ның конституциясымен, осы инвесторлар туралы заңымен және басқа да нормативтік актілермен қамтамасыз етіледі. 2. Инвестициялаудың мемлекеттік органдарының ҚР-дың заң актілеріне сәйскес келмейтін актілер шығару салдарынан, яғни осы органдардың лауазымды адамдардың заңсыз әрекетінін салдарынан өзіне келтірілген зиянды ҚР-дың Азаматтық заңдылығына сәйкес өткізуге құқығы бар. 3. Шарттарға өзгерістер енгізілетін жағдайды қоспағанда ҚР инвесторларымен мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттардың талаптардың тұрақтылығына кепілдік береді.

“Индустрия және жаңа технлогиялар” министрі Әсет Исекешов Қазақстан инвестицияға қолайлы елдер арасында 19 орында екенін ерекше атап өтті. Мәселен өткен жылдың өзінде отандық экономикаға 12 инвестор келіп 8 млрд. Доллардың жобаларын жүзеге асырды. Осынша көлемдегі қаржы жаңа саланың мамандарын дайындауға септігін тигізеді.

Шетел инвесторлары кеңесі Қазақстан Президентінің төрағалығымен жүзеге асырылатын кеңесші-консультативті орган болып саналады. Кеңес 1998 жылы елдегі инвестициялық қызмет пен инвестициялық ахуалды жақсартумен тікелей байланысты өзекті мәселелерді тиімді шешу үшін мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей үнқатысуды қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz