ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ




Презентация қосу
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ
ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
Жоспар

1. Жобалық талдаудың рөлі мен мәні
2. Жобалық талдаудың түрлері
3. Жобалық талдаудың негізгі
қағидалары
Жобалық талдаудың рөлі мен мәні
Экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаларды жасау, инвестицияның көлемінің
концептуалды бағдарлау негізінде жүзеге асырылады. Яғни, нақты инвестициялық жобаны
бастардың алдында жобаның күтілетін табыстары мен шығындарын салыстыру қажет.
Сондықтан да жобаны жүзеге асыруда оң және теріс нәтижелерді анықтау үшін, жобалық
талдау жасалынатын. Жобалық талдау инвестициялық жобаны алдын-ала дайындау
кезеңінде жүзеге асырылатын жобаларды талдаудың іске асырылатының тиімділігіне баға
беру болып табылады.
Жобалық талдау дегенімі – жобаға жұмсалатын шығындарды осы жоба бойынша түскен
табыстардың талдау процессі болып табылады.
Циклдері
Жобаның тұжырымдалуы
Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы
кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап,
кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын
анықтайды.
Жобаны дайындау
Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен
кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға
болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде
жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық,
техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды
және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап
етіледі.
Жобаны сараптау
Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы –
жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек.
Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен
қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі
сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру
процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл
кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының
Жобалық талдаудың түрлері
Қондырғыларды ауыстыру
Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы
ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте
осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі
дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді.
Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және
олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек
болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.

Шығындарды азайту
Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту
қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың
мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына
неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық
тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде
тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір
жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені
техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.
Қызмет көрсету нарығын кеңейту
Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту.
Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі
қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық
орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен
және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін
анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Кәсіпорынды кеңейту
Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл
түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және
бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін
талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді.
Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды
неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
Экологиялық жүгі бар жобалар
Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент
болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты
болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.

Маңыздылығы аса жоғары емес жобалар
Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай
жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды
Жобалық талдаудың негізгі қағидалары

1. инвестициялық жобаның ақша ағымдарын модельдеу.
2. жобаның өмірлік цикл бойында қарастыру.
3. уақыт факторын ескеру.
4. инфляция әсерін ескеру.
5. тәуекелдікті ескеру.
6. кәсіпорынның қаржы жағындағы жобамен және жобасыз шарттармен
салыстыру.
Ақша ағымдарын модельдеу деп жоба бойынша әртүрлі уақыттағы табыс
пен шығындарды өзара салытыру болып табылады. Ақша ағымы бұл
инвестициялық жобаны жүзеге асыру мерзімінде кәсіпорынның
инвестициялық, өндірістік, және қаржылық қызмет бойынша ақша түсуімен
кетуін сипаттайды.
Міндеттер
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі
міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді
және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін
нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау
және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына
қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны
таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны
инвесторлар арасында бөлу.
Назарлаңызға

Рахмет

Ұқсас жұмыстар
Инновациялық жобаның өмірлік циклы
Тәуекелді бағалау әдістері
ТАЛДАУ ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ
Маркетинг жоспары
Бизнесті ұйымдастыру
Жобаның мәні
Ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды инвестициялау
Өндіріс жоспары
Жобаның талдауы
Жобаны іске асыру
Пәндер