Инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Презентация қосу
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ:
Инвестициялық қызметтің құрамы мен құрылымы
Инвестициялық қызметті жүргізудің басты шарты –
инвестициялық ресурстарды қалыптастыру үдерісі болып табылады.
Инвестициялық ресурстар – бұл нақты және қаржылық
инвестициялаудың объектілеріне жұмсалатын мемлекеттің,
кәсіпорындардың қаржылық қаражаттары. Инвестициялық
ресурстарды қалыптастыру бастапқы капиталды жинақтаумен
байланысты:
-ұлттық табысты бөлу кезіндегі мемлекет шеңберінде;
-таза табысты бөлу кезіндегі кәсіпорын шеңберінде;
-қарыздық қаражаттарды (олардың көлемі қарыздық капитал құнына
-байланысты) тарту кезіндегі кәсіпорын шеңберінде.
Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ресурстар келесідей
көздерден құралады:
1) халықтың жинақтары;
2) жеке және заңды тұлғалардан салықтық төлемдер;
3) кәсіпорындар мен ұйымдардың, соның ішінде қаржылық
институттардың жинақтары;
4) Ұлттық банктің несиелері және бюджеттік қаржыландыру;
5) шетелдік инвестициялар;
6) халықаралық қаржылық ұйымдардың қарыздары мен несиелері;
7) гранттар, бейрезиденттерден қайырымдылық жарналары.
Микродеңгейде кәсіпорындардың қаражаттары маңызды
орынды алады. Олар кәсіпорынның меншік қаражатынан,
сонымен қатар тартылған және қарыздық қаражаттардан
қалыптасады.
Инвестициялық ресурстар келесідей
белгілер бойынша жіктелінеді:
Инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
келесідей ерекшеліктерді ескеруіне байланысты:
-Инвестициялық қызмет инвестициялық ресурстарды
қалыптастырусыз жүргізілмейді.
-Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру
тұрақты сипатқа ие, себебі инвестициялау барлық қызмет
кезеңдерінде жүргізіледі.
-Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру
кезінде реинвестициялау пайданы аудару, амортизациялық
аударымдар, негізгі активтерді сату есебінен жүргізіледі.
Кәсіпорындарды қаржыландырудың көздері – бұл негізгі және
айналым капиталына қызмет етуге капиталды тиімді қолдану
мақсатында капиталды шоғырландыруды білдіреді (машиналарды,
құрал-жабдықтарды сатып алу; тауарлық-материалдық
құндылықтар запасын толтыру; жаңа құрылыс; әрекет ететін
өндірісті жаңарту және т.б.).
Инвестиция көздерінің келесідей түрлері
бар.
Инвестициялау субъектілеріне
қатыстылығына қарау:
-ішкі көздер;
-сыртқы көздер (тартылған, қарыздық).
Меншік сипатына қарай:
-меншіктік;
-қарыздық.
Қазақстанда инвестициялық қызмет нормативтік-құқықтық
актілермен реттелінеді. ҚР инвестициялық қызметтің негізгі
заңы – «Инвестициялар туралы» Заң (8.01.2003 ж.№373-II,
10.12.2008ж. №101-IV, 13.01.2009ж. №135-IV өзгертулерімен)
болып табылады.
«Инвестициялық қызмет – бұл коммерциялық ұйымдардың
жарғылық капиталына қатысу немесе кәсіпкерлік қызметі
үшін қолданылатын бекітілген активтерді құру не кеңейту
бойынша жеке, заңды тұлғалардың қызметі».
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толық қанды мүшесі
болып табылады. Республикамыздың экономикасының дамуы экономикалық
ортада инвестициялық бағытты құруды талап етті. Инвестицияның құйылуы
өндірістің масштабының кеңеюіне және сонымен қатар экономиканың әлеуметтік
экономикалық дамуының сапалы, жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз етеді.
Экономикадағы жаңалықтар мен өсулер инвестицияның көлемімен,
құрылымымен және олардың жүзеге асырылу сапалары мен қарқынымен
анықталынады. Сонымен қатар, инвестициялық жинақтаулар мен олардың
материалдық ресурстарынсыз инвестицияда ешқандай оң нәтижелер болмайды.
Инвестицияны материалды заттық және ақшалай нысанына
бөлуге болады. Материалдық заттық инвестиция - ол салынуға
тиiстi өндiрістiк және өндiрiстiк емес объектiлер жабдықтар.
Машиналар және сонымен қатар ол ауыстыруға немесе техникалық
парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық
тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай
нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық - заттық
инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз
етуге жұмсалады.
Қорытынды:
Инвестициялық қызмет - қандай да болса шаруашылық
жүргiзушi субъектiнiң жалпы шаруашылық қызметiнiң
ажыратылмайтын бөлiгі болып табылады. Қазiргi өндiрiс үшін ұзақ
мерзiмдi факторлардың маңызының өсуi ерекше. Егер де кәсiпорын
ойдағыдай жұмыс істейтiн, өнімнiң сапасын арттыратын,
шығындарды азайтатын өндiрiс қуаттарын кеңейтетiн, өзiнің
шығарған өнiмдерiн бәсекеге жарамдылығын арттыратын және
нарықта өзiнiң жайғасымен нығайтатын болса, онда капитал салу
қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялы
стратегияны мұкият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға
жету үшiн оны үнемі жетiлдiрiп отыру қажет.Кәсiпорынның
инвестициялық стратегиясы екi бірiктiруден анықталады:көлемi
және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге
жарамдылығы. Бұл екеуiнiң бiрiктiлiгiн талдау кәсiпорынның
стратегиясын қисынға келтiруге мүмкiндік бередi.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Н.Ш. Әлжанова «Инвестициялық жобалау». \Қазақ
Университеті\, Алматы 2006
2.Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қалсаңында»,
3.Н.Назарбаев «Қазақстан - 2030», стратегия 1998ж.
4.https://www.damu.kz/8
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz