Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау туралы



Қаржылық инвестициялар, инвестицияның сапасы мен тиімділігін бағалау
Орындаған: Жумашев Темирлан
Қабылдаған: Муратова Диана

Жоспар
1. Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы
2. Фьючерстерді қолданудың негізгі бағыттары
3. Фьючерстік бағалардың жағымды өзгерісінен алынатын табыс

Инвестициялық портфель - бұл кәсіпорынның жетілдірілген инвестиция стратегиясына сәйкес және ортамерзімді кезеңдегі инвестицияның қызметті жүзеге асыруға арналған нақты және қаржыландырылған инвестицияның объектісінің нысаналы жиынтығы болып табылады.
Инвестициялық портфелді қалыптастыру - бұл инвестицияның объектісін нысаналы немесе мақсатты іріктеу процесі болып табылады.
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы

Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куіәләндыру үшін олар былайша бөлінеді:
бағалы қағазды ұсынушыға ― құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
атаулы бағалы қағаздар ― белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
ордерлік бағалы қағаздар ― ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп ― индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.

Бағалы қағаздар
Фондылық бағалы қағаздар
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар
Саудалық бағалы қағаздар коммерцтялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Инвестициялық бағалы қағаздар
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттерінің бардық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және кооперативтік (шаруашылық жүргізуші субъктілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылықшаруашылық қызметін жүргізу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Ақша нарығы
Ақша нарығы дегеніміз ― қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі ― бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Инвестициялық қоржын
Қоржынның бірінші типі
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процнттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың маскималды өсіміне бағытталады.
Қоржындардың екінші типі
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттерден табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады.

Инвестициялық портфелдің қалыптасу кезеңдері: I. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының мақсатының нақтылығы. II. Инвестициялық портфелдің ерекше мақсаттарын анықтау. III. Инвестициялық ресурстардың көлемі мен құрылымын және инвестициялық жобаның негізгі түрлерінің инвестиция портфелінің қалыптасуы. IV. Табыстылық тәуекелінің және өтімділігінің белгілерін қамтамасыз ететін портфелдің және түрлерінің қалыптасуы. V. Инвестициялық портфелдің қажетті ерекшіілігін қамтамасыз ету. VI. Инвестициялық портфелдің табыстылығын, тәуекелін және өтімділігін бағалау.

Инвестициялардың мақсаты:
жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу;
ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету;
отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту;
Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану;
қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру;
жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру;
өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету;
қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Назарларыңызға
Рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz