Іш жарығының асқынулары, қысылған жарықтар, емі алдын-алу шаралары


Slide 1

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті ИӨЖ Тақырыбы; Іш жарығының асқынулары, қысылған жарықтар, емі алдын-алу шаралары

Орындаған; Шаймұрат Е. Д

Тексерген: Булегенов Т. А

Slide 2

Iш жарығының асқынулары (қысылу, орнына келмеуi, копростаз, қабыну)

Slide 3

Қысылған жарықтар:

Қысылу - жарықтың ең ауыр асқынуы болып табылады. Барлық аурудың 3-15% - ын құрайды. Қысылған жарық дегенiмiз: қысылған мүшенiң қоректенуiнiң бұзылуымен өтетiн, жарық құрамындағы заттың жарық қақпасында немесе жарық қабының тыртықты өзгерген мойнында кездейсоқ қысылуы.

Slide 4

Эластикалық қысылу iш бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жарық қабында жататын iлмекке iшек құрамының көп мөлшерде түсуi нәтижесiнде дамиды.

Slide 5

Қабырғалық қысылуы (Рихтерлiк) кезiнде iшектiң тек бiр қабырғасы ғана қысылады. Ол - iшек шажырқайына қарама-қарсы орналасқан iшек қабырғасы.

Slide 6 Slide 7

Ретроградты қысылуында ащы iшек қысылады, бұл кезде жарық қапшығында екi iшек iлмегi болады, ал аралық iшек iлмегi құрсақ қуысы iшiнде орналасады. Ішек некрозы алдымен жарық сақинасынан тыс құрсақ қуысы iшiндегi iшекте дамиды, ал жарық iшiндегi iшек iлмектерiнiң бұл кезде әлi өмiрге қабiлеттiлiгi сақталады. Көбiнесе iшек iлмегi, содан кейiн шарбы қысылады.

Slide 8

Қысылған кабырғалық ішектің қабырғасына серозді-етті тігіс салу операциясы

Рихтер жарығында

Slide 9

Қысылған жарық кезіндегі ішек өтімсіздігінің белгісі

Slide 10

Патанатомиясы:

Iшектiң жарық қақпасымен қысылу жерiнде странгуляциялық жүлгелер түзiледi. Олар iшек қабырғасының 3/4 бөлiгiн алады. Мұнда алдымен iшек қабырғасы зақымдалады, содан кейiн қан айналымының бұзылуының дәрежесi бойынша iшектiң орталық бөлiмi әкелушi, әкетушi iлмектер зақымдалады. Iшек қабырғасының қысылуы - iшек қабырғасының қоректенуiнiң бұзылуы және венозды iркiлiс нәтижесiнде дамиды.

Slide 11

Жарық суы алдымен стерильдi, содан кейiн геморрагиялық сипатта болып, содан соң инфицирленедi. Шажырқай тамырларының қысылуы мен тромбозы соңында некроз дамиды. Iшек некрозы кiлегейлi қабатта болады, өйткенi кiлегей асты қабатында тамырлар өтедi.

Жарық қапшығында iшек некрозынан кейiн жарық флегмонасы және нәжiс перитонитi дамиды. Шарбы қысылуының қауiптiлiгi аз, бiрақ ол тамырлардың тромбозы мен эмболиясы және некрозбен асқынады.

Slide 12

Клиникалық көрiнiсi:

Iшектiң жарық қақпасымен қысылу жерiнде странгуляциялық жүлгелер түзiледi. Олар iшек қабырғасының 3/4 бөлiгiн алады. Мұнда алдымен iшек қабырғасы зақымдалады, содан кейiн қан айналымының бұзылуының дәрежесi бойынша iшектiң орталық бөлiмi әкелушi, әкетушi iлмектер зақымдалады. Iшек қабырғасының қысылуы - iшек қабырғасының қоректенуiнiң бұзылуы және венозды iркiлiс нәтижесiнде дамиды.

Slide 13

Жарық суы алдымен стерильдi, содан кейiн геморрагиялық сипатта болып, содан соң инфицирленедi. Шажырқай тамырларының қысылуы мен тромбозы соңында некроз дамиды. Iшек некрозы кiлегейлi қабатта болады, өйткенi кiлегей асты қабатында тамырлар өтедi.

Жарық қапшығында iшек некрозынан кейiн жарық флегмонасы және нәжiс перитонитi дамиды.

1. Жарық томпаюы бөлiмiнде қатты ауырсыну болады.

2. Кездейсоқ орнына келмейдi.

Slide 14

3. Жарық томпаюының мөлшерi ұлғаяды және жарық суына байланысты ол тез қатаяды (рихтерлiк қысылуда болмайды) .

4. «Жөтел түрткiсi» симптомы жоғалады.

5. Iшек өтiмсiздiгi симптомы - құсу, iш қату, iштiң кебуi, желдiң шықпауы. (Рихтерлiк және шарбы қысылуы кезiнде болмайды) .

6. Жалпы симптомдар - бозару, цианоз, аяқ-қолдың сууы, тiлi құрғақ, кiшi жай пульстің болуы.

7. Жергiлiктi белгiлерi - асқынған жағдайда қабыну, жарық флегмонасы.

Slide 15

Дифференциальды диагноз:

Жарықтың орнына келмеуiмен, жарықтың қабынуымен, копростазбен, жарықты аппендицитпен, шапты лимфаденитпен, жедел орхоэпидидимитпен, басқа генездi iшектiң өтiмсiздiгiмен, перитонитпен, панкреонекрозбен жүргізiледi.

Iшек өтiмсiздiгi кезiнде алдымен жарық қақпасын зерттеп, қысылған жарықты анықтау керек.

Slide 16

Емi:

Қысылудан кейiн 3 тәулiк өткен соң өлiм қаупi 10 ретке жоғарлайды. Операция өз уақытында жасалса да, өлiм қаупi - 2, 5 % құрайды. Некроз кезiнде iшектi резекциялайды.

Slide 17

Операция ерекшелiктерi:

1. Қысылған сақина жарық қабының ашылуына дейiн және қысылған мүшелердiң бекуi мен қаралуына дейiн кесiлмейдi. Сан жарығы кезiнде қысылған сақина iшiне қарай кесiледi.

2. Қысылған мүшелер мен iшастар қабырғасының тамырларын зақымдамау үшiн сақинаны кескенде абай болу қажет.

Slide 18

3. «Жарық суы» инфицирленгенде салфетка салады, содан соң оны сорып алып, себу жасайды.

4. Iшек iлмегiн орнына келтiргенде абай болу керек. Бұл әдiс шажырқайға новокаиндi енгiзгеннен кейiн жасалынады.

5. Егер iшекте өзгерiстер болса, онда жылы физиологиялық ерiтiндiге малынған салфетканы 5-10 минутқа салып қояды.

Slide 19

Iшектiң өмiрге қабiлеттiлігiнiң белгiлерi:

а) қалыпты түсi мен тонусының қалпына келуi

б) серозды қабатының тегiстiгі мен жылтырлығы

в) перистальтиканың болуы

г) шажырқай тамырларында пульсацияның болуы

Slide 20

Жарық қабында бiрнеше iлмектер болса (ретроградты қысылу болуы мүмкiн)

Iшек резекциясы сау тiн деңгейiнде жасалады, яғни iшектің жоғары жағынан 35-40 см, төменгi жағынан 15-20 см кесiп алып тастайды.

Slide 21

Анастамоз 3 жолмен жасалынады:

«соңын соңына»

«бүйiрiн - бүйiрiне»

«соңын - бүйiрiне»

Slide 22

Жағдайы ауыр науқастарға iшек жыланкөзi салынады, ал жағдайы өте ауыр науқастардың некроздалған iлмегiн резекциясыз сыртқа шығарады. Ең қарапайым және аз жарақаттайтын пластика әдiстерi қолданылады.

Жарық флегмонасы кезiнде iш қуысы жағынан iшек резекциясымен бiрге ортаңғы лапаротомия жүргiзiледi. Содан кейiн қайтадан жарыққа келiп, iшектiң қысылған бөлiгiн кесiп, iш қуысына дренаж салады. Дефект пластикасын жасамайды.

Slide 23

Өлiм дәрежесi:-

алғашқы тәулiгiнде - 2, 9 %-ын,

екiншi тәулiкте - 7 %-ды

екiншi тәулiктен кейiн -31, 3 %-ды құрайды.

Асқынулары: перитонит, өкпе асқынулары, тромбоз, эмболиялар, кеш қан кетулер.

Slide 24

Консервативтi ем:

Қысылудан кейiн алғашқы 2 сағат iшiнде, жүрек декомпенсациясы миокард инфарктiсi, қатерлi iсiктер кезiнде консервативтi ем тағайындалады.

Консервативтi емнiң құрамына кiредi:

Қуық пен iшектi босату

Жылы ванна, жылытқыш

Жамбасты кiшкене көтерiңкi жағдайда ұстау

атропин инъекциясы

тазарту клизмалары

хлорэтил себу

Slide 25

терең дем алдыру

қолмен жарықты орнына келтiру

Орнына келтiргеннен кейiн жөтел түрткiсi симптомын анықтау арқылы жарық каналын саусақпен бақылау қажет. Ол өздiгiнен орнына келсе, стационарда жоспарлы бақылауға алынады. Жағдайы нашарлаған жағдайда жедел түрде операция жасалынады.

Алдын алу: Өз уақытында жоспарлы операция, жарықты анықтаудың диспансерлiк әдiсi.

Slide 26

II. Копростаз.

Копростаз- нәжiстiк массаның жарық қабында iркiлуi.

Ол көбiнесе iшек атониясы бар адамдарда, орнына келмейтiн үлкен жарығы бар адамдар да, қарттық шақта байқалады.

Клиникалық ерекшелiктері: томпаюдың ұлғаюы мен ауырсынудың күшеюi баяу түрде жүредi. Жөтел түрткiсi феноменi сақталған, жартылай iшек өтiмсiздiгi байқалады. Жалпы жағдайы аздаған өзгерiске ұшырайды.


Ұқсас жұмыстар
Қысылған жарықтар
ІШ ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ. КЛИНИКАСЫ, ДИАГНОСТИКАСЫ ЖӘНЕ ЕМІ
Қысылған жарықтар кезіндегі дәрігер тактикасы
Паразитарлы аурудың хирургиядағы негізі
Ботулизм
Тілме - терінің жедел қабынуы
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Тері бозғылт
Іш сүзегі, А және В паратифтері, сальмонеллез профилактасы және күресу жолдары
Ботулизм тамақтан ұланудың қаупті түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz