Кене ( Acarіna )
Презентация қосу
Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер
класының бір отряды. Қазақстанда
3 отряд тармағы (акариформды,
паразиттіформды және аз
зерттелген пішендік кенелер), 10
тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (
иксод кенелерінің 51, гамаз
кенелерінің 100, қызыл денелі
кенелердің 24,қамба кенелерінің
52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар.
Республиканың барлық өңіріне кең
тараған. Жер бетінде, теңізде,
тұщы суда тіршілік етеді, ал
жыртқыш және өсімдікқоректі
кенелер жер қыртысында,
ормандағы ағаш түбінде, өсімдік
бетінде, ін мен ұя ішінде
мекендейді. Дене құрылысы, пішіні
Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3 отрядын біріктіреді.
Денелері 0,05 тен 13 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі
30 мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас болып біріккен.
Дернәсілдеріның 3 жұп, нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары
бар. Денесімен қозғалмалы қосылған педипальпалары күрделі ауыз
мүшесін, (басқа ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні
әртүрлі, педипальпалары кене қармалағыштарын құрайды. Сезім
мүшелері - денесіндегі көптеген қылтанақтары, лира тәрізді
мүшелері мен көздері. Тармақталған кеңірдек тәрізді тыныс
мүшелерімен, ал кейбір түрлері терісі арқылы тыныстайды. Кенелер
дара жынысты буынаяқтылар. Оларда жыныстық диморфизм айқын
байқалады. Кене отрядтары: шөпші кенелері, ең жабайы
сатыдағылары. Ол жер шарының жылы аймақтарының орманды
жерлерін мекендейді. Бұлар өте ұсақ топырақ бетіндегі
жыртқыштар. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға,
(алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға
(құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген; паразитиформдық
кенелер денесі құрсақ пен баскеудеден тұрады. Оның 4 жұп
аяғымен ауыз аппараты, (басы) бар. Акариформдық кенелер
құрамында қора, қышыма қотыр, жүн, қауырсын, су, өрмек
сауыттылар, берішкенелері бар. Тоғышарформдық кенелер
құрамына иксодид, аргазид және гамазидтер енген. Кенелер
дерматиттер, қотыр ауруларын туғызады. Қан сорғыш кенелер
Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) –
кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және
орталық жүйке қабынуын тудырып,
орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын,
жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене
энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық
энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп
те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей
ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б.
Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан
адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл
індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes
persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы
жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау,
Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды
аймақтарда кездеседі.
Қанға тойған кене
Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында
РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы)
тұқымдасына, арба-вирус (В тобы)
этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы.
Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден
+300-ға дейінгі температура ауытқуларында
өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде
және төменгі температурада өмір сүруін көп
жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату
кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция
ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз.
Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс
энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық
энцефалит қоздырғышы, қос толқынды
менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа
нейротроптылық тән.
Кененің зияны
Кенелер. Бұлар — өрмекшітәрізді ұсақ жәндіктер — топырақта,
орман төсемінде, әр түрлі ұяларда, індерде, есімдіктерде, тұщы
суларда, теңіздерде, тіршілік етеді, Сондай-ақ паразиттік
жолмен тіршілік ететін кенелердің 20 мыңнан астам түрі бар деп
есептеледі. Бұлардың дене мөлшері 0,05—13 мм шамасынан
аспайды. Тек қанға тойған кене мөлшері 30 миллиметрге дейін
жетуі мүмкін. Көпші-лік кенелердің медициналық және
малдәрігерлік салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды
ұзақ сақтап, жануарлардан адамға тасымалдауға
бейімделгендіктен, адам мен үй хайуанаттарын ауруға
шалдықтырады. Астық және ұн қорын ысырап етіп, бүлдіретін де
кенелер тобы бар. Кейбір кенелердің паразиттік тіршілік ету
әсерінен мадени өсімдіктердің түсімі кеміп, тіпті өсе алмай
қалады. Дегенмен қураған өсімдік қалдықтарын шіріту арқылы
топырақ құнарлығын арттыратын, топырақга тіршілік етегін де
кенелер болады. Кенелердің әр турлі экологиялық ортада
тіршілік етуі олардың мекен ету ортасының алуан түрлілігін
жэне биологиялық ерекшеліктерін дәлелдейді. Мысалы,
жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі,
өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене деген сан алуан
топтары бар.
Назарларыңызға
рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz