Кенелер туралы




Презентация қосу
Кене

Орындаған:
Слямова Еркежан
Толеубекова Малика
Кенелер туралы
• Кене (Acarіna) – өрмекші тәрізділер класының бір
отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,
паразиттіформды және аз зерттелген пішендік
кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод
кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі
кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің
9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең
тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік
етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер
қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік
бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы,
пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 – 30 мм.
Жұптасқан 1 – 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.
Дернәсіл және жыныс
• Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп)
аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс
алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен
ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын
белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу
не іштей ұрықтану арқылы өсіп-
өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің
қатысынсыз) арқылы да көбейеді.
Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі
туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму
сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл,
дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді
біреулері кейбір сатылардан өтпейді.
Денелері
• Кенелер (Acarina) - өрмекші тәрізділердің 3
отрядын біріктіреді. Денелері 0,05 тен 13 мм
жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 30
мм дейін ұлғаяды. Дене бөліктері біртұтас
болып біріккен. Дернәсілдеріның 3 жұп,
нимфалары мен имагосының 4 жұп аяқтары
бар. Денесімен қозғалмалы қосылған
педипальпалары күрделі ауыз мүшесін, (басқа
ұқсас) құрайды. Хелицерларының сырт пішіні
әртүрлі,
Дене бөлігі
• Кенелердің дене бөлігі —
өрмекшілерден өзгеше. Тек
қарапайым құрылысты кенелерде
ғана болмаса, кене денесіндегі үш
бөлік: бас, көкірек, қүрсақ тұтасып
бітіскен, сондықтан кене денесінен
бүл бөліктерді ажырату қиын.
Алғашқы көмек
• 1. Кене шағып алғанын байқай салысымен
жылы душ қабылдаңыз. Артынша теріге
жабысып тұрған кенелерден арылу үшін сабынды
пайдаланыңыз. Мұнымен қатар душ терінің
тітіркенуін басады.
• 2. Қышынуды басу үшін атигистаминді немесе
кортизолды крем жағыңыз. Орнына суық
компресс пайдалануыңызға болады.
• 3. Қасымаңыз. Кене шаққан жерді міндетті түрде
қаситыныңызды білсеңіз, алдын ала қамданыңыз.
Ол үшін қышыған жерге инфекция түсірмейтіндей
антисептикалық майлар жағып қойыңыз.
!!!!!
• Қышынуды басу үшін үйдегі құралдарды
пайдалану
• 1. Кене шаққан жерге тырнаққа жағатын лак
тазартатын құралды немесе желім
жағыңыз.
• 2. Бетке жағатын опаның бетіне бірнеше
аспирин таблеткасын ұнтақтап салып, оны
кене шаққан жерге жағыңыз.
• 3. Ас содасы мен суды араластырыңыз.
• 4. Кене шаққан жерге арасы 5 сантиметр
болатындай етіп шаш кептіргіш құралды
(фен) бағыттаңыз.
!Маңызды!

Есте сақтаңыз:
• 1. Кене еш уақытта терінің астына кірмейді. Оларды тазартқыш
құралмен немесе спиртпен тұншықтырамын деп ойламаңыз.
• 2. Кене шаққан кезде киіп жүрген киіміңізді ыстық сумен жуыңыз.
• 3. Көкке шығар болсаңыз, теріңізді жәндіктерден қорғайтын
арнайы кремдер жағып алыңыз.
• 4. Қышыған жерді қасудың орнына алақаныңызбен қаттырақ
ұрыңыз.
• 5. Кене бар болуы мүмкін жерлерге барарда жеңі мен балағы
ұзын киімдер киіңіз. Тіпті, шалбарыңыздың балағын
шұлығыңыздың ішіне салып қойсаңыз болады.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Кенелер, түрлері және жұқпалы аурулар
Парсы кенесі
Кене ( Acarіna )
Денесінде кенесі бар ауру малдар
Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері
Қышыма кене
Кене энцефалиті
Қотыр кенелері және оларға қарсы ветеринариялық санитариялық шаралар
Псороптоз кенелерінің дамуы
Бүлдірген кенесі Бүлдірген кенесі
Пәндер