Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері


Slide 1

Көне түркі тілі: сөйлем мүшелері

Сапашев Ораз Сапашұлы

Slide 2

Көне түркі тіліндегі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Slide 3

Бастауыш

Бастауыш - сөйлем мүшелерінің ішіндегі негізгісі, сөйлемнің түп қазық мүшесі болып табылады.

Бастауыштың басқа сөйлем мүшелерінен ерекшелігін проф. С. Аманжолов: «Бастауыш сөйлемнің ең негізгі қазығы, өйткені сөйлемнің нақтылы иесі, субъектісі. Ескі грамматикаларда сөйлемнің түп қазығы бастауыш, баяндауыш деген ол дұрыс емес, бастауыш пен баяндауыш тең емес, баяндауыш бастауыштың қимылын, қозғалысын көрсетіп, бастауыштың ықпалымен жүреді», - деп нақтылайды.

Бастауыштың негізгі тұлғалары ретінде біз нөлдік, тәуелдік және көптік жалғауларын атаймыз, яғни атау септігіндегі зат есімдер (субстантивтер) . Осы үш критерийдің нәтижесінде әр түрлі сөз таптары бастауыш қызметінде жұмсала береді.

Slide 4

Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы

Бастауыш болатын ең негізгі сөз табы зат есім. Зат есімнің бастауыш болуы басқа сөз таптарына қарағанда өте белсенді.

Атау септігіндегі зат есімдерден болған жекеше, көпше, және тәуелді тұлғадағы бастауыштың жиі ұшырасуы:

Оғлан кекүк тезкін булты.

Беглері иеме, бодуны иеме түз ерміс.

Ұл бала көкек құйрығын тапты.

Бектері де халқы да түзу екен.

Туынды зат есімдердің бастауыш қызметінде жұмсалуы:

Үч көрүг келті.

Буйруқы йеме білге ерміс ерінч.

Үш хабаршы келді.

Бұйрықшысы да ақылды болған екен.

Slide 5

Руника жазба ескерткіштерінде әр түрлі жолмен жасалған күрделі бастауыштар да мол. Мысалы:

Кісі аттары қосалқы айқындауыштармен тіркесе келе күрделі бастауыш жасайды:

Інім Күлтегін ер ат болты.

Ұлық Іркін азқына ерін тезіп барды

Інім Күлтегін ер атанды.

Ұлық Еркін азғана ерімен қашып барды.

Ілік септіктің жасырын түрінде тұрған сөз үшінші жақтың тәуелдік жалғаулы сөзімен тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды:

Түрік бодуны өлті.

Түрік сір йерінте бод қалматы.

Түрік халқы өлді.

Түрік сір халқы жерінде ел қалмады.

Slide 6

Есімдіктен болған бастауыштар

Көне түркі тілінде бастауыштар есімдіктің барлық түрінен жасала береді.

Есімдіктердің ішінде бастауыш қызметінде көп жұмсалатыны - зат есімдердің орнын басатын есімдіктер. Олар жіктеу, сілтеу және кім? не? деген сұрау есімдіктері.

Көне түркі тіліндегі жіктеу есімдіктерінің бастауыш қызметінде жұмсалу заңдылығы қазіргі түркі тілдеріндегідей:

Мен беңгү таш бедізтім.

Мен мәңгі тас жазғыздым.

Бірінші жақтағы жіктеу есімдігінің бен варианты:

Бен утру йорыдым.

Мен ары жорттым.

Мен есімдігінің жасырын келуі:

Біз азбыз тиін.

Біз азбыз дейін.

Slide 7

Баяндауыш (етістік баяндауыштар)

Баяндауыш сөйлемдегі негізгі ойға ие болып, бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді, нақты айтқанда бастауыштың іс-қимылын, жай-күйін, сын сапасын, мөлшер мен мекенін және амалын білдіреді.

Етістіктің баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Көне түркі тілінде де есім баяндауыштардан гөрі етістік баяндауыштар молынан ұшырасады.

Slide 8

Көне руника жазба ескерткіштеріндегі баяндауыш мүше әр түрлі тәсілдер арқылы жасалып отырған:

Етістіктің бұйрық райы арқылы, қалау райы және өткен шақ категориясы (дара етістік баяндауыш) арқылы көрінеді.

Немесе -ер етістігі мен есімше тіркесі арқылы (құранды етістік баяндауыш) көрінеді.

Жіктеу есімдігі мен есім сөз тіркесі арқылы және -ар, -бол етістігі арқылы (есім баяндауыш) көрінеді.

Бар, жоқ сөздері арқылы көрінеді.

Slide 9

Аналитикалық форманттар арқылы жасалған етістік баяндауыштар:

Slide 10

Бар-

айтушыдан қашықтау ұғымын тудырады.

Ұлық Іркін аз қына ерін тезіп барды.

Йоры-

Іс-қимыл үстіндегі созылмалы әрекетті білдіреді.

Тірү өлү йорыйыр ертіг.

Ыд- «жіберу»

Іс-әрекеттің аяқталғанын білдіреді.

Қағанладық қағанын йүтүрү ыдмыс.

Олур-

Іс-әрекеттің созылмалылығы мен тұрақтылығын білдіреді.

Оғыз бодунығ ігіду олурыр.

Бер-

Біреудің тарапына жасалған іс-әрекеттің мәнін білдіреді.

Алп ерін өлүрүп балбал қыла бердім.

Көр-

Іс қылуға әрекеттенуді білдіреді.

Буңадып қаған: йелү көр тіміс.

У-

Мүмкіндікті білдіреді (болымды және болымсыз мағынада) .

Удачы ерті түрк бодун.

Slide 11 Slide 12

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрап, негізгі хабарланар ойды білдірсе, тұрлаусыз мүшелер оларды толықтырып тұрады.

Нақты айтқанда, пысықтауыш пен толықтауыш баяндауыштың мағынасын түсіндірсе, анықтауыш бастауыштың мағынасын саралаушы есебінде ғана жұмсалып, сөйлем құрамында екінші дәрежелі қызмет атқарады.

Көне түркі руника жазбалары тілінде сөйлем мүшелерінің түгел барлығы кездеседі.

Slide 13

Толықтауыш (тура толықтауыш)

Көне түркі тіліндегі толықтауыш та синтаксистік қызметіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі сияқты тура және жанама болып бөлінеді.

Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады.

Руника жазбалары тілінде табыс септіктегі сөз амалмен, іспен тікелей байланысты болып, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады: -ны, -ні, -ын, -ығ, -іг.

Slide 14

Жанама толықтауыштар


Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдері
Бірыңғай мүше
Ортағасырлық түркі ойшылдары
Тілдің жалпы сипаттамасы
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ жазба тілін сипаттайтын тілдік деректер
Орта ғасыр лингвистикасы
Көне түркі жазба ескерткіштері
Орта ғасыр тіл білімі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,ДАМУ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz