Қ. Р-ның техногенезді даму проблемалары


Slide 1

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Кафедра: педагогика және психология

(экология және тұрақты даму)

Тақырыбы:

Қ. Р-ның техногенезді даму проблемалары

Тапсырма:

Техногенезді дамудан тұрақты даму типіне көшудегі негізгі қажеттілікті Балқаш көлінің ластаушы концерогенді заттары

Орындаған:ПФИЯ, 107 топ, Сағат Ж. Қ

Тексерген:Кенжебаева Ш. К

Алматы 2013

Slide 2

Жоспар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себептері

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары:

Фауна мен флораның зардаптары, ауызсу тапшылығы, қураған кұбырлар

Қорытынды

Ластанудың алдын алу шаралары

Пайдаланылған әдебиеттер

Глоссари

Slide 3

Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Балқаштың тағдыры -жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған əсер ететін фактор көп. Балқаштың тағдыры - Алатаудың басынан, Қытайдың далсынан басталады. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан құралады

Slide 4

Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың салғырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде.

Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мəжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен “екінші табиғат” (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мəселелер көбейе береді.

Slide 5

Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себептері:

Каратал, Лепсі, Ақсу өзеңдерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан.

Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Саркаңд және Баскан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа кұймайды.

1970 жылы Қапшағай су қоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырган Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле-Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-га азайды.

Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды.

Slide 6

Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.

1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы '''Іле-Балқаш''' алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т. б. ) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.

Slide 7

БАЛҚАШ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ:

Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Балқашқа құйылатын судың 80 пайыздайын Іле өзені берсе, қалған 20 пайызын басқа өзендер береді. Егер Қытай жағы Іле суының 15 пайызын ғана алса, Балқашқа Арал теңізінің кейпін кию қауіпі бар. Қытай қазір Шыңжаң-Ұйғыр ауданына орталықтан көптеп адамдар көшіріп, онда керемет ауыл шаруашылығын дамытып, өнеркәсіп орындарын салып жатыр. Оның бәріне су керек.

Slide 8

Фауна мен флораның зардаптары:

Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе. уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балыктардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алкаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байкалуда.

Іле-Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1, 5 млн-ға жуық бұлғын терісі I дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т. б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Slide 9

Ауызсу тапшылығы

Ауызсу қоры ретінде көл айдыны жарамсыз болғандықтан, балқаштықтар көлге жер асты арналары арқылы құятын Тоқырауын өзенінің суын тұтынады. 2008 жылы республикалық бюджеттің қаржыландыруымен құны 1328, 0 миллион теңге тұратын Тоқырауын -Балқаш су жүйесі салынып қолданысқа берілді. Тоқырауынның құмға сіңіп, көлге жер асты жылғалары арқылы құятын суын сору үшін Төменгі Тоқырауын алабына жеті бұрғы орнатылған. Мамандардың айтуынша, қала тұрғындарын сумен толық қамтамасыз ету үшін 7 бұрғы емес, 46 бұрғы керек екен. Ал Балқаш пен қала маңындағы Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Шашубай кенті тұрғындары ауызсу тапшылығын ілгеріден сезініп келеді. Атауының өзі тоқырап ағар момақан жайын меңзеген Тоқырауын Балқаштың 46 бұрғысы бірақ қосылса, тамыры құрғап, талықсып қалады.

Slide 10

Қураған кұбырлар

Тұрғындар тұтынатын ауызсудың мәселесәмен бірге мұнда тұрмыста пайдаланылған су шайындылары шығарылатын құбырлар жайы да қалыпты емес. Мысшылар шаһарының барша шайынды суы арнайы құрылғылармен тазартылмаған күйде Көкдомбақ ойпатына құйылады. Қаланы сумен қамтып отырған 165шақырымдық су жүйесі құбырлары мен 157 шақырымға созылып шарбақталған канализациялық құбырлар сонау 1934 жылы салынған. Қазір бұл құбырлардың 80% жарамсыз десек те болады. Сондықтан да Балқашта бір үйдің құбыры жарылса, тұтас тұрғын орамы сусыз қалатын оқиға өте жиі болады. Осынау орайсыз шаруаның бір ұшы Балқашта құбырларды тазартумен айналысатын мекеменің жоқтығына барып тіреледі.

Slide 11

Мамандардың есебі бойынша, Қазақстандағы 100 текше километр жер беті су қорының тек 55 пайыздан асатын бөлігі Қазақстан территориясында пайда болып, қалған суды Қазақстан көршілес республикалардан алады екен. Тағы бір көрсеткіш - ТМД елдерінің ішіндегі суға ең тапшы мемлекет те осы Қазақстан екен. Сонда да, су мәселесін реттеуде Қазақстанның көрші елдермен келісімі айтарлықтай келіспей отыруының салдарынан жылда Сырдария арнасынан асып, талай елді мекен су астында қалып, қыруар шығын көріп келе жатыр.

Slide 12

Жаркент экологиялық мәселелері:

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер катарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Аксүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинатары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.

Есепті мерзімде оның аумағына 74, 1 мың тонна зиянды қалдық тараған, бұл алдыңғы жылдың 1 жарты жылдығына қарағанда 2, 3%-ға артық.

Балқаш пен Теміртау қаласы ең ластанған қалаларға жатады. Барлық ластаушы заттардың 73%-і осылардың үлесінде немесе тиісінше 204, 2 жəне 178, 5 мың тоннаны құрайды.

Slide 13

Ластанудың алдын алу шаралары

1999 жылы «Балқаш келін кұтқару, оның бүгінгісі мен болашагы» атты халыкаралық деңгейде экологиялык форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешім қабылданды. Оның негізгілері: 1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.

2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.

3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.

4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.

5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сиякты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес, Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

Slide 14

Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау Ережесі

1. Жалпы ережелер


Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру жүйесінің теориялық негіздері
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ - ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ
Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы
ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ
Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ - ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда. Халықаралық қаржылық, валюталық ұйымдар. Халықаралық жұмысшы күші, миграциясы
Тұлғаның әлеуметтену процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz