Қазақ ойшылдарының діни философиялық ойлары




Презентация қосу
Қазақ ойшылдарының діни
философиялық ойлары

Орындаған: Әмірбаев Д.,
Ертлеуов Б.,
Исраилов Д. АТ-14.5.1 тобы
Тексерген: Муратказин М.М
Жоспар

Қожа Ахмет Иасауидің діни-философиялық
ойлары
Абайдың дінге көзқарасы
Қожа Ахмет Иасауидің
діни-философиялық
ойлары

Сонау Қорқыт Ата заманынан бастап кең байтақ қазақ даласында
талай ғұламалар өмір сүріп, әлем мен адамның түпкі сырын ашуға
талаптанған, тіршіліктің мәнін іздеп, құдіретті күштердің ықпалын
талдауға ұмтылған. Міне сондай әр түрлі бағыттарға, салаларға
бөлінген дүниетанымдық ізденістердің бір көрінісі – діни
философия. Орта ғасырдағы діни дәстүрдің көрнекті өкілі Қожа
Ахмет Иасауи ерекше тұлға ретінде халық ділінде сақталған. Сыр
бойының топырағынан жаралған әр түрлі ойшылдардың арасынан
Әбу Насыр әл Фараби философиясы бірқатар жүйеленіп келе жатқан
ғылым болса, ал Қожа Ахмет Иасауи еңбектері (хикметтері) енді-енді
зерттеушілердің назарына ілініп жан-жақты зерттелуде. Оның
өлеңдері кезінде халық арасына кең тарап, ауыз әдебиеті түрінде өмір
сүріп келген.
Сонымен қатар олар фольклордың бағыт-бағдарын
анықтаушы рөлді де атқарған. Әрбір классикалық шығармаға
тән қасиетке ие «Диуани хикмет» қазіргі заманның өзінде
құндылығы мен өзектілігін жоғалтқан емес, бұл еңбекте
қойылған мәселелер адамның рухани дамуындағы, этикалық
әлемін ұйымдастырудағы биік белестер болып қала бермек.
Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз-келіншек, нәзік жаннан
ұят кетті. “Ұят барда иман бар” деп Расул айтты, Арсыз қауым
бүлдіріп кетті, достар. Мұсылман мұсылманға болды қатал,
Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл. Мүрит пірге жылы
жүзбен болмай жақын, Ғажап сұмдық замана болды, достар.
Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанмен де Қожа Ахмет Иасауи
айтқан «ар», «ұят», «әдеп», «әділеттілік» сияқты руханилықтың
мәңгілік категориялары өз құнын ешқашан жоймақ емес. Бұл
ұғымдар қоғамның формациялық тұрғыда қандай сатыда
тұрғанына, қандай өркениеттің өкілі екеніне қарамайақ
адамдардың руха- ни дидарын байқатушы негізгі белгілер болып
қала бермек. Ар мен ұят құнсызданатын болса, онда заманның
әлеуметтік болмысы өркениеттік дамудан алшақтай,
халықтың өмірі тұрпайылана түседі. Міне, осындай
кезеңдерде рухани дамудың жақтаушысы ретінде әлеуметтік
Түркістанның ұлы шейхы туралы халық
зердесінде көптеген аңыздар қалған. Фольклорда
аңыздардың әр түрлі варианттары түрінде көрініс
беруі заңды құбылыс. Осы аңыздардың біразы соңғы
уақытта кейбір ғылыми-көпшілік шығармаларда
жинақталған. Сөйтіп, Қожа Ахмет Иасауи тек өз

заманы үшін ғана емес, ол бүкіл түркі әлемі үшін де
көптеген ғасырларға мұсылман дүниесінің түркі
заманындағы харизмалық тұлғасы болып қала берді.
Осы жерде біз діни мағынадағы «тәуба» ұғымына зер
салғанымыз жөн. Себебі, Иасауидің
шығармашылығында «тәубалық» ұғымы үлкен орын
алады. Тәуба – жолдың басы, осы шариғатқа деген
жеңіл-желпі қатынастан арылып, шынайы өзіндік
жаңғыруға бетбұрыс жасау болып табылады.
Адамның ішкі жан дүниесінде болып жататын
құбылыстардың негізі ақырында тәубашылыққа
сүйенуі тиіс делінген.

Тәуба қылып хақты тапқан ғашықтарға, Ұжмақ
ішінде төрт арықша шәрбәт бар. Тәуба қылмай
хақтан тайған ғапылдарға, Тар лахатта қатты азап,
қасіреті бар.
Даналықтың жоғары үлгісі – адам үшін қандай қиын
жағдай болмасын сабырлылықтан айырылмау,
қандай ауыртпалық заман келсе де артынан
берекелі кезең де келетініне үміт пен сенімді
жоғалтпау қажеттігін түсіну. Сабырсыздықтың
адамды парасаттылық істерден бұрмаланған
жолдарға жетелейтіні халық ділінде терең
орналасқан «Сабыр түбі сары алтын» деген
мақалдан байқалады. Бұл этикалық ұғымдардың
халық үшін, еліміздегі әлеумет үшін қазіргі

Сөйтіп, Қожа Ахмет Иасауи өз ілімінде
әлеуметтік дүниенің әділетсіздігімен күресті
адам өзінің жеке басының күнәларын
жеңуден бастауы керек екенін айта келіп, ол
әрқайсымызды рухани кемелдену жолында
болуға шақырады. Ол қайшылықтарды шешу
үшін әлеуметтік төңкерістер мен
қақтығыстарды тиімді құрал ретінде
қарастырмайды. Рухани тазару, басқа түскен
қиындықты қайыспай көтере білу, шариғат,
тарихат баспалдақтарынан өтіп, хақиқатқа
Арман-тілегі, алға қойған мақсаты орындалмаған адамға
көмекке келетін «Сабырлылық» деген құдіретті күш. Ол
тұлғаның парасатты жай күйі, даналығының белгісі, хақ
дидарымен үйлесімді болуы. Сабырлылық білдіру, адамдық
қадір-қасиетті жоғарғы биікке көтере білу Қожа Ахмет
үшін күнделікті өмірдің тұрпайы белсенділігінен жоғары
тұрады. Әрине, діни психология мен өмір салтын барлық
адамзат үлгі мен қалып ретінде қабылдамаған дәуірлер де
болды. Бірақ, қиындықты көтере алмай дүниенің қара
аспанын төндіріп жүрген жандар үшін «Cабыр» ең қажетті
күш емес пе? Тәубаға келу, қанағатты білу жалпы табиғат
заңдылығымен сәйкес келмей ме? Дүниеқоңыздық пен
парақорлық та, жемқорлық пен сыбайластық та адамның
рухани дүниесінің барынша бұрмаланған қасиеттері екені
анық.
Қожа Ахмет заманынан қазіргі кезеңге дейін мирас болып
келе жатқан осы құбылыс, өкінішке орай, «дәстүрлілік» түрінде
кез-келген қауымдастықтың арасында кездеседі. Бұларды
адамның бойындағы кейбір қанағатсыздықтың бір қыры деуге
болады. Ешқандай ғұлама тарихта бұл құбылыстарды дұрыс
процестер мен этикалық ұғымдар деп есептемеген. Өкінішке
Құндылықтар иерархиясында діни дүниетаным Алланы ең
жоғарыға, асқақ биікке қояды, Алла әлемі – Ақиқат әлемі. Ал
Ақиқатты түсінуге, игеруге, бағындыруға, дәлелдеуге
болмайды, оны тек таза жүрекпен қабылдау керек, адам сол
әлемге ақ ниетпен ұмтылуы қажет. Ақиқат патшалығы кез
келген адамды қабылдай алмайды. Ол алдымен шариғатты
білуі шарт. Содан соң жанын тазартып, рухани сатылардан
өткен адам, нәпсісін өлтірген жағдайда ғана ақиқатқа жетеді.
Сондықтан ғұламалар ілімдерінде имандылық пен руханилық
адам үшін нағыз бақытты тағдырдың, шынайы өмірдің
іргетасы деп түсініледі.
Алла мен адам арасындағы қарым-қатынастар, негізінен,
құндылықтарды айырудан тұрады. Егер адам өзіне жетілуді,
Ақиқатқа ұмтылуды - өмірдің негізгі құндылығы етіп
қоймаса, онда ол негізінен «нәпсінің құлы» болып қала
бермек, тұрмыстық деңгейдегі «құндылықтар қақпанынан»
шыға алмай қалады. Ал, бұл жүйенің қалыптасуында адамзат
тарихында діннің рөлі зор. Ол имандылыққа шақыра отырып,
Әрине, ғұлама ойшылдардың Ақиқатқа шақырған
тағылымға толы ой тұжырымдарының қарапайым
пікірлерден көп айырмашылығы бар. Оны қазақ
мәдениетінің тарихында ХІХ ғасырдың ағартушылары атап
өткен. Әсіресе, Абай мен Шәкәрімнің қазақ халқының
тарихы алдындағы атқарған рухани қызметі философиялық
мағынада орасан зор дүние. ХХ ғасырдың басындағы
қазақтың ойшылдарының бірі – Шәкәрім екенін соңғы
жылдары ғана мойындай бастадық. Шәкәрімнің әрбір сөзі
діни-философиялық тұжырымдарға толы, Қожа Ахмет
Иасауи мен Абайдың ілімдерімен үндесетін жері де көп.
Әсіресе, «Үш анық» атты еңбегінде жаратылыстың сырын,
жан мен рухтың тереңдегі мәнін ашуға тырысады. Сөйтіп,
рухани құндылықтардың өзіндік категориялық пішінін
айшықтайды. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл
көзімен көреді»… Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі
өмірге де керекті іс-ұждан. Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет,
мейірім” - дей келіп, Шәкәрім кейінгі еңбектерінде
nадамгершіліктің бұл көріністеріне «Шыдам», «Шын- шыл»,
«Харакет», «Ақ ниет» деген іргелі этикалық мағынадағы
Мейірім, Ынсап, Әділет, Шыдам, Шыншыл, Харакет. Түп
қазығы: Ақниет Бұл жетеуін ел қылу. Ешкімге зиян
тигізбей, Кәріптің көңілін күйгізбей, Сайтанға беттен
сүйгізбей Жүрегіңді нұрмен жу деген Шәкәрім
философтың ойлары қазір де көкейкесті. Бұл жердегі
байқалған бір заңдылық аталған жеті қасиеттің адамның
бойында беки түсуі, нағыз өмірлік ұстанымға айналуы
сол субъектінің өзіне байланысты, ешкім туа жаман да,
жақсы да болып тумайды. Жақсылыққа, Ақиқатқа
ұмтылуы арқылы адам өмірдің келбетін өзгертеді, жеке
тағдырының ғана емес, қоғамның да даму үрдісін
анықтайды. Сондықтан адамның жеке белсенділігі оның
құндылықтық бағдары ең негізгі мәселе. Дегенмен, әрбір
халықтың ұлттық ділін, дүниетанымын білу үшін,
азаматтарының мәдени келбетін тереңірек тану үшін діни
сананың әр түрлі көріністерін жан-жақты қарастыру
қажет. Сонымен қатар басқа елдердегі тарихи, мәдени
процесстердің кейбір көріністеріне салыстырмалы
талдаулар жасап, өзіміздің ұлттық терең түп
тамырларымызды айқындай түсеміз және рухани
Рухани дамудың қайнар көзі – жүрек тазалығын сақтау.
Ақыл жүрекке қызмет етуі керек. Ақыл өмір мәнін ешқашанда
толық қамти алмайды, ол тек өлі заттарды басынан аяғына
дейін түсіндіріп бере алады. Адам тіршілік иесі ғана емес,
сонымен қатар жан мен рухтың иесі, сондықтан мәңгілік ол
үшін құпия дүние болып қала бермек. Ал, өмір құпиясын,
сырын ашуға тек жүрек арқылы тырысу керек, ол поэзия тілі,
яғни сол жүректі өрнектейтін ғажайып.
Қазақтың далалық дүниетанымынан оның ділінің түкпірінде
имандылыққа деген құрметпен қараушылық, оны бағалау
жатқанын аңғарамыз. Бірақ ғұламалар шығармашылығына
зер сала қарасақ пендешілік жолы- на түсіп кетудің өте оңай
екенін де байқатады. Жалпы руханилықтың барлық өзегін
адамгершілік принциптері құрайтыны белгілі. Осыған орай
қазақтың дүниені өзіндік түсінуін, пайымдауын жүйелеп
қарастыру үлкен маңызы бар әрекет болып табылады.
Қазақтың тарихи болмысында орын алған рухани құрылымдар
турасында өзіндік терең түсіндірмелер алуға қадамдар
жасалынуда. Соның қатарына би-шешендердің
шығармашылығындағы философиялық үлгілерді сараптау

Тарихтағы көптеген тұлғалардың өздерінің
философиялық жүйелерін діни түсініктермен
астастыруын баяндау барысындағы негізінен
тарихилық пен логикалықтың өзара байланысы
принципі еліміздегіфилософиялық талдауларға
бағдар болды. Сонымен қатар қазіргі замандағы
Қазақстанның діни келбеті қандай екеніне да назар
аударылып, мұсылман елдерінде өрбіп келе жатқан
діни философияның ықпалы біршама
сұрыптаудан өткізілуде. Сондықтан бұл ерекше
құбылыстың өзіндік ішкі күрделілігі және қоғам мен
адам үшін маңыздылығы әрі қарай тарихымызда
философиялық сараптаудан өткізіле беретіні анық.
Абайдың дінге
көзқарасы

Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі
қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам
дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір
зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын
шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді.
Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның
дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан
қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған
болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп,
бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай
заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми
өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте
шаманизмдік түйсіктер мен түсініктер басым болды. Қос дінділік
қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен
дүниетанымынан айқын байқалады. Шаманизмдегі негізгі
категория-«Тәңірі», исламдағы - «Алла» қазаққа тән ұғымдар.
Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы
«жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы
«періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өміріңде
шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал
ислам дінінде өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын
Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен
өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін
мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері
антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның
қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма
сегізіншісөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы
ойшылы Сократпен пікір таластырады. Абайдың ұғымынша
құдай біріншіден жаратушы, табиғаттан тыс күш,
«...жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, ләкин
қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан - құдай, ауыртқан
құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай
қылған, кедей қылған құдай емес...».
"...Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың?!..."
Екіншіден, құдай - жазалаушы күш, адамгершілік
заңымен өмір сүрмегендерді құдай атады, ант ұрады. Абайдың
түсінігінде құдай жауыз, сұм, екіжүзді, арамтамақ адамдарды
жазалаушы. Отыз бесінші сөзінде ол құдайды құлқынның құлы
болған, халыққа зәбір көрсеткен, екіжүзді қажылар
мен молдалардың «адамның сайтаны - монтаны сопылар» мен
мейірімсіз мырзасымақтардың мақшарға барғанда зауалын
тарттырушы ретінде суреттейді. Абай құдайды залымдардың

Үшіншіден, құдай - махаббат пен әділдіктің
ерекше көрінісі, адамды адалдыққа бастайтын
қамқор да жебеуші күш. Мұнда Абай алланы
дәріптеуді емес, құдайдың жақсы қасиеттерін
адамның бойына сіңіруді мақсат етеді. Сондықтан
да «құдай» деген ұғымды адам бойындағы асыл
қасиеттер - адамгершілік, әділеттілік, шыңдық,
тәрбие, махаббат сияқты мораль мәселелерімен
байланыстырады, дінді адамгершілікке
бағындырмақ болады:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты - адамгершілік жолы. Ақын өзінің
көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау
етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл
ақынның түсінігінде адам - ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік
пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Тек осы
қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана нағыз адам. Адам жөніндегі
Абайдың түсінігі патриархалдық-феоц. және діни түсініктерді жоққа
шығарады. Патриархадцық-феод. түсініктегі нағыз адам - ру
басқарып, мал таба алатын, сауда жайын білетін амал тапқыш,
айлакер, езінде жоқ болса, әкесін де жат санайтын тасбауыр, «мал
тапқан ердің жазығы жоқ» дейтін жылпос, «қарны ашса, қаралы үйіне
шабатын» қайырымсыз, «оқымады демесе болаттағы, тілімнің
келмегені қайтушы еді» дейтін топас адам. Абай сөзімен айтқанда,
патриархалдық-феод. түсініктегі адам - бай дегенді, батыр дегенді,
қу дегенді, пысық дегенді мансұқ тұтады. Діни түсініктегі нағыз адам
- құдайға құлшылық етіп, күніне 5 рет намаз оқитын, ораза ұстайтын,
мешіттің, дін иелерінің қамын ойлап, зекет-ұшырын үзбей беріп
туратын, қажыға барып, Меккенің қара тасына табынатын,
мұсылманнан басқа халықтарды «кәпір» атап, жау санап, дін
жолында «шейіт» болуға әзір, исламның бес парызын бұлжытпай
орындайтын адам. Абай адам жөніндегі патриархалдық-феод. және
діни түсінікті ағартушылық-демокр. тұрғыдан теріске шығарады.
Оның адам туралы теориясы - адам табиғатын гуманистік тұрғыдан

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Мұсылман философиясы
Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім - тәрбие
Қазақтың ағартушылық философиясы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт
Қазақ ұлттық қыздар педогогоикалық университтт
Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау
Ортағасырлық философияда
Қара сөздері лексикасы Пушкин мұра
Қазақ данасы Ұлы Абайдың қарасөздері
Пәндер