Организмнің ішкі ортасы. Қан. Лимфа



Организмнің ішкі ортасы. Қан. Лимфа.

Ағзаның ішкі ортасына:
Қан
Лимфа
Ұлпа сұйықтығы

Ішкі ортаның маңызы:
Тасымалдау қызметі
(жасушаларға ас қорыту жолынан, қорға жиналатын мүшелерден қоректік заттар жеткізеді)

Қан
тұйық қантамырлары арқылы қозғалады
Ұлпа сұйықтығы
қанның сұйық бөлігінен түзіледі.
Лимфа
ұлпа сұйықтығынан түзіледі.

Қанның маңызы:
Қорғаныш қызметі
Ауру тудыратын микробтарды зиянсыз етеді
Тромбоциттер қан ұюына қатысады
Иммунитет антидене түзеді
Гуморальдық қызметі
Денедегі тұрақты температурасын сақтайды
Мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық (гуморальдық) реттелу жүреді
Тасымалдау қызметі:
Қоректік қызметі
Зәр шығару қызметі
Тыныс алу жүйесі

Өкпе мен қан арасындағы газалмасу

Ұлпа мен қан арасындағы газалмасу

Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады

Қанның құрамы:
Плазма
Қан жасушалары:
Лейкоциттер
Эритроциттер
- Қан пластинкалары (тромбоциттер)


тромбоциттер
плазма
лейкоциттер
эритроциттер
плазма
лейкоциттер
эритроциттер

Қан плазмасының құрамы:
Су - 90-92%
Минералды заттар - 0, 9% тұз
Көмірсу - 0, 12%
Майлар - 0, 7-0, 8%
Нәруыздар - 7-8%
альбуминдер (4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %)
фибриногендер (0, 4%) .
Органикалық заттар
Бейорганикалық заттар
Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын - қанның сарысуы (сыворотка) дейді

Эритроциттер

Оттегін және көмірқышқыл газын тасымалдайды.
Қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады.
Эритроциттер оттекті байланыстырып, берік емес қосылысқа - оксигемоглобинге айналады.
Гемоглобин молекуласы
гем
эритроциттер
гемоглобин

Hb +O2
HbO2 (оксигемоглобин)
Hb + СO2
HbСO2 (карбоксигемоглобин)

1 мм3 қанда - 4, 5 - 5 млн. эритроциттер болады. Адам организмде орташа 25 триллион эритроцит болады. Тіршілік ұзақтығы 120 күн, содан кейңн көкбауыр мен бауырда бұзылады.

Диаметрі 7-10 мкм, екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін эритроцит бетін 1, 5 есе үлкейтеді және газалмасу үшін тиімді. Ядросы жоқ, едәуір көп бөлігін гемоглобин алып тұр.


Эритроциттін жетілуі

Лейкоциттер

Лейкоциттер (грекше «leukos» - ақ, «kytos» - жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш жасушалары . Адамның 1 мм3 қанында 4-9 мың әр түрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б. ) лейкоциттер болады.
Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз. Түйіршікті лейкоциттердің цитоплазмасында ұсақ түйіршікті түзілістер болады. Түйіршікті лейкоциттерге - нейтрофилдер (45-75%), эозинофилдер (1-5%) және базофилдер (0-1%) жатады. Түйіршіксіз лейкоциттерге - лимфоциттер (18-30%), моноциттер (2-9%) жатады.

Лейкоцит түрлері
Гранулоцит
(түйіршікті) лейкоциттер
Агранулоцит
(түйіршікті емес)
лейкоциттер
нейтрофилдер
эозинофилдер
базофилдер
лимфоциттер
моноциттер

Лейкоциттер сүйек кемігінің майында, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 2-5 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады (бұзылады) .

а) нейтрофил - лейкоциттердің 70 % түзеді. Ағзаны бактериялар мен токсиндерден қорғайды.
б) эозинофил - 1, 5 % құрайды, организмнің аллергиялық реакциясына кедергі жасайды.
в) базофил - 0, 5 % құрайды, тамыр ішінде ұйыған қанның түзілуіне кедергі жасайды
Гранулоцит түрлері
нейтрофил

а) Лимфоциттер - 24% құрайды, ағзаға иммунитет береді.
Агранулоцит түрлері

Мечников Илья Ильич
(1845 - 1915)
б) Моноциттер (фагоциттер) -
4 % құрайды, жалған аяқтарымен микробты қоршап жояды.

Фагоцитоз құбылысы:
1-бактериялар; 2-тікен; 3- тері (сұрғылттау түспен көрсетілгені - ірің) ; 4-лейкоцит; 5- қантамыр; 6- жүйке;


Тромбоциттер
Тромбоциттер (грекше «thrombos» - қан ұйығы (сгусток) + «kytos» - жасуша) - қан пластинкасы. Тромбоциттер - сүйек майының ірі жасушаларының ыдырауынан түзіледі.

Тромбоциттердің диаметрі 2-5 мкм, түссіз, домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3-де 250-400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады

Тромбоциттер қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз элемент. Қан ұю, қан кетуді тоқтату процессіне қатысады. Плазманың ерігіш нәруызы - фибриноген ерімейтін фибринге айналады.
Қан пластиналары -
тромбоциттер
Ерігіш нәруыз фибриноген қан ұюына қатысады, ерімейтін нәруызға фибринге айналады :
Фибриноген + Са2+ Фибрин

Тромбтың түзілуі
Плазманың ерігіш нәруызы - фибриноген ерімейтін фибринге айналады.
Фибриноген + Са2+ Фибрин
Тромбоцит ферметтері
Фибрин талшықтары

Қ а н ұ ю ы

тромбоциттер
Қан ұюы

Лимфа
Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық.

Лимфа жүйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі . Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады.
1 - лимфа капиллярлары; 2 - лимфа тамырлары; 3 - төменгі қуысты вена қантамыры; 4 - қолқа қантамыры (стрелканың бағыты қан мен лимфаның қозғалу бағытын көрсетеді)

Лимфа жүйесіне - лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.
Лимфа жүйесінің қызметі:
а) ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі;
ә) лейкоциттерді түзеді;
б) ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап биологиялық сүзгі қызметін атқарады;
в) аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
1 - жоғары қуысты вена қантамыры; 2 - кеуде қуысындағы лимфа өзегі; 3 - лимфа түйіндері;
4 -лимфа капиллярлары (стрелканың бағыты лимфаның қозғалысын көрсетеді)

Лимфоциттер
Лейкоциттердiң 25-30% - i лимфоциттер. Лимфоциттер кемiкте, жiлiк майында, өтте, лимфа түйiндерiнде, миндалинада, соқыр iшекте, қалқанша безде түзiледi.
Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 3-4% нәруыз; 0, 1% глюкоза; 0, 9% минералды тұздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 1-3 л лимфа түзіледі.

Лимфоциттер екіге бөлінеді:
Т - лимфоциттер
(жасуша иммунитетін қамтамасыз етеді)
В - лимфоциттер
(гуморальды иммунитетке жауап береді)


Иммундық жүйе
Адамның иммундық жүйесіндегі орталық
және шеткі мүшелердің орналасуының сызба-нұсқасы:
1 - кемік майы; 2 - жұтқыншақ лимфа сақинасындағы бадамша бездер;
3 - айырша без (тимус) ;
4 - қолтықасты лимфа түйіндері;
5 - көкбауыр; 6 - лимфа түйіндақтары;
7 - аппендикс өскіні; 8 - лимфа түйіншектері
(бронхылардың, тоқ ішектің қабырғаларында орналасқан)
Notes: /*

Ұлпа сұйықтығы - ағзада жасушалардың арасын толтырып тұратын қан плазмасынан түзілетін түссіз, мөлдір сұйықтық. Жасушааралық кеңістікке қантамырларының қабырғалары арқылы өтеді. Ересек адамда мөлшері шамамен 14-20 л.

Агглютинация-
эритроциттердің бірігіп қалуын атайды. Агглютинациядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады, адам өлім қалуы мүмкін.
Дүние жүзі халқындағы
қан топтарының таралуы.

Қан топтары
Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Өз еркімен қан беретін адамды - донор (латынша «donore» - сыйлаушы), донордан қан қабылдайтын адамды - реципиент (латынша «recіpіens» - қабылдаушы) дейді.

Қан құю
Қан тобы І адамды кез келген топқа құюға болады, оны әмбебап донор дейді.
Қаны ІҮ топ адамға барлық топтапғы қанды құюға болады, оны әмбебап реципиент дейді.

Қан
топтары
Қан беруге болады
Құюға болады
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
І, ІІ, ІІІ, ІҮ
ІІ, ІҮ
ІІІ, ІҮ
ІҮ
І
І, ІІ
І, ІІІ
І, ІІ, ІІІ, ІҮ
Адам қанының үйлесімділігі

Резус - фактор
Резус-фактор (Rh - фактор) - ерекше нәруыздық зат. Алғаш рет 1940 жылы К. Ландштейнер макака-резус маймылының қанынан анықтаған.

§35. Иммунитет. ЖИТС - ғасыр індеті

Иммунитет -
организмнiң өзiнiң тұтастығын және биологиялық индивдуалдығын қорғау қасиетi.

Иммунитет жүру жолы
Иммунитеттің негізін салған ғалым -
И. И. Мечников.
Мечников И. И.
1845-1916
Иммунитет
Т а б и ғ и
Ж а с а н д ы
Туа пайда болған иммунитет
(пассивті)
Жүре пайда болған иммунитет
(активті)
Жасанды белсенді иммунитет
Жасанды енжар иммунитет
ЖИТС - жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы.
СПИД (синдром приобретенного иммунодефицита) . Оны тарататын вирусқа 1986 жылы АИВ (адамдағы иммундық тапшылық вирусы) деген ат берілді. Оның орысша аты - ВИЧ (вирус иммунодефицита человека) .
ЖИТС вирусына
1938-1939 жылдары американдық Роберт Галло мен француздық ғалымдар Люк Монтанье сипаттама берді.
ЖИТС қазіргі кезде дүниежүзінің 190-ға жуық мемлекеттерінде індетті ауруға айналып отыр. Қазір ЖИТС ауруының үш қоздырғышы (АИВ-1, АИВ-2, АИВ-3) белгілі.
ЗАТ ҰЛПА |
Дәнекер ұлпасы |
Лимфа жүйесінің құрылысы |
Қанның құрамы мен қасиеттері |
Аурудың белгісі |
Жүрек Қан тамырлары |
Лимфаның химиялық құрамы |
Лимфа бездері |
Ағзаның қорғану жолдары |
Психологиялық дайындық |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz