Ұлттық тәрбие: қағидалар, факторлар және отбасының рөлі


Slide 1

Ұлттық тәрбие-Ұлт Болашағы

Дайындаған: Мелдебек Г.

Тобы: 125-17а

Қабылдаған: Исамет Н.

Slide 2

Тәрбие - бұл қоғамның тарихи және мәдени

тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берумен байланысты қызметі.

Француз философы К. А. Гельвеций XVIII ғасырда-ақ «тәрбие жетілген сайын халық бақытты болады» - деп жазған

Тәрбиеге жалпы түсінік

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде - өсіп келе жатқан ұрпақты, оның қоғамның өндіріс күшінің маңызды элементі, өзінің өмірлік жолын жасаушы, тұлғалық және жеке дамуын қалыптастырудың, қоғам өміріне қатыстырудың, ендірудің күрделі және қарама-қайшы үдерісі.

Slide 3

Отбасындағы ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Тұрмыс - салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Бұл орайда ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс сабақтарда, тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді . Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет сабағында оқушыларға тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр оқытып қана қоймай, оны оқушының санасына сіңіріп, мағынасына терең бойлатуға тырысамын. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып «Тазша бала», «Қожанасыр», «Алдар көсе» сынды ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты амал-тәсілдерді қолданамыз. Сондай-ақ ежелгі ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды балалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт.

Slide 4

Ұлттық тәрбие үрдісінің халық тұрмысында кешенді жүру жүйесі

Ұлттық тәрбие үрдісі

Ақыл-ой тәрбиесі

Күрделі ұғымдарды қабылдау. Ойлау. Қабылдау. Қайталау. Есте сақтау

Экологиялық тәрбие

Табиғатты қорғау дәстүрлері. Экологиялық тақырыптарға арналған тыйым сөздер. Аңшылық және саятшылық салты

Еңбек тәрбиесі

Егін егу, диханшылық. Жіп иіру, Тоқыма тігу, Балық аулау, мал жаю. Үй салу(асар), мал етін мүшелеу

Эстетикалық тәрбие

Этномузыкалық аспаптарда ойнау, Халық әндері мен билерінінің тарихы. Зергерлік бұйымдар жасау. Айтыс дәстүрі. Ұлттық қолөнер тарихы. Тән мен жан сұлулығы

Адамгершілік тәрбиесі

Дене тәрбиесі

Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсету. Жақсы қасиеттерді және әдеттерді үйрену. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау және үйрену

Әскери-жауынгерлік тәрбие. Ұлттық спорттық ойындар. Төзімділік, қаһармандық яғни батырлық болмысы. Салауатты өмір салтын ұстану.

Slide 5

Ұлттық тәрбие дүниесін қалыптастырушы факторлар

Ұлттық тәрбие

Дүниетанымдық-мифологиялық, діни-рухани факторлар-Қоршаған ортадағы табиғат құбылыстары. Аспантану, Аллаһтану негіздері. Діни-рухани жазбалар, т. б.

Ұлттық болмыс, һәм қасиеттер ықпалы- Таным жүйесі, мақал-мәтелдер мен бата-тілектер. Ұлттық сана сезім мен Ұлттық болмыс. Жақсылық пен жамандық қайшылықтары

Тарихи-әлеуметтік, мәдени-этнографиялық- саяси өзггерістер, әлеуметтік қатынастар. МЭ мұралар, салт-дәстұр, шежіре көне жазулар мәдени мұралар, өнер-білім ғылымдары

Қазіргі заман ықпалы- ҒТП, соңғы технология жетістіктері, оқыту жүйесінің жаңа әдістері, интернет жүйесі

Slide 6

Ұлттық тәрбиенің негізгі қағидалары

Slide 7

Ұлттық тәрбиенің мақсаты - ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.


Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар мен отбасының рөлі
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмысын біріктіру: ұйымдастыру және ынтымақтастық әдістері
Қазақ бесігі және отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі
Ұлттық тәрбие: отбасы мен мектептің ұлттық сана мен адамгершілікті қалыптастырудағы рөлі
Отбасының адамгершілік негіздері: балабақша-педагогикалық ынтымақтастық және баланың отбасылық рөлі
Отбасының қызметі, құрылымы және тәрбиелік рөлі
Отбасының рөлі, әлеуметтік функциялары және құрылымдық өзгерістері
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде этнопедагогиканың рөлі: ұлттық тәрбие категориялары мен әдістері
Жүрек жылуы: баланың рухани-эмоционалдық тәрбиесіндегі отбасының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz