Бидайдың тозаңды қара күйесі (Ustilago tritici): жіктелуі, белгілері, даму циклі мен агрономиялық салдары


Slide 1

Бидайдың тозаңды қара күйесі Ustilago tritici

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«Өсімдік қорғау және карантин» каферрасы

Slide 2

Жоспар

I. Бидайдың тозаңды қара күйесі

Жіктелуі . . . 3

Ауру белгілері . . . 5

Аурудың даму циклы . . . 8

Аурудың даму температурасы . . . 11

Ауру салдары . . . 12

II. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

2

Slide 3

3

Slide 4

Бидайдың тозаңды қара күйесі

Ауру қоздырғышы - Ustilago tritici Jens. cаңырауқұлағы.

Ауру бидай өсірілетін барлық аймақтарға таралған, әсіресе республиканың негізгі астық өндіретін аймақтары - солтүстік, шығыс және батыс аймақтарында бидайға қатты залал келтіреді.

4

Slide 5

Ауру белгілері

Кесел белгілі дақылдың масақтану кезеңінде байқалады. Гүл бөліктерінің және масақшалар қауызының ыдырап, телиоспоралардан тұратын қара масса түзілуінің нәтижесінде залалданған өсімдіктердің масақтары күйген сияқты күйге енеді. Қылтанақты бидай сорттарының қылтанақтарының пішіні өзгеріп, бұратылып қалады. Тек масақ өзегі ғана сау қалады.

5

Slide 6

Ауру қоздырғышы - Ustilago tritici Jens. саңырауқұлағы телиоспоралары ұсақ, көбіне шар тәрізді, кейде сопақша немесе бұрышты да болуы мүмкін, зәйтүн қоңыр түсті (диаметрі 5-9 мкм), сыртқы қауызын ұсақ тікен басқан.

6

Slide 7

Тозаңды қара күйе ауруының қоздырғышының өсіп-өнуі 2 вегетация бойына жүреді:

Бірінші жылы гүл жатынының залалдануы (гүлдеу кезеңінде)

Екінші жылы - аурудың дамып - жетілуі (масақтану кезеңі)

7

Slide 8

Бидайдың тозаңды қара күйе ауруының даму циклы

Залалданған жапырақ қынабынан шығарда масақ телиоспоралар массасы жұқа мөлдір қабықшамен қапталған. Жарыққа шыққан бойда бұл қабықша тез арада ыдырап телиоспоралар жан-жаққа шашылады.

Телиоспоралар ауа арқылы бидай гүлінің аналығына түсіп фрагмобазидияларға өніп, екі-екіден қосылған диплоидты жіпшелер ұрыққа еніп, тұқым ішінде, тұқым қабығының перикарпийінде немесе эндоспермінде сақталады. Залалданған тұқымның сау тұқымнан сырттай айырмашылығы болмайды.

8

Slide 9

Осы күйде тозаңды қара күйе саңырауқұлағы тіршілікке қабілетін 3 жылдан астам уақыт сақтай алады.

Көктемде себілген тұқым өнгенде, оның бойындағы саңырауқұлақ жіпшумағы да өсе бастайды. Өсімдік бойымен диффузды түрде таралып, саңырауқұлақ жіпшесі кейде жас жапырақтарға дейің жетеді. Бидай масағының жетілуі кезінде саңырауқұлақ жіпшелері қарқынды дамып, жуандап пішінсіз масса түзеді. Кейін олардан телиоспоралар түзіледі.

9

Slide 10

Бидайдың тозаңды қара күйесінің даму циклы:

М-мейоз: 1-тозаңды каракүйемен закымданған бидайдың масағы; 2-телиоспора; 3-бидайдың гүлдеген масағы; 4-аналықтағы телиоспора; 4-телиоспораның өсуі және базидиоспораның түзілуі; 6-фрагмобазидийдің мүшелерінің бірігуі; 7-8-жіпшелердің ұрыққа енуіі; 9-зақымданған дәннің өсуі; 10-телиоспораның түзілуі.

10

Slide 11

Ustilago tritici

Споралардың өсуіне қажетті минималды температура

7-8°С

Споралардың өсуіне қажетті оптималды температура

23-25°С

Ауру дамуының оптималды температурасы

22-27°С

Дақылдың гүлдеу кезеңіндегі ауа ылғалдылығы жоғары (60-80%) және температураның жоғары деңгейде 20-25ºС болуы залалдану қарқындылығын арттырады. Ауа температурасы 7-8ºС-қа дейін төмендесе саңырауқұлақтың дамуы тежейді, сондықтан қар түсер алдында егілген күздік пен жаздық бидай ауруға аз шалдығады.

11

Slide 12

Ауру салдары

Тозаңды қара күйе аса зиянды ауру. Бұл дертке шалдыққан өсімдіктің өсу қарқыны баяулап, түптенуі нашарлайды. Ал масағы түгел жойылады. Сонымен қатар, аурудың жанама шығыны да болады: кей өсімдіктер ауруы жойылмайды, алайда олардан түскен өнімнің сапасы төмендеп, мөлшері азаяды, басқа ауруларға төзімсіз келеді.

12

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер

«Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары» - Ғабдулов М. Алматы -2015ж. (102-103 бет)

«Фитопатология» - Карбозова Р., Туленгутова К. Алматы -2014ж. (112 бет)

www. google. kz (презентация суреттері)

13

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!

14


Ұқсас жұмыстар
Дәнді бұршақ дақылдарының аурулары мен қоздырғыштары: белгілері және агрономиялық маңызы
Алмалыбақтағы арпа сорттарының тозаңды қара күйеге төзімділігін иммунологиялық бағалау
Дәнді дақылдардың қара күйе аурулары және олармен күресу әдістері
Қара топырақтың сипаттамасы, құрылымы және агрономиялық маңызы
Шошқалардың метастронгилезі: даму циклі, клиникалық белгілері, ветеринариялық алдын алу және ем
Ауыл шаруашылық жануарларындағы эхинококкоз: этиологиясы, даму циклі, клиникалық белгілері және диагностикасы
Қазақстандағы ценуроз (Coenurus cerebralis): тудырушысы, даму циклі, клиникалық белгілері және диагностикасы қой шаруашылығында
Қой ценурозы: қоздырғышы, даму циклі, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Күздік бидайдың қортық қаракүйе ауруының биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Жүгерінің толарсақ қаракүйесі (Ustilago zeae): сипаттамасы, таралуы, есептеу әдістемесі және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz