ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Презентация қосу
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Орындаған: Иманқожа Н.
Қанатқызы А.
Тобы: ТКШИ 16-14
Қабылдаған: Ізбергенова М.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Былғары шикізатының тағайындалуы
2. Жасанды былғары
3. Таза былғары
ІІІ. Қортынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Былғары— мал терілерін химиялық және
механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын
материал. Одан аяқ-киім, сырт киім, айыл-тұрман,
галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал
терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан
тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі,
шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін
(ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады.
Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан
коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен
арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент
жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі.
Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң
шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және
басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы
машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа
пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылдық бояу, т.б.
тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген
былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай
былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және
галантереялық былғары, техникалық былғары
Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады.
Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан,
өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал
терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 — 26 кг-нан
кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын,
шошқа, жылқы терілерінен жасалады.
Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б.
бұйымдар (қалыңд. 2,5 — 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар
(қалыңд. 2,2 — 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және
галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5
— 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі
балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады.
Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі
қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір
бөлшектерін жасауға пайдаланады.
Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол
әрі қалың , әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың
кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫЛАР
Жасанды былғары – кәдімгі тері орнына қолданылатын
полимэр материалдар. Олар құрамына қарай резиналы,
талшықты, жұқа қабатты және беті қапталған мата,
т.б., қолданылуына қарай аяқ киімдік, галантереялыұ,
техникалық болып бөлінеді. Жасанды былғары жасауда
негізгі шикізат – каучук, полихлорвинил, нитроцеллюлоза,
казеин, полиамидтер т.б. жұқа қабат түзгіш заттар.
Жұмсақ былғарыны өңдеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады: ағызып әкелу, каландрлі, калалирдік, ламинирлеу,
сіңдіру.
Ағызу әдісін қолданып, жасанды былғарыны алуда жүмысты тікелей немесе жылжыту тәсілімен орындайды. Тікелей
тәсілде полимер қоспасын негізге үздіксіз жағады. Мысалы, негізге алдымен полимердің кеуекті қабатын жағып, содан соң
кеуексіз қабатын жағады. Бұл тәсілді негізгі аз созылатын жасанды былғары өндіру үшін қолданылады. Керісінше тәсіл
кезінде беткі жабынды негізге емес, табан етегі таспасына жағады және керісінше тәртіппен алдымен кеуексіз қабатқа,
содан соң кеуекті қабатқа жағады. Соңынан бүл қабаттарды негізбен қатырмалайды. Бүл тәсілді негізгі тығыз емес,
қатты созылатын жасанды былғарыларды алу үшін қолданылады.
Жасанды былғарыны каландр әдісін қолдану арқылы алу кезінде арнайы жабдық қарастырылады, онда алдын ала
ингредиенттер салынып, араластырылып, қажетті полимерлі қоспа дайындалады. Арнайы каландрлер дайындалған
полимерлі массаны үлпек түрінде қалыптайдыжәне Т, ТР, НТ негізімен қосады. (Т-мата, ТР -тоқыма, НТ-мата емес төсеме).
ЖІБІТУ
ҮРДІСІ
Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітуді
мақсаты – шикізатты сулану дәрежесін және микроқұрылымы жағынан мал денесінен
жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу. Жібіту
дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан ағуызды заттарды аз шығындай отырып, толық
және бір қалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан
мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп,
шикізаттарды бактериалдан қорғауды қамтамасыз ету керек ( әсіресе мех терілері үшін).
ШЕЛДЕУ
Тері әбден суланғаннан соң, оны майлы және бұлшы ет қабаттарын біріктіретін тін
талшықтар мен шел қабаттарын шелдейді. Бұл үрдіс «шелдеу» деп аталады. Шелдеу екі рет
жүреді: бірінші жібітуден соң, екінші илеуден кейін. Бірінші шелдеу пикельдеуге теріні
дайындайды, жақсы иленген тері қышқыл мен ас тұзы ертіндісін жақсы сіңіреді. Шелдеуге
қарапайым пышақ және арнайы доға тәріздес пышақ,қозғалмайтын пышақ қолданылады. Теріні
ұзындығы, сосын ені бойынша бүктейді де, пышаққа әкеліп, алдыға артқа қозғалта отырып шелін
алады. Үшінші әдісте пышақ керісінше жоғары қаратылған. Теріні майсыздандыруға қолданатын
құралдармен де шелдеуге болады. Лезвия және басқа да барлық құралдардың өткір болғаны
дұрыс. Қозғалатын құралды қолданғанда теріні стол және тақтайға шегемен бекітіп қояды.
Шелдеудің екі әдісі бар: «кесу» және «қырқу». Бірінші әдіс өткір құрал көмегімен
орындалады. Бұл әдіс кезінде теріні шел жақ май қабатын лезвиямен кесіп алмау керек, ол үшін
ұқыпты ж не мұқият жасаған дұрыс. Қырқу әдісінде шел жақ май қабатын қырқып, сосын
жартылай өткір құралмен өзеңнен бөлектейді.
ҚОРТЫНДЫ
Былғары өндірісінің мақсаты халық тұтынатын бұйымдар даярлауға қажетті
өнімдер жасау болып табылады. Жасанды былғары – белгілі тұтынымдық қасиеттері
бар жартылай фабрикат алғанға дейінгі жүретін химиялық, физикалы – химиялық және
механикалық процестердің мәні мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері туралы өнім.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz