МОНОКЛОНАЛЬДЫ АНТИДЕНЕЛЕР
Презентация қосу
МОНОКЛОНАЛЬДЫ
АНТИДЕНЕЛЕР
Моноклональді антидене деп - бір жасуша клонымен
бөлініп шығарылатын антиденелері айтылады.
Моноклонды антиденелер кез-келеген затта өндіріле алады.
Негізінен ақуыздар мен полисахаридтерде. Себебі оларда
антиденелер спецификалық байланысқан. Моноклонды
антиденелер сол заттың делециясына және тазаруына
қатысады.
Қолданылу салалары:
• Биохимия
• Молекулалық биология
• Биотехнология
• Медицина
Френк Бернетт ұсынған теория бойынша, жасуша культураларында
алынған əртүрлі ß-лимфоциттер клондары арқылы моноклональды
антиденелер алып, солардың көмегімен ауруларды диагностикалап,
тиісті ем қолдану мүмкіншілігі ашылады. Алайда бұған қарсы жаңа
қиыншылық туындады.
Ол антидене құрушы жасушалардың жасанды қоректік ортадаға өмір
сүру мерзімі
өте аз, яғни небары 10 күн аралықтарына дейін екендігі болатын.
Сондықтан бұлардың өсіп-
көбеюін ұзарту мақсатындағы зерттеу жұмыстары өз жалғасын
тапқан еді. Кейіннен бұл əдіс те ойлап табылды, яғни ол
гибридома деген заттың шығуына байланысты мүмкін болды.
Осындай зат алу мақсатында швейцарлық ғалымдар алғаш рет 1975 жылы
тышқанның лимфоциті мен жасанды ортада өсірілген сүйек миының қатерлі ісік
жасушаларының гибридтерін алуға қол жеткізді. Осы гибридтер гибридомалар деп
аталды. Гибридомалар өздері шыққан екі жасушаның да қасиеттерін алғаны
анықталған. Атап айтқанда, бастапқы лимфоциттер сияқты олар антиденелер
шығара алса, сонымен бірге, ісік жасушаларына тəн қасиет – жасанды қоректік
ортада шексіз көбею қабілетіне ие болуы себепті, осы гибридомның көптеген
популяциясын түзуге мүмкіндік туғызылған.
МОНОКЛОНАЛДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІ СИНТЕЗДЕЙТІН
ГИБРИДОМАЛАРДЫ АЛУ ӘДІСІНЕ КЕЛЕСІ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖОЛ БЕРГЕН:
1) Миеломалар алу, оларды ағзадан бөлек өсіру;
2) Жасұшалардың соматикалық гибридизация əдісі.
Вирустарға қарсы тұратын иммуноглобулиндер поликлоналды
гетерогенді антиденелер болады. Неге десек – олар əр түрлі
клондардың В-лимфоциттерінің қоспасы.
Антигеннің молекуласының белсенді топтарының (бір неше
аминқышқылдар) кешеңіне қарсы иммунды жасұшаларда
(гибридомаларда) бір белгілі иммуноглобулин (моноспецификалы
антидене) синтезделеді. Иммундық жасұшалардың ісік
жасұшалармен гибридизациясы жасанды ісік – гибридома
жаратады. Оны алу техникасы гибридомды технологияға жатады.
Гибридомаларды жасұшалардың бір клонымен (моноклоналды
антиденелер (МКА)) секреттелетін гомогенді антиденелер шығарады.
МОНОКЛОНАЛДЫҚ АНТИДЕНЕЛЕРДІ АЛУ
КЕЗЕҢДЕРІ:
1 жануарларды иммундеу;
2 иммунделген тышқандардың лимфоциттері мен миелома
жасушаларын будандастыру;
3 МКА-ді синтездейтін гибридомаларды анықтау (скрининг);
4 МКА-ді тұрақты синтездейтін гибридомаларды клондау;
5 МКА-ге сипаттама беру;
6 гибридомалардыin vivo жəн in vitro жағдайларында өсіру арқылы
МКА-ді көп мөлшерде жинау;
7 моноклоналды антиденелерді тазарту;
8 гибридті жасушаларды сақтау (криоконсервация).
ЭКСПЕРИМЕНТКЕ ЖАНУАРДЫ ТАҢДАУ
Иммунизацияға тышкандармен жəне егеу құйрықтылармен
қолданады. Осы жануарлардың ағзаларында миеломды
жасұшалар жақсы өседі. Басқа жануарлармен қолданбайды.
ҚАЗІРГІ КҮНІ АДАМНЫҢ ГИБРИДОМАЛАРЫН
ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МОНОКЛОНАЛЬДЫ
АНТИДЕНЕЛЕР АЛЫНАДЫ. БІРАҚ ОНДАЙ
ГИБРИДОМДАРДЫ АЛУ ҚИЫНҒА СОҒАДЫ, ОНЫҢ
СЕБЕБІ:
-адамның гибридомдары баяу өседі;
-тұрақсыздығы басым;
Адамдардың имундық клеткаларына негізделіп алынған
гибридомалардың артықшылығы-тышқан мен егеу құйрықтың
моноклоналды антиденелері анықтай алмаған, антигеннің сəлғана
өзгерістерін анықтай алады. В – линфоцитінен тұратын химері
гибридомдары алып байқалды, бірақ олар қазіргі күні сирек
қолданылады.
ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
Гибридомаларды алу жұмыстарын бөлек бөлмеде өткізеді. Келесі
құрал-жабдықтар болу керек:
1.Ламинарлы бокс.
2.Бір белгілі мөлшерде ылғалды, температураны, көмірқышқыл
газды ұстап тұратын инкубатор.
3.Центрифуга.
4.Микроскоптар.
5.+4 жəне -200 градус ұстайтын холодильник.
6.+37 жəне +560 градуста жұмыс істейтін су моншасы.
Осыдан басқа бөлек бөлмеде жасұшалар сақтау үшін -700
градусты тоңазытқыш жəне суйық азоты бар Дьюар ыдысы болу
керек. Гибридомаларды алу үшін жасұшалардың дақылдарына
арналған əдейленген пластикалы ыдыстарды дайындап қою
керек.
Олар: түбі тегіз 96-ұялы планшеталар, 24-ұялы планшеталар,
көлемі 25, 75 см2 пластикалы ыдыстар, культивирлеуге арналған
орталар, керекті реактивтер.
ПАЙДАСЫ:
Атап айтқанда, ветеринарияда моноклональды антиденелер
малдардың инфекциялық ауруларын диагностикалауда жəне қатерлі ісік ауруларын
емдеуде де нəтижелі қолданылады. Сондықтан, қазіргі кезде гибридомдық
индустрия – биотехнологияның жақсы дамыған бір саласына айнала бастады.
Моноклональды антиденелерді адамдар мен жануарлардың қатерлі ісік
ауруларын диагностикалап, емдеуде пайдаланудың маңызы өте зор. АҚШ-да
моноклональды антиденелердің көмегімен өкпе, ішек жəне көк бауыр ісіктерін тез
əрі дəл диагностикалау əдістері алғаш рет қолданыла бастаған болатын.Бұл үшіниммуноглобулиндерді р
адиоактивті иодпен (I) қосып біріктіріп, тірі ағзаға зиян
келтірмейтіндей, азғана мөлшерде егеді. Сөйтіп, адам ағзасы мүшелерінің əр
жерлерінде радиоактивті заттардың тұрақтап қалуына байланысты, сол жерлерде
ісіктер мен метастаздар бар екендігіне көз жеткізіледі.
Қатерлі ісік ауруларын жаңа тəсілмен емдеу əдісі – моноклональды
антиденелерге ісік жасушаларына өте зиянды улы агенттерді қосып, ісік шалған
жерге бағытты түрде əсер ету арқылы жүзеге асырылады. Осындай жолмен алынған
иммунотоксин басқа сау жасушаларға зиянын тигізбей, тек қана ісік жасушаларын
өлтіре бастайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz