Әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелері мен зерттеу әдістері


Slide 1

ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Slide 2

Әлеуметтік лингвистика пәні (социолингвистика) - тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Slide 3

Әлеуметтік лингвистиканың негізгі объектісі - тілдің функционалды жағы, қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеум. мәні, тілдің әлеум. қызметі, тілдік болмыстың формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориалдық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеум. саралануы (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация және креолизация процестері т. б.

Slide 4

Тілдің әлеум. табиғатына алғаш рет назар аударған XIX ғ. ғалымдары:

П. Лафарг

А. Соммерфельд

Slide 5

Әлеуметтік лингвистиканың негізін қалаушылар:

Е. Д. Поливанов

Р. Якобсон

Slide 6

Әлеуметтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Әлеуметтік лингвистика әлеументтану, әлеуметтік психология, этнография, тарих, тіл білімі және т. б. қоғаммен байланысты ғылымдардың мәліметтерін кең пайдаланады.

Slide 7

Әлеуметтік лингвистиканың негізгі әдіс-тәсілдері

Әлеуметтік тіл білімінің негізгі әдіс-тәсілдері: анкета толтырып байқау, интервью алу, анкета және интервью мәліметтерін талдау, әлеум. сұрау, статистикалық әдіс және т. б. Сонымен бірге тіл білімінде кең тараған лингвистикалық әдістерді қолданады.

Slide 8

Әлеуметтік лингвистика тілді дұрыстап сөйлеп, дұрыс қолданушылармен емес, өз сөйлеулерінде қоғамда, тілдік ортада қалыптасқан тілдік норманы бұзатын, қателесетін, бірнеше тілдік стильдерді немесе бірнеше тілдің элементтерін араластыратын нақтылы адамдарды нысана етеді.

Slide 9

Дүниеде бір тіл емес, екі тіл немесе одан да көп тілдер қолданылатын қоғамдар (мемлекет, ел, аймақ т. б. ) бар. Мұндай жағдайда әлеуметтік лингвистика бірнеше тілдердің өзара қарым-қатынаста қызмет ету тетігін зерттейді.

Олар әлеуметтік өмірдің қандай салаларында қолданылады? Қандай тіл «басымдылық» танытады, яғни қай тіл негізгі қатынастағы мемлекеттік немесе ресми тіл болып табылады? Оның мәнісі неде? Отбасылық не тұрмыстық тілдерге «қанағаттанушылық» қажеттігі қандай?

Осындай мәселелермен әлеуметтік лингвистика айналысады.

Slide 10

О. С. Ахманова

Көрнекті филолог О. С. Ахманова «Лингвистикалық терминдер» атты сөздігінде «әлеуметтік лингвистика» немесе «социолингвистика» терминін екі мағынада түсіндіреді:

1. Тіл мен қоғамдық өмір фактілері арасындағы себепті байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы

2. Тілдің әлеуметтік саралануын, яғни оның түрлі әлеуметтік диалектілерін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Slide 11

Тілдің әлеуметтік саралануы:

Б. Н. Головин


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы, өзекті мәселелері мен зерттеу бағыттары
Әлеуметтік лингвистика: қалыптасу тарихы, ұғымдық аппараты мен зерттеу мәселелері
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының өзекті мәселелері және әдіснамалық негіздері
Тіл мен таным бірлігі: когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі мәселелері
Қазіргі фармациялық көмек жүйесінің өзекті мәселелері
Ғылым және мифтер: қазіргі география ғылымының өзекті мәселелері
Әлеуметтік педагогика: тарихы, мәні, пәні және зерттеу-әдістері
Заманауи тамақтанудың өзекті мәселелері: фаст-фуд, семіздік және денсаулыққа әсері
Салауатты өмір салтының қазіргі кездегі өзекті мәселелері және алдын алу шаралары
Әлеуметтанулық зерттеу дизайны мен әдістемелік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz